Қазақ тілі Өткен шақ. Ашық сабақ

Раздел Классному руководителю
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өткен шақ. Бұрынғы өткен шақ

Қазақ тілі 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Бұрынғы өткен шақ
Құзіреттілікке жеткізетін мақсат - міндеттер:
А) ақпараттық: Ақпарат көздері арқылы оқушыларға өткен шақтың ережесін, бұрынғы өткен шақтың жалғаулықтарын толық меңгерту;
Ә) коммуникативтік: Оқушылардың өз ұлтының тілін, рухани байлығын құрметтеу, тапқырлыққа, адамгершілік қасиетке баули отырып, алған білімдерін ауызша және жазбаша тілде қалыптастыру;
Б) проблеманы шеш: Тақырыпты меңгертуге арналған тапсырмалар мен жаттығуларды өз беттерімен орындауға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, морфологиялық талдау
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: Білім беруді ізгілендіру, Дамыта оқыту, СТО.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, кестелер.
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі
- сәлемдесу;
- оқушыларды түгендеу;
- оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
- амандасу;
- сабақта жоқ оқушыларды айту;
- сабаққа назар аударады.

II. Үй тапсырмасын тексеру 132 - жаттығу
Мәтіннен жедел өткен шақты теріп жазу.
132 - жаттығу
Жедел өткен шақ: Жазды.

III. Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық.
1. Келер шақ дегеніміз не?
2. Өткен шақ дегеніміз не?
3. Жедел өткен шақ дегеніміз не?
Жауабы:
1. Сөйлеп тұрған сәттен кейін болатын іс - әрекетті айтамыз
2. Іс - әрекеттің сөйлеп сәттер бұрын болғандығын білдіреді
3. Жедел өткен шақ қимылдың, іс - әрекеттің таяу уақытта болғанын, орындалғанын білдіреді.

IV. Жаңа материалды меңгерту
Бұрынғы өткен шақ қимылдың, іс - әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен салыстырғанда әлдеқайда бұрын болғандығын білдіреді. 2түрлі жолмен жасалады.
1) - ып, - іп тұлғалы көсемшенің жіктеліп келуін жасады: барыппын, келіпсің.
2) - ған, - ген, - қан, - кен тұлғалы есімшенің жіктеліп келуін жасалады: барғанмын, келгенсің.
Мысалы: Сен мектепті бітіргенсің. Ол ауылға барыпты.
Жіктелуі: айтыппын, айтыпсың, айтыпсыз, айтыпты.
Оқыған едім, оқыған едің, оқыған едіңіз, оқыған еді.

V. Жаңа білімді бекіту
133 - жаттығу
Оқып шығып, бұрынғы өткен шақты білдіріп тұрған етістіктерді тауып, олар қалай жасалып тұрғанын түсіндіріңдер.
Заманда басқан аяқ кейін кеткен,
Жасымай Алашына қызмет еткен.
Болса да қалың тұман, қараңғы түн,
Туатын бақ жұлдызына көзі жеткен.
Түймеге жарқылдаған алданбаған,
Басқадай бір басы үшін жалданбаған.
«Қайткенде Алаш көркейер?» деген ойдан,
Басқа ойды өміріне малданбаған.

133 - жаттығу
Кеткен, еткен, жеткен, алданбаған, жалданбаған, малданбаған.

134 - жаттығу
Мәтінді оқып шығып, бұрынғы өткен шақта тұрған етістіктерді теріп жазыңдар.
Ә. Н. Бөкейхан
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға - Әлихан Бөкейхан.
1920 - 22 жылдары оған «буржуазиялық ұлтшыл» деген айдар тағылып, айлап абақтыда отырған.

134 - жаттығу
Асырылған, аударылған, отырған.

135 - жаттығу
- ған, - ген, - қан, - кен формалы бұрынғы өткен шақ етістіктерін теріп жаз.
Күз келді. Ел жайлаудан қайтып, күзекке беттеп келе жатқан. Шыңғыстың Қыдыр, Қызылшоқы, Бөрлі сияқты тауларының адыр - қатпарлары ауыл - ауылға толған. Жұрт үлкен үйлерді қоймаларын аттардың да бұл кездерінде еттері ояздап болған.

135 - жаттығу
Бұрынғы өткен шақ: жатқан, толған, көтеріскен, болған, жіберген, отырған.

VI. Үйге тапсырма Ережелерді жаттау.
Көркем әдебиеттер өткен шақ қатысқан сөйлемдер жазып келу.
VII. Бағалау.
Қорытынды. Оқушылар бағаланып, сабақ қорытындыланады. Бағаланған оқушылар күнделікке бағасын қойғызады.



© 2010-2022