Урок по казахскому языку на тему Мәтін түрлері

Раздел Классному руководителю
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Урок по казахскому языку на тему Мәтін түрлеріУрок по казахскому языку на тему Мәтін түрлеріКүні _______________ Сынып _____________

Тақырыбы: Мәтін түрлері. Ауызекі сөйлеуге қатысты мәтіндер, тақырыптық ерекшеліктер.

2 сағат

Мақсаты: білімділік: Оқушыларға мәтін,оның өзіндік ерекшеліктерін түсіндіріп, мәтіндермен жаттығу жұмыстарын жүргізу;

дамытушылық: Оқушылардың ойлау,сөйлеу тілін, түрлі жаттығу жұмыстары арқылы есте сақтау , шығармашылық қабілеттерін дамыту;

тәрбиелік: Оқушыларды дұрыс сөйлей білуге, ұқыптылыққа, байқағыштыққа, жылдамдыққа,ойын ашық,еркін жеткізуге , өз білімін бағалай білуге тәрбиелеу;

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, жаттығу ,ой жинақтау, сұрақ-жауап,талдау

Көрнекіліктер: тірек сызба

Сабақ түрі: дәстүрлі

Сабақ типі: жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақ барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабақ процесіне дайындау

ә) Үй тапсырмасын тексеру

13-жаттығу.Тыйым сөздерді қатесіз көшіріп жазып,жаттап алыңдар.

15-жаттығу.

Қайталау сұрақтары:

1.Әдеби тіл дегеніміз қандай тіл?

2.Оның қандай түрлері бар?

б) Жаңа сабақ

Мәтін

байланысу бірігу

Мәтіннің тақырыбы болады. Мәтін сөздерден, сөйлемдерден, абзацтардан тұрады.

Мәтін әр түрлі мазмұнға құрылады. Онда оқиғалар хабарланады,сипатталады, дәлелденеді.

Мәтінге газет-журнал матнриалдары, өлең шумақтары, ережелер, әңгімелер мен сөйлесулер жатады.

в) Жаттығу жұмыстары

.

16-жаттығу. Берілген сөйлемдер жиынтығын мәтін деуге келе ме? Қанша сөйлемнен құралған? Сөйлемдер бір-бірімен мағыналық жағынан байланыса ма? (ауызша)

17-жаттығу. Мәтінге тақырып қойыңдар.

Тірек сөздерді табыңдар.

Бұл мәтін аңыз әңгімеге жата ма, әлде ғылыми шығарма ма? Ойларыңды дәлелдеңдер.

19-жаттығу. Мәтінді оқып,автордың не туралы әңгімелегенін айтыңдар.

Шоқан мен әжесі әдеби тілдің қай формасында әңгімелесті?

Мәтіндегі түсінігі қиын сөздермен жұмыс. Сөздерге мағыналас сөздер табыңдар.

Насихат-

Мансапқорлық-

Озбырлық-

21-жаттығу. Көшіріп жазыңдар. Мәтінге ат қойып көріңдер.

г) Бекіту

Мәтіннің қандай ерекшеліктері бар екен?

Мәтінге нелер жатады?

д) Үйге тапсырма

18-жаттығу.Мәтін қанша абзацтан тұратынын айтыңдар. Тірек сөздерді табыңдар.

2,3-абзацтарды көшіріп жазыңдар.

17-жаттығуда берілген мәтіннің авторы (М.Қашғари) туралы деректер біліп келіңдер.

20-жаттығу. Әңгіме мәтіннің қай түріне жатады?

Әдеби тілге жатпайтын сөздерді теріп жазыңдар.

«Шоқан мен әжесі» деген мәтінмен салыстырып (19-жаттығу), ондағы кейіпкерлердің сөйлеу тіліндегі ерекшеліктерін анықтап көріңдер.

е) Бағалау



© 2010-2022