Дербес оқыту технологиясы (9 класс)

«Дербес оқыту технологиясы» Эссе.Табылдина Б.Ж «Технология» дегеніміз не?Технология – tehne (шеберлік, өнер, білім) деген мағынаны білдіретін грек сөзі. Академик В.М. Монаховтың айтуы бойынша: технология- оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы,оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі. Ал педагог- ғалым Беспалько өзінің «Слагаемые педагогической технологии» деген еңбегінде былай дейді: «Оқу тәрбие процесінің алдын...
Раздел Классному руководителю
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Дербес оқыту технологиясы» Эссе.

Табылдина Б.Ж

«Технология» дегеніміз не?Технология - tehne (шеберлік, өнер, білім) деген мағынаны білдіретін грек сөзі. Академик В.М. Монаховтың айтуы бойынша: технология- оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы,оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі.

Ал педагог- ғалым Беспалько өзінің «Слагаемые педагогической технологии» деген еңбегінде былай дейді: «Оқу тәрбие процесінің алдын ала жүйелі түрде жоспарлануы және оның тәжірибеде жүзеге асуы - белгілі бір педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асу жобасы».

Оқытуды дербестендіру дегеніміз оқушының дербес (жеке) ерекшеліктерін оқыту үрдісінің барлық формалары мен әдістерінде ескеру.

Дербес тәсіл-бұл оқыту ұстанымы,ал оқытуды дербестендіру осы ұстанымды өзіндік формасы мен әдістері арқылы іске асыру.Оқыту бірдей бағдарламамен жүреді,бірақ әр оқушыға дербестендіру формасы мен әдістері қолданылады.Сондықтан оқытуды дербестендіру деп әр оқушының дербес (жеке) ерекшеліктеріне сай оқу процесін ұйымдастыруды айтады.Бұл тәсіл оқушының потенциалды мүмкіндіктерін толық іске асыруға ықпал етеді.Нақты мектеп жүйесінде дербестендіру салыстырмалы түрде өтеді.Өйткені сыныптағы оқушылардың санының көп болуы, олардың оқуға қабілеттілігінің бірегейлілігі бұл технологияны толық өткізуге мүмкіндік бермейді.Дербес оқытуға тірек конспектісі арқылы оқыту технологиясы да жатады.Технологияның авторы-В.Ф.Шаталов.Оның технологиясының негізгі өзегі-тірек белгілері және оларды жинақтап тірек конспектісін құру.Тірек белгісі-ассоциативті символ(белгі,сөз,сызбанұсқа,сурет және т.б.)бір мағынаны білдіреді.Тірек сызбанұсқалары оқушылардың білім деңгейін жаттанды түрде емес, тыңғылықты оқып үйренуін,түсінуін жеңілдетеді,сонымен қатар олардан алған білімін оңай еске түсіруіне мүмкіндік туғызады,ой-өрісін кеңейтеді.

Бұл технологияны іске асыру тиімді болу үшін тірек белгілерін пайдаланудың кезеңдерін,тәсілдерін және прициптік түрде әдістемелік шешімдерін білу қажет.Олар мыналар:

1. Теорияны сыныпта оқыту:

- тақта алдында көрнекіліктерді,техникалық оқу құралдарын пайдаланып түсіндіру;

- түсті бояулармен безендірілген тірек конспектісі арқылы қайталау;

- оқушылардың өз конспектілері бойынша дербес жұмыс жүргізуі;

- конспектіні блок түрінле жаппай баяндау.

2. Үйде орындалатын өзіндік жұмыс:

- конспектіні пайдаланып мұғалімнің түсіндірген оқу материалын еске алу;

- оқулық арқылы материалдарды қайталау;

- кітапта оқығанды конспектімен салысытру;

- конспект арқылы оқулықтағы материалды айту;

- тірек конспектіні жатқа айту;

- конспектіні жазбаша жазып,конспект түпнұсқасымен салыстыру;

- қажет болған жағдайда ата-ананың көмегін пайдалану.

3. Алғашқы қайталау-конспектіні жаппай бақылау арқылы меңгеру:

- барлық оқушылар есте сақтағанын қайталайды;

- мұғалім орындалған жұмыстарды тексереді;

- сол мезгілде магнитофонға жазу арқылы сұрау жүргізіледі;

- ауызша сұрау.

4. Тірек конспектісін ауызша айту:

5. Екінші мәрте қайталау,қорыту және жүйелеу:

- оқушылардың өзара бақылауы;

- бақылаудың барлық түрлерін қолдану;

- оқушылардың бір-біріне көмегі;

- ойын элементтерін пайдалану.

Осы технологияны қолдану барысында бақылауға көп назар аударылады,оқушының алған әр бағасы білім парағына ендіріледі және ол мәліметтер барлық оқушыларға белгілі болады.

Сонымен бұл технологияны оқыту өте тиімді,әрі ұтымды.Оқу материалын оқушының жүйелі есте сақтай білу дағдыларын қалыптастыруға ерекше ықпал етеді,яғни танымдық маңызы зор. Бұл технологияның тәрбиелік мәні де ерекше:

- әр оқушыны күнделікті еңбекке баулиды;

- танымдық іс-әрекет қалыптасады;

- оқушыларда өз қабілеттілігіне сенімділік пайда болады;

- жауапкершілік,шыншылдық,жолдастық сияқты қасиеттер қалыптасады.

Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бір сарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс - тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Қазақстан жаңа ғасырға дүние жүзі елдері қатарында терезесі тең ел ретінде келіп отыр. Жаңа ғасырды бастаған ұрпақ келер ұрпаққа қарыздар болып қалмас үшін қолдан келген игіліктерді жасайтыны анық. Қашанда білімі мол, рухани байлығы бар халықтың ұл-қыздары ешқашан да жүдемесі хақ. Біздің басты байлығымыз - білім.

© 2010-2022