Ана тілім - мерейім Сайыс

Шараның тақырыбы:      « Ана  тілім  - мерейім »    Апталықтың мақсаты: Шараның мақсаты:  1. Білімділік: Тіл туралы тақырыпты ала отырып, сауатты сөйлеуге, қазақ тілінің мәртебесін көтере білуге қалыптастыру, тіл байлығын арттыруға ықпал ету2.Дамытушылық: Тіл төңірегіндегі білімдерін ұштастыра отырып, ой-белсенділігін дамыту, шығармашылық ізденіске бағыттау, ізденімпаздық қасиеттерін арттыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру3. Тәрбиелік: Патриоттық  сезімін оятып, тілін, Отанын, елін, жерін сүюге, са...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шараның тақырыбы: « Ана тілім - мерейім »

Апталықтың мақсаты:

Шараның мақсаты:

1. Білімділік: Тіл туралы тақырыпты ала отырып, сауатты сөйлеуге, қазақ тілінің мәртебесін көтере білуге қалыптастыру, тіл байлығын арттыруға ықпал ету

2.Дамытушылық: Тіл төңірегіндегі білімдерін ұштастыра отырып, ой-белсенділігін дамыту, шығармашылық ізденіске бағыттау, ізденімпаздық қасиеттерін арттыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру

3. Тәрбиелік: Патриоттық сезімін оятып, тілін, Отанын, елін, жерін сүюге, салт-дәстүрін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу

Көрнекіліктер: слайд, қанатты сөздер


Сынып сағатының барысы:

Психологиялық дайындық

Құрметті мұғалімдер , ұстаздар және оқушылар.

Шарамызды ҚР әнұранымен ашуға рұқсат етіңіздер.

Бүгін сіздер оқушылардың «Ана тілім - мерейім» - атты тәрбие сағатына

келіп отырсыздар.

Қызығушылығын ояту

Қымбат маған анам тілім, бал тілім,

Қымбат маған дана тілім, ар тілім

Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма.

Анам тілім - ардақ тұтар алтыным.

Ана тілін жырлап өткен талайлар,

Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.

Қасиетті менің ана тілім де,

Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.

Мағынаны тану:

Қазақ тілі - қазақ халқының ана тілі.

өзінің сан ғасырлық даму кезеңінде рулық, тайпалық, халықтық тіл дәуірін басынан кешірді.

Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып келе жатқан баға жетпейтін мұрамыз.Сондықтан да кеудесінде жүрегі соғып тұрған әр қазақ баласы өз ана тілін көзінің қарашығындай сақтап, қорғауы, оның шұбарлануына жол бермеуі тиіс.

ҚР елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1998 жылғы 22 қаңтардағы Жарлығына сәйкес

« 22 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдер мерекесі» болып аталып келеді.

Осы жылдың шілде айынан бастап Қазақ тілі - мемлекеттік тіл статусын алды.

Тіл халықпен бірге өмір сүреді, дамиды, әр ұлттың тілі - оның бақыты, тірегі. Бүкіл түркі елдеріне ардақты ағартушы, ғұлама ғалым Ахмен Байтұрсынұлы « Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген екен. Шешен билеріміз, атақты ақсақалдарымыз халық тарихын, әдет - ғұрыпын, салт - дәстүрін жете білген, жас ұрпақтың санасына сіңіруге күш жұмсаған.

Асан Қайғы, Жиренше,

Сөйлеп өткен қазақ тіл.

Жәнібек пен Қойлыбай

Сыйлап өткен ғажап тіл.

Ата - анамыз әлдилеп,

Уатқан бізді баба тіл.

деп өсиет еткен тілімізді , егемендігіміз өзімізге тиген бейбіт заманымызда қорғап, қамқорлық жасап, оның көркеюіне, ажарынан айрылмауына күш жұмсайық. Ана тілін жақсы білмейінше сауатты, білімді, мәдениетті адам бола алмаймыз. Ана тілін жақсы білу үшін мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап өлең, халық ауыз әдебиеті шығармаларын, ертегі, аңыз, мақал, жұмбақ, жаңылтпаштарды жаттап өсіп ретімен қолдана білуіміз керек

Тілім, дінім, мақтанышым, шаттығым,

Үнім барды пәк көңілде жоқ мұңым.

Қазақ болып, қазақ тілім болмаса,

Не етемін өзге тілдің көптігін.

Тілім, дінім, самғасын , шарықтасын,

Самғаудан еш уақыт жалықпасын.

Өз алдына өмірден теңдік алған,

Ана тілім көгімде қалықтасын

Біздің ата - бабамыз ана тілін қастерлеп, аса жоғары бағалаған, биікке көтере білген. Туған тілді жете білу әрбір адамның азаматтық борышы мен парызы.

Бабамыздың тілі деп,

Данамыздың тілі деп,

Анамыздың тілі деп

Ана тілі сүюге ант етесіңдер ме ?


Сынып сағатымыздың 2 бөлімі


2 бөлім . « Қазақстан көшбасшысы » сайысы

Сайысты бастамас бұрын әділқазылар алқасын сайлап алайық :

А. Топтардың өздерін таныстыруы

1 тур « Бәйге»

2 тур « Жыр парағы»

3 тур « Өнерлі өрге жүзер»

4 тур «Сөздің көркі - мақал».

5 тур «Тіл-өнер.»

6 тур « Жеті жұмбақ»

Құрметті көрермендер, ата - аналар , бүгінгі сайысымызға 2 топ қатысқалы тұр . Енді осы топтардың ортадан орын алуын сұрайық.

Ал енді сайысымызды бастамас бұрын сайыста кім бірінші болып көш бастайтынын таңдап алайық .Ол үшін мен екі топқа алдын ала дайындалған жұмбағымды жасырайын , кім шапшаңдық танытып , бірінші жауап берсе сол топ , сайыс бойы бірінші жол бастап отырытын болады.

1. Дүниеде ең ащы не, ең тәтті не, ең жұмсақ не , ең қатты не?


1 тур « Бәйге»

Қазақ халқының ұлттық салт - дәстүріне байланысты аламан бәйгеде тек жүйріктер ғана сыналады ғой. Бұл турда шапшаңдық , тапқырлық сыналады. Әр топқа алдын - ала әзірленген

10 сұрақ қойылады, сұрақтардың деңгейлері бірдей, ойыншылардың жас ерекшеліктері, білім деңгейлері ойға алынды. Сұраққа жауап жылдам берілуі тиіс

1-топқа:

1. ҚР қашан тәуелсіздік алды? (1991 ж. 16 желтоқсан).

2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров).

3. Шоқанның әжесі? (Айғаным).

4. Қандай ұлттық тағамдарды білесің? (қазы-қарта, жал-жая, бесбармақ, қымыз, шұбат).

5. Зат есім дегеніміз не? (Заттың атын білдіретін сөздер)

6. «Қазақ хрестоматиясын » жазған кім? (Ы.Алтынсарин).

7. Қазақтың күй атасы кім? (Құрманғазы).

8. Елтаңбаның авторы кім? (ЖандарбекМәлібекұлы, Шот-Аман Уалиханов)

9.Қазақ халқының ұлттық ойындарын ата? (сақина салу, ақсүйек, алтыбақан, қыз қуу, аударыспақ, көкпар т.б.)

2-топқа:

1. ҚР тұңғыш президенті қашан сайланды? (1991жыл 1 желтоқсан).

2. Қазақтың тұңғыш ағартушысы кім ? (Ыбырай)

3. Абайдың әжесі кім ? (Зере)

4. Ұлттық киімдер қалай аталады? (тақия, бешпент, қамзол, сәукеле, тон, ішік, кимешек т.б.).

5. Етістік дегеніміз не? (Заттың қимылын,іс - әрекетін білдіретін сөздер)

6. Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім? (А.Байтұрсынов).

7.Қазақтың күш атасы кім? (Қажымұқан)

8. Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)

9. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін ата? (шілдехана, бесік той, тұсау кесу, құда

түсу, келін түсіру, қыз ұзату т.б.).

Мұғалім: Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,

Туған тілім-анам тілі-өз тілім.

Туған тілім-далам тілі-өз тілім

Туған тілім-адам тілі-өз тілім.

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.- деп

« Жыр парағы» аталатын 2 турда

әр топтан 1 оқушыдан тіл туралы өлеңді мәнерлеп жатқа оқуы тиіс.

1 топ:

2 топ:

3 тур « Өнерлі өрге жүзер»

Бұл турда әр топ өз өнерлерін көрсетеді.

1 топ:

2 топ:

Қазақ халқының тарихта аты аңыз болып қалған шешендері ертеде тобықтай сөзбен шешілмей жүрген дауды шешіп, араздасқан елмен елдің арасын қосқан. Жоңғар еліне 15 жасында Қаз дауысты Қазыбектей бабамыз елші болып барып, саңқылдаған даусымен, тауып айтқан сөзімен жоңғар қонтайшысын да бері қаратып, қазақ елінің тұтқындарын босатып әкеліп,

«Қаз дауысты Қазыбек» атын алған. Төле бидей бабамыз «Қарлығаш әулие» атанған. Абайдай дананы да, Шәкерімдей ғұламаны да дүниеге әкелген қазақ елінің ендігі болашағы сендерсіңдер.

«Сөздің көркі - мақал» - деп аталатын 4 турда

әр топқа мақалдың басы айтылады, ал топ мүшелері оны әрі жалғастыруы керек.

1 - топқа

1. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады).

2. Дәлелсіз сөз ... (желмен тең).

3. Ине көзінен сынады, ... (шешен сөзінен сынады).

4. Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді).

5. Сөз тапқанға ... (қолқа жоқ).

6. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл).

7. Шебердің қолы ортақ, ... (шешеннің қолы ортақ).

8. Қаһарлы сөз ... (қамал бұзар).

9. Бас кеспек болса да, ... (тіл кеспек жоқ).

10. Айтылған сөз, атылған ... (оқпен тең).

2-топқа

1. Бал тамған тілден ... (у тамған).

2. Тауды, тасты жел бұзар, ... (адамзатты сөз бұзар).

3. Жақсы сөз .. . (жарым ырыс).

4. Жақсы байқап сөйлер, ... (жаман шайқап сөйлер).

5. Тіл қылыштан ... (өткір).

6. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ... (ой өсіреді).

7. Жыланның уы тісінде, адамның уы .. . (тілінді).

8. Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей ... (шешен боларсың).

9. Тілден артық .. (қазына жоқ).

10. Сүңгі жарасы бітер, .. (тіл жарасы бітпес)

5 тур «Тіл-өнер.»

Бұл турда сайыскерлерге жұмбақ оқылады , әр топ тан бір адам шығып, шешуін тауып, шешуін орысшаға да аударуы тиіс

1-топ

1.Табаныма байладым, қос таяқпен айдадым. (шаңғы-лыжа)

2.Түнде бармын, күндіз жоқпын (жұлдыз-звезды )

3. Жеп көріп ем өзін мен

Жас шығарды көзімнен (пияз-лук)

2-топ

1. Жайшылықта жекесің, қарай қалсаң, екеусің (айна-зеркало)

2. Көп әңгімем, өлеңім,

Күнде ақыл беремін.

Жақсы көрсе мені кім

Соған тиер көмегім. (кітап-книга)

3. Қыста келген, көктемде еріген (қар-снег)

6 тур « Жеті жұмбақ»

Бұл турда қоржыннан әр топтың топ басшылары шығып асық алады . Әр асықта пәндер бойынша сұрақтар жазылған. Әр сұраққа 10 секунд уақыт беріледі.

Сайысымыз да мәресіне жетті. Әділқазылар шешімін жеткізсін.

Қазақстанның болашақ көшбасшысы сайысының жеңімпаздары кімдер екенін жариялайтын кез жетті.

Мұғалім:Тәуелсіз Қазақстан - ұлы Отаным,

Көк туымды қалайша құлатармын.

Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,

Бәріміз баласындай бір атаның.

Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,

Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.

Халқымның ахуалы дұрыс болсын.

Еліміз әрқашанда тыныш болсын! - деп бүгінгі шарамызды аяқтаймыз.













Бағалау парақшасы

Топтың аты

Таныстыру

«Бәйге»

«Жыр парағы»

«Өнерлі өрге жүзер»

«Сөздің көркі - мақал»

«Тіл - өнер»

«Жеті жұмбақ»

Жалпы Ұпай саны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

б

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

б

Қ

О

1

2

3

4






























© 2010-2022