Статья на казахском языке

Статья на казахском языке "Мои победы и поражения на уроке".В статье рассматриваются новые технологии обучения и повышение языковых методов  на уроке казахского языка.  Я закончила курс 3 уровня. В статье описаны используемые методы обучения на уроке казахского языка. Что у меня получилось на уроке, а что не получилось. И почему  у меня не получилось, и как я могла устранить эти недостатки. ...... Как я разделила на группы.  Барлық сыныптарды алып, модульдерді енгізу мүмкін емес. Бір сыныпты бей...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ барысындағы менің жеңісім мен жеңілісім

Павлодар қаласының «№39 инновациялық

үлгідегі гимназиялық сыныптары бар

жалпы орта білім беру мектебінің»

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Тұмарбекова Назгүл Елубайқызы


«Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға - мұғалім» (Мұғалімге арналған нұсқаулық. 6-бет). Деңгейлік курстан кейін барлық сабақтарымды Кембридж бағдарламасына сәйкес өткізуді қолға алдым. Әрине сабақ тақырыптарының барлығы бірдей өмірмен байланыстыруға келмейтінін аңғардым. Бұдан шығатын қорытынды, келесі оқу жылында өмірмен байланыстыруға келетін тақырыптарды бағдарламаға енгізу қажеттілігі туындады. Құрметті әріптестер, мен сіздерге өзімнің бір сабағымда болған қиындықтар мен сәтті шыққан тұстарды ұсынамын. Сабақтың тақырыбы: Буын түрлері. Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгеру. Сабақ жоспарын құру барысында мынадай мақсат қойдым: балалардың жеке ойлау қабілеттерін жетілдіру арқылы, өздігінен ақпарат алуды үйрету. Топта жұмыс жасап, бір-бірін тыңдауға бейімдеу. Сабақтың міндеті: оқулықпен жұмыс істеу арқылы өздігінен ақпарат алады, түрлі тапсырмалар арқылы буын түрлерін ажырата алады, сыни тұрғыдан ойлайды. Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, смайликтер, плакат, түрлі-түсті қарындаш, фламастер, конверттегі суреттер, үлестірмелі қағаздар. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: ой қозғау, диалогтік оқыту, «Ақпараттық ақаулық» әдісі, «Дайындал... Назар сал... Оқыңдар!» әдісі, «Бір минутта түсіндір» әдісі. Сабақтың мақсат-міндеттеріне сәйкес, сабақ соңында күтілетін нәтиже: постер жасау арқылы балалардың жеке ойлау қабілеттерін жетілдіреді, кітаппен жұмыс істеу арқылы өздігінен ақпарат алуды үйренеді, жұппен жұмыс істеу арқылы буын түрлерін ажырата алады, суретті құрастыру, постер құру арқылы сыни тұрғыдан ойлауға бейімделеді. Сабақтың нәтижелі өтуі үшін балалардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру керек деп ойлаймын.

Топпен жұмыс істеуі үшін смайликтер тараттым. Смайликтер арқылы бірінші топ-қалпағы бар, екінші топ-көзілдірігі бар, үшінші топ- күлімдеген смайликтер болды. Топқа бөлінуде оқушылар смайликтерге таласуы барысында, «мен қайда отырамын», «мен онымен отырмаймын» деген келіспеушіліктер болды. Кедергіні жою мақсатында топ ережесін сақтауды ескерттім. Үшінші топқа үлгерімі төмен оқушылар жиналды. Бұл топ сабақта «тапсырмаларды қалай орындайды, орындай ала ма?» деген сұрақ мазалады. Бірақ өзім күтпеген үлгерімі төмен үндемейтін Дархан топ жетекшісі болды. Өз тобын ұйымдастыруға тырысып, көшбасшы қабілетімен көріне білді. Топтық жұмыс арқылы оқушылардың коммуникативтік қарым-қатынасын қалыптастыру мақсатында, өзара ынтымақтастық құру мақсатында топпен «достық шеңберін» құрып, қолдарынан ұстап, жайлы, жылы сөздер айтты. Бірінші және екінші топ қолдарынан ұстап, жылы сөздер айтты. Үшінші топ қолдарынан ұстамай, жақсы сөздер айтуға тырысты. «Орамал тастау» арқылы затты (допты) бере отырып, өткен тақырып бойынша бір-біріне сұрақ қою арқылы қайталап, жаңа тақырыпқа шықтым. Допты бере отырып, сұрақ қою сәтті болды. Қайназар: - Фонетика нені зерттейді? Әлібек: Фонетика тіл дыбыстарын зерттейді. Қазақ тілінде дыбыстар қалай бөлінеді? Айдана: - Дыбыстар дауысты және дауыссыз болып екіге бөлінеді. Дауысты дыбыстар қалай жіктеледі? ... . Бұған дейінгі сабақтарда тек қана мұғалімнің сұрақ қоюы арқылы қайталау болғандықтан, сұрақты дұрыс қоюда оқушылар кедергіге тап болды, қиналды, себебі оқушылар сұрақ қоюға бейімделмеген. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулі негізінде «Ақпараттық ақаулық» әдісі арқылы жаңа сабақты кітаптан түсініп оқып, топтарда буын түрлерін талқылады, постерге түсірді, қорғады. Бұл кезеңде Мерсердің зерттеуіне сәйкес әңгімелесудің үш түрі әңгіме-дебат, коммулятивтік әңгіме, зертеушілік әңгіменің екінші түрі - коммулятивті әңгімені қолдандым. Бұл әдісте постер салу сәтті болды, бірақ постерді қорғауда «сен сөйле», «сен айт», «мен айтпаймын», «мен сөйлей алмаймын» дегендер болды. «Топта барлығы сөйлеу керек» деген бағыт беруден кейін ғана топ мүшелері өз міндеттерін атқарды. Постерді қорғауда барлық оқушы сөйлемеді. Өздігінен жаңа тақырыпты түсініп алудың орнына «мұғалім неге түсіндірмейді?» деген ойда болғандығы байқалды. Постерді стикермен бағалау сәтті болды, бірақ постерде стикер (2 жұлдыз, 1 тілек) қай топта көп болса, сол топ жақсы баға алды деген түсінік болды. Стикермен бағалау ол «әркімнің өз пікірі» екендігін атап өттім. Өзін-өзі сыйлау «мен» тұжырымдамасының бағалау және эмоциялық параметрлеріне жатады. Ол екі компоненттен тұрады - жеке тұлғаның пікірінше оның қаншалықты қабылдағанын және бағаланғанын анықтайтын құндылық компоненті және жеке тұлға өзін нақты рөлде қабілетті және құзырлымын деп санайтындығын анықтайтын тиімділік компоненті (Бандура, 2011). /Нұсқаулық 26 бет/ - деген Бандура пікірін басшылыққа алдым. Оқушылардың бойын жазу мақсатында сергіту сәтін белсендітақтадағы «Бегемот» мультфильмінің қимыл-қозғалысы арқылы сергіту сәтті шықты. Бесінші сынып ойын баласы, мультфильм оқушылардың жас ерекшелігіне сай болғандықтан, ертегі кейіпкерінің қозғалысын салу олардың сабаққа деген қызығушылығын оятты. Статья на казахском языке

Келесі тапсырманың бірі - 4 жол өлеңнің буын түрлерін анықтау, ашық буын-қызыл, тұйық буын -жасыл, бітеу буын-көк түсті қарандашпен бояу, жұппен орындады. Тапсырманың мақсаты: оқушылардың буын түрлерін ажырата білуін анықтау. Жұппен бірге буын түрлерін дұрыс белгіледі. Кейбір жұп 4 жол өлеңді толық аяқтамаған. Берілген уақытта үлгермеген. Оқушыларымның берілген уақытты үнемді пайдалануға дағдылану керектігі атап өттім. Статья на казахском языке

Сабақтағы жұмыс түрінің бірі - «Дайындал... Назар сал... Оқыңдар!» әдісі. Оқулықтың 127 бетіндегі мәтінді түсініп оқып, конвертте берілген суреттер арқылы мәтін құрастыру. Суретті қорғауға топпен шыққанда топ мүшелерінің рөлдерін бөліп, кезекпен сөйлеп өз ойларын ашық айтты. Бағалау парағын толтыруда 1-2 топ бір-бірін ренжітпейін деген оймен әділ бағаламаған. Сабақ басында белсенділік көрсетпеген үшінші топ, басқа топтан үлгі алып, олардың нені қалай істегендерін қарап, олар да белсенділік көрсетті. Үшінші топ (Дарханның тобы) бағалау парағын әділ толтыруымен көзге түсіп, тобын мысалға ала отырып, бірінші және екінші топқа үлгі еттім. Бұл әрекетім үшінші топтың мәртебесін көтерді. Сабақ басында басы қосылмаған үшінші топ бағалау парағын әділ толтырды. «Олардың қолынан келген нәрсе менің де қолымнан келеді» деу - өзін басқа біреумен салыстыру үдерісінің негізі. Адамдардың қандай да бір салада болсын табысқа жеткен біреуді көрсе, өзіндік тиімділік деңгейі арта түседі, ал керісінше басқа адамның сәтсіздігін көргенде өзіндік тиімділік деңгейі төмендейді. Егер де адам өзінің моделіне өзінің сәйкес келетіндігін көрсе, бұл үдеріс нәтижелірек болмақ. /Нұсқаулық 26 бет/ . Үшінші тобым екі топқа ілесе алмайды деген ойым су сепкендей басылды. Жалпы топтық жұмыс оқушыларға оң әсер еткені бірден байқалды. Келесі тапсырманың бірі - ұлағатты сөздерге ой толғау жазу. Бұл тапсырманың мақсаты оқушылардың өзіндік ойын қалыптастыру, тілін дамыту. Бұл тапсырманы орындауға екі оқушы ғана үлгерді. Постер жасауға уақыт көп бөлініп, уақыт жетпей қалды. Келесі сабақтарда уақытты дұрыс пайдалануға көңіл бөлу керек деген тұжырымға келдім. Статья на казахском языкеСтатья на казахском языке

Сабақ соңында рефлексияға «1 минутта үлгеру» әдісін алдым. Оқушылар не істеу керек? Белсенді тақтада көрсетілген сөздерді пайдаланбай, жаңа тақырыпты 1 минутта түсіндіру. Бұл әдіс оқушыларға жылдам сөйлеп, жаңа тақырыпты түсіндіруімен ұнады, сәтті шықты. Оқушылар топпен жұмыс істеуге бейімделмегендіктен, сабақта қиындықтар, кемшіліктерім көп болды. Келесі сабақтарда кемшіліктерді болдырмауға тырысамын: 1. Берілген тапсырманы уақытымен тоқтатып, таймкипер міндетін қадағалаймын. 2. Мұғалімнің ғана сұрақ қоюын қолданбай, оқушылардың бір-бірлеріне сұрақ қоюын бақылаймын. 3. Үлгерімі төмен оқушыларды мадақтау арқылы мәртебесін көтеремін. 4. Сыни тұрғыдан ойлауға бейімдейтін жетекші сұрақтар ойластырамын. Сабақ басында қойған мақсатыма жеттім деп ойлаймын. Балалардың жеке ойлау қабілеттерін жетілдіру арқылы, өздігінен ақпарат алуды үйренді. Топта жұмыс жасап, бір-бірін тыңдауға бейімделді. Оқушылар өздігінен ақпарат алады, буын түрлерін ажырата алады, бірақ сыни тұрғыдан ойлауға оқушылар әлі бейімделмеді. Ойымды қорыта айтарым, модульдарды тәжірибеме енгізуде қолданған әдістерімнің сәтті өтуі үшін бір сыныпта ғана толық курста өткен модульдарды қолданып, оқушыларды дағдыландыру қажет. Барлық сыныптарды алып, модульдерді енгізу мүмкін емес. Бір сыныпты бейімдеп жаттықтырып алған соң ғана, екінші сыныпқа кірісу керек. Сабақта жіберген кемшіліктерден де қорытынды жасап, «А,а, мен мынаны қате қолданған екенмін. Келесі де былай қолданып көрейінші» - деп әрекет етіңіздер. Кембридждік бағдарлама еліміздегі мектептердегі оқыту үдерісінің мазмұндық болмысын жаңа әдіснамалық тұрғыдан өзгертудің жолдарын үйретеді. Адам жаңа идеяны қабылдап, талдап, талқылап, мәселені сыни тұрғыдан ойланбайынша, осы әрекеттерді өзі жасап, жаңа дүниелерді қолданып, қолмен ұстап, ой елегінен өткізіп, жүрекке жеткізбейінше қажетті деңгейге дейін ешқашан көтеріле алмайды. Статья на казахском языке


Резюме

В статье рассматриваются новые технологии обучения и повышение языковых методов на уроке казахского языка.

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012 жыл. (6-бет, 29-бет, 26 -бет,32- бет)



© 2010-2022