«Желтоқсан – тәуелсіздік бастауы» атты ашық тәрбие сағаты

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Желтоқсан - тәуелсіздік бастауы»
Мақсаты: білімділігі: оқушыларға 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының болу себептерін және тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіну.
тәрбиелігі: Отан-Ананы құрметтеу, тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға, елінің тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрдайым есте ұстауға, үлгі ете білуге үйрету.
дамытушылығы: оқушының ойын жеткізе білуі мен тіл байлығын дамыту, өлеңді мәнерлеп оқу, әр сөздің айтылуына көңіл бөлу, дикциясы мен интонациясын дамыту.
Көрнекілігі: тақырып желісі бойынша слайдтар, шарлар, нақыл сөздер,

1-жүргізуші: Ассалаумағалейкум, халқым менің!

Ардақта дәстүріңді салтыңды елім.

Мереке басы болсын берекенің,

Игі еңбек жемісінің бәрін жегін

2-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата-аналар және Тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпағы.
Бүгін сіздерді «Желтоқсан - тәуелсіздік бастауы» атты тәрбие сагатымызды көруге шақырамыз.

ҚР әнұраны орындалсын!

1-жүргізуші: Тарихымызда ерекше орны бар, халқымыздың қасіреті мен ар-намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған оқиға - бұл 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы

Әр дәуірдің еркіне сай

Нарқы өзгерген алтынның.

Айналайын, алтын әнім,

Жас өркені халқымның.

Желтоқсанда шындық жырын

Шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді,

Ел болсақ деп талпындың.

2-жүргізуші: Иә. Бүгін Отанымыз Қазақстанның тәуелсіздік алганына 22 жыл, ал желтоқсан оқигасына 27 жыл болды. 1986 жылы 17-желтоқсанда Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылын білдіріп, шеруге шықты. Олар «қазақ елінің өз көсемі сайлансын» деген тілек білдірді.

1-жүргізуші: Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен күш көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «бұзақылар», «ұлтшылдар», «нашақорлар» деген кінә тағылды.

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей ар намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!

Слайд: Желтоқсаннын желі

1 - жүргізуші: Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 16 - желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.

2-жүргізуші: Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке. Желтоқсанда болған құрбандарымызды бір минут үнсіздікпен еске алайық.

Желтоқсан құрбандары бір минут үнсіздікпен еске алынады.

Ендігі кезек оқушыларда Олар сізге өз өнерлерін көрсетеді.

Ән:

1-оқушы

Бұрқ етті қазақ баласы

Кеудеге өршіп наласы

Алаңға қарай ағылды

Таусылып барлық шарасы

Жанымыз жомарт қазақпыз

Мәңгүрт боп кете жаздаппыз

Қосайық басты, бауырлар,

Жанайық жансақ маздап біз.

2- оқушы

Желкеге тиді сілтеген күрек, қамшылар,

Соққыға мұндай, қасапқа қандай жан шыдар?

Жастарға шашқан мұз судан мұз шашырап,

Ауылда жатқан маған да тиді тамшылар.

3 оқушы

Қақап күннің ызғары

Сүйектен өтіп кеткен күн.

Қаракөз қазақ қыздарын

ОМОН-дар бастан тепкен күн

Қариялар итке таланып,

Ер басын күрек шапқан күн

Аппақ қар қанға боялып,

Қып-қызыл мұз боп жатқан күн

4 оқушы

Желтоқсан - тарихымда әйгілі күн,

Ерттеп мініп ар -ождан сәйгүлігін

Ерлерім елдік үшін атой салып,

Еншілер қайтарған бәйгелі күн.

5 оқушы

Желтоқсан тағдырларға азалы күн,

Қайраған намыстарын мазалы мұң.

Қыршынынан қиылған боздақтары

Қалар мәңгі есінде Қазағымның.

6 оқушы\

Желтоқсан - қайсар ерлік, қуатты күн,

Жігер оты маздаған тұрақты ұғым.

Тәуелсіздік билігі қолға қонған-

Тәңіріме Желтоқсан шуақты күн.

7 оқушы

Желтоқсан - жадымызда жаралы күн

Жастарым жапа шеккен жаралы мұң

Еркіндік, егемендік, елдігімді

Емірене аңсады саналы ұғым.

8 оқушы

Тарихым жатыр тасымда,

Тіл қатып келер ғасырға.

Азаттық деген ұғымның

Желтоқсан тұрар басында!

9 оқушы

Жас арудың жанарында -Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында -Желтоқсан

Қаралы өмір қайыстырған халқымның,

Қара тұман қабағында -Желтоқсан.

Жауыздықты жасаған да-Желтоқсан

Жаңа ғүмыр бастаған да -Желтоқсан

Жазықсыздың көз жасына жуынып,

Абақтыға тастаған да-Желтоқсан

Ән:

1-жүргізуші: Ерлігіңе қуанам да, сүйінем,

Қайрат аға рухыңа мен иілем.

Бәйшешектің солғанына ах ұрсам,

Әділ жанның қазасына күйінем.

Қазір сіздердің назарларыңызға желтоқсан оқиғасында әділдік үшін күрескендердің бірі - Қайрат Рысқұлбеков, ендеше Қайрат жайындағы көріністен үзінді тамашалаңыздар.

Көрініс: «Қайраттың тұтқындалуы».

1-жүргізуші: Осыдан кейін жастайынан қыршын кеткен Қайрат сияқты ағамызда 21 жасында қаза тапты.

2-жүргізуші: Міне, осы тәуелсіздіктің туын желбіреткен ұлтжанды аға-апаларымыздың арқасында егеменді ел болуға қол жеткіздік.

1-жүргізуші:

Иә, бұл күнге жету үшін ата-бабамыз қан төкті, жанын берді, бүкіл жеріміздің тұтастығын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа табыс етті.

2-жүргізуші:

Бірақ қазақтың өр ұлдары мен ер қыздары көбеймесе азаймады.

1-жүргізуші: Оның айғағы - дүниені дүр сілкіндіріп, әлемге қазақ деген атты паш еткен Желтоқсан оқиғасы.

2-жүргізуші: слайд : «16 Желтоқсан»

1-жүргізуші:

Бақтыӊ құсы әр адамга қонып бір,

О, тәӊірім бізді баққа жолықтыр

Бүгін міне тәуелсіздік агайын

Әр қазақтыӊ жүрегі боп согып тұр

2-жүргізуші:

Таӊғажайып атыӊ да дәл табылды

Табылды ды талай жұртқа танылды

Қазақ елі көкке жетті көк туыӊ

Сен -тәуелсіз мемлекетсін кәдімгі

Бірге Өзініздікі- елін де

Өзіндікі -жерін де

Өзінді сезін бақытты

Тәуелсіздік төрінде

1-жүргізуші:

Осымен Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Желтоқсан - тәуелсіздік бастауы» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көптен-көп рахмет!


© 2010-2022