Разработка классного часа на тему Тәуелсіз елім бақытты! ( 5класс)

Раздел Классному руководителю
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



№46 жалпы орта білім беретін мектеп



«Тәуелсіз елім бақытты!» атты

ТӘРБИЕ САҒАТЫ

5г сыныбы



Сынып жетекшісі: А.Б. Чигирева

Разработка классного часа на тему Тәуелсіз елім бақытты! ( 5класс)



Орал қаласы-2015



Тақырыбы: «Тәуелсіз елім бақытты!»

Күні: 11.12.2015ж

Мақсаты: Оқушыларды ұлтжанды болуға тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін қалыптастыру, адамгершілікке, сыйластыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Тарих өткелдерінен көрініс

Баласы: Әке, сізге көңілімде жүрген сұрағымды қойсам бола ма?

Әкесі: Сұрай ғой, балам!

Неге осы атам «Сенің болашағыңды ойлаймын» дейді. Оның өткен өмірі қандай болып еді, айтып беріңізші?

Әкесі: Еее, балам, сенің атаң не көрмеді дейсің?

1723 жылы Жоңғар шапқыншылығы, 1930-32 жылдары аштық, 1937-38 жылдары ағаларымыздың жазықсыз жазаға ұшырауы.

1986 жылы Тәуелсіздік жолында жастарымыз ереуілге шықты. (видео ролик)

Міне, атаңның өткен өмірі осы.

Баласы: еее, әке енді түсіндім!

Әкесі: Бұдан да тәубә! Қазір, еліміз өз Тәуелсіздігін алып, егеменді ел болдық.

Егеменді ел болудың белгісі-

Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші.

Егеменді деген сөзден естілер

Ата жұрттың арғысы мен бергісі.

Мен қазақпын! ... Ж.Молдагалиев орын. Бисенбай Айжан

Мұғалім:

  • Мен - қазақпын, мың өліп, мың тірілген...
    Ж. Молдағалиевтің осы өлең жолдары қазақ деген дана халықтың бүкіл болмысы мен өмір жолын айғақтап бергендей: ақтабан шұбырынды, 30-жылдардағы ашаршылық, 37- жылдардағы нәубет, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысы, желтоқсан көтерілісі:
    Тәуелсіздіктің құны міне осындай...
    Биылғы жылы Тәуелсіздік таңының арайлап атқанына 24 жыл толып отыр. Осы жылы Қазақ хандығының 550 жыл тойы тойланып жатыр.

Жүргізуші Армат :
Қуан бүгін, қуан халқым, шынында,
Ақтарылсын ағыл - тегіл жырым да.
Бір құдайдан бірлік қана тілеймін,
Бүгінгі мынау тәуелсіздік таңында.

Жүргізуші Ләйлә:
Қазақ жері - ата-баба бесігі,

Орман, дала, аса байлық несібең

Жыр-маржанның, сөз асылын арнаймын

Туған жердің Тәуелсіздіктің күніне.

Мұғалім:

Қазақстан-біздің Отанымыз, еліміз, туған жеріміз!
Мемлекетіміздің өсіп-өніп, шыңға жетіп өркендеуі - қазақ халқының жетістігі. Барша қазақстандықтар үшін тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша . Өйткені біз тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгелдеп, тілімізді, дінімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық.

Е. Хасангалиевтің Атамекен әні

Жүргізуші 1 Армат:

Осы отырған барлығымыз да өз еліміздің тарихын, салт-дәстүрін біледі деп ойлаймын. Солай ма, сыныптастар?

Жүргізуші 2 Ләйлә:

Олай болса, біз сендерге Тәуелсіздік күніне арналған интеллектуалды танымдық ойын ұсынамыз. Бұл туған еліміз туралы білім аукционы.

Ойын шарттары: ойын екі бөлімнен тұрады, бірінші бөлімінде сіздерге сұрақ қоямыз, жауабын білетіңдер қол көтеріп ғана жауап береді.

Бірінші бөлім

І тур. Викторина

  1. Қазақ халқының қалыптасуына негіз болған хандар кімдер? (Керей мен Жанібек)

  2. Қазақ отбасында бала туғанда қандай дәстүр жасалады? Шілдехана

  3. Қазақтарда жыл мезгіліне байланысты көшіп-қонулары қалай аталады? Жайлау, қыстақ

  4. Ұлы жүздің төбе биі кім? Төле би

  5. Қазақ атамыз бұрын немен айналысқан? Мал шаруашылығымен

  6. Қандай қазақ ханы Қазақстанның өмірінің, тарихының өзгеруіне көп еңбек сіңірді? Абылай хан

  7. Екі ақының сайысы қалай аталады? Айтыс

  8. Қай жұлдызды қазақтар ерекше қастерлеп, оған қуанған? Шолпан жұлдызы, Темір қазық.

  9. Кіші жүздің төбе биі кім?

ІІ тур. «Тарихи очерк»

Суреттер бойынша тарихи очерк дайындап, әңгімелеп беру.

Суреттерде:

1. Қазақстан жалауы

2. Қазақстан елтаңбасы

3. Киіз үйдің бөліктері

Мұғалім: - Біздің елдігіміздің белгісі болып саналатын - ұлттық нышандарымызды тұмардай танып, қадірлеп, қастерлеуіміз керек.

ІІІ тур. «Білім аукционы»

Аталған тақырыпқа байланысты сөздер атау.

  1. Ұлттық дәстүрлер, мерекелер.

  2. Қазақстанның фаунасы

  3. Қазақстанның тарихи адамдары.

Екінші бөлім

ІІ тур. «Тілші»

Қазақ халқының даналығын мақал-мәтелге қарап айтуға болады. Бұл турдың тапсырмасы мынадай: сіздерге мақал оқылады, кім қолын бұрын көтеріп мақалдың орысшасын айтады.

  1. Досыңа қарап өзіңді таныйсың

/Скажи кто твой друг и скажу кто ты./.

  1. Екі адам тығыздалса, үшінші-орын табар.

/В тесноте да не в обиде/.

  1. Екі жаңа достан ескі дос жақсы/.

/Старый друг, лучше новых двух/.

Мұғалім:

«Отансыз адам - қанатсыз құспен тең» демекші ,әр адамның Отаны өзі үшін ыстық.Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан тәуелсіз Республикасы.Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бастап өркениет өріне қарай қарышты қадам басып келеді . Елбасы Н. Назарбаевтың сыңдарлы саясатымен әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіру жолында игілікті істер , ауқымды шаралар жүзеге асып жатыр . Еліміздің ертеңі, болашағы - сендердің қолдарыңызда. сондықтан білімді , тәрбиелі , іскер , талапты бола отырып, еліміздің өркендеуіне өз үлесімізді қосайық. Бүгін мерекемізге келіп отырған қонақтарды, оқушыларды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз, зор денсаулық, бақыт, еліміздің гүлдене беруіне тілектеспіз!

Армат

Құлақ түрем елімнің тынысына ,

Мақтанам, қуанамын табысына ,

Елбасы мен халқымыз аман болса ,

Айналар Орта Азия « Барысына»

Ләйлә

Қазақстан ! Туды алтын дәуірің ,

Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.

Ұзақ болсын гүлденген бұл ғұмырың,

Тәуелсіздік құтты болсын айбыным !



© 2010-2022