К дыбысы мен әрпі (1 класс)

К дыбысымен таныстыру. К дыбысына тіл ұстарта отырып сөз құрату, буын ішінде бекіту, дыбыстық талдау жасату.2. Дидактикалық құралдар арқылы балалардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Балаларды К дыбысы бар сөздерді буынға бөлуге, сөйлем ойлауға үйрету.3. Байланыстырып сөйлеуге, түзу отыруға тәрбиелеу.
Раздел Классному руководителю
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

К дыбысы мен әрпі (1 класс)К дыбысы мен әрпі (1 класс)К дыбысы мен әрпі (1 класс)К дыбысы мен әрпі (1 класс)Қарағанды облысы

Сәтбаев қаласы

«Сәтбаев қаласының №1 мектеп-гимназиясы»КММ

бастауыш сынып мұғалімі

Мұқан Аяжан Абдуллақызы

Сауат ашу

Сабақтың тақырыбы: К дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларды К әрпінің таңбасымен, жазба түрімен таныстыру. Сөздерді буындап оқыту. Дыбыстық талдау жасау.

Дамытушылығы: Оқушылардың ой өрісін, тіл байлықтарын, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: Оқушыларды сауатты жазуға тәрбиелеу

Әдісі: сұрақ-жауап ойын

Түрі: аралас сабақ

Көрнекілігі: кеспе әріптер, суреттер.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Психологиялық дайындық

Бүгінгі күн бізге,

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын.

Сабаққа күнде келеміз,

Сабақтан қалмаймыз дегенбіз.

Сабағымызды 5-ке оқып,

Білімді оқушы боламыз дегенбіз.

ІІ. Үй тапсырмасы

-Өткен сабақта қай әріппен таныстық?

-Е дыбысы мен әрпі

-Қане барлығымыз сол Е дыбысынан келетін сөздер ойлайықшы?

Е е

Кеме



шебер

бес

емен

-Е дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?

-Е дауысты дыбыс

ІІІ. Жаңа сабақ

Мақсаты: жаңа әріппен танысып, оған сөз, сөйлемдер құрап оқу, жаза білу.

«Кім жылдам?» ойынын ойнау. Ойынды ойнай отырып, жұмбақтың шешуін табу

Жұмбақ шешу

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады. (күн)

-Бүгін күн қандай?

Қабат-қабат қатталған

Асыл сөзбен апталған.

Парағы бар сөйлейтін,

Ол қазына өлмейтін. (кітап)

-Алдымызда қандай кітап жатыр?

-Әліппе

-Күн, кітап сөздерінен қандай дыбысты естіп тұрсыңдар? (К дыбысын)

-Ендеше, біз бүгін К әрпімен танысамыз.

-Барлығымыз К деп айтып көрейікші.

-Қалай айтылып тұр?

-Ендеше К дыбысы дауыссыз дыбыс.

-К дыбысын көк текшемен белгілейміз.

-К дыбысынан айтылатын сөздер айтып көрейікші, (ортасында, аяғында) кесе, кілт, мереке, көкшіл, береке, шелек, көк.

-Сонда К дыбысы сөздің басында, ортасында, аяғында кездеседі екен.

ІV. Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды соғайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып алайық.

Кітаппен жұмыс.

-Ненің суреттерін көріп тұрмыз?

-Кеме (көлік, суда жүзеді).

-Кит (жануар, суда жүзеді).

-Буынға бөлейік.

-Ке-ме 2 буын, к дыбысы қай жерде естіліп тұр?

Кит-1 буын

Кө-бе-лек-3 буын

-Көбелек сөзіне сөйлем құрайықшы.

Мысалы: Мен көбелек көрдім.

-Неше сөзден құралып тұр? Неше сөйлем?

Кітаптағы сурет: кебеже-3 дауыссыз, 3 дауысты дыбыс бар.

Кесе-2 дауыссыз, 2 дауысты дыбыс

Шелек-3 дауыссыз, 2 дауысты дыбыс бар (ауызша)

Дәптермен жұмыс.

К әрпінің баспа түрімен, жазбаша түрімен таныстыру.

К әрпін тақтаға жазып көрсету, ауада жазу.

Дәптердегі К әрпін толтыру.

Әріп кассасымен жұмыс.

Кеспе әріптерден сөз құрау: кеме, кесе, шелек.

V. Қорытындылау.

«Жоғалған әріп» ойыны

Ә...е, ...есе, е...і, мере...е

-Біз қандай әріппен таныстық?

-Дауысты ма, дауыссыз ба?

-Қандай текшемен белгіленеді?

VI. Үйге тапсырма беріледі. «Кеме» мәтінін оқып, дәптердегі жазуды аяқтау.

© 2010-2022