Қарттарым, аман, жүрмісің? мерекелік іш шара

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қарттарым , аман, жүрмісің?

(қарттар күніне арналған мерекелік бағдарламаның әзірлемесі)

Өтетін орны: ЖШС «Тау - Кен »
Күй «АДАЙ» орындайтын Боданов Райымбек
1-жүргізуші
Сенім менен сертіңе берік шеттен,
Біздей емес қиялға еріп кеткен.
Қайран біздің қарттар-ай
Тау тұлғалы
Елімізді солар ғой көрікті еткен.
2- жүргізуші:
Армысыздар, ақсақалды аталар мен ақ жаулықты аналар!
«Қарттарым , аман, жүрмісің? Атты мерекелік кешімізге қош келіпсіздер. Сіздерге зор денсаулық,жанұяларыңызға бақыт, немерелеріңіз бен шөберелеріңіздің ортасында жүре беріңіздер.
1-жүргізуші:
Армысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы,
Сіздер үшін ән мен күй,өлең мен би
Сіздер үшін мереке шашулары.
(Алдын ала дайындалсын)
ӘН «Бала тілегі» орындайтын Оразаева Ақнұр
2- жүргізуші:
Сендерден өскен балалар,
Батырлар менен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті абзал қарттарым.
Құттықтау сөз Біршоғыр селолық округінің әкімі Назаров Темірлан ағайға беріледі.
1-жүргізуші:
Қайраты мықты, қажымас өжет,
Гауһары ғажап қарттарым менің.
Еліне ерен сіңірген еңбек,
Сарқылмас байлық
Бағалы кенім.
Келесі құттықтау сөз Алабас негізгі мектебінің директоры Кальменов А.К беріледі
«Өзбек биі» би
2- жүргізуші:
Қазына қарттар тарихсың
Жастарға қамқор мәртебең тиіп
Жүре бер қартым ортада бүгін
Жауырап жаның, жайраңдай күліп.
Құттықтау сөз Ақсақалдар алқасының төрағасы Сапарбай атаға беріледі.
1-жүргізуші:
Жылынып жер көктейді,
Нұрын жиып әлемнің
Әлі есімнен кетпейді
Құшағы ыстық әжемнің,-деп ақындарымыз жырлағандай келесі айтылар ән- аяулы да ардақты ақ жаулықты әжелерімізге арналады.
Ән: «Асыл әжем» орындайтын Жанықұлова Ботагөз
2-жүргізуші: Байқап отырсақ, ата-әжелеріміз ән-күй тындағанды қатты ұнатады. Олар терең ойға кіріп, рахатқа бөленіп қалады.
1-жүргізуші: Олай болса мына әсем әнді қабыл алыңыздар!
«Қазақ осы» орындайтын Боданов Райымбек
2-жүргізуші:
Халқымызда "Өз балаң өскенше, немерең өлгенше" деген сөз бар. Бала, немере туралы ақын Мұзафар Әлімбаев былай деген екен:
Бала деген бал екен,
Бал дегенің бала екен.
Немеренің бойында,
Бар тәттілік бар екен.
Туған балаң жәй ғана,
Демесең де жат, бөтен.
Нағыз балаң ойласаң,
Немере екен, тәтті екен,-дегендей,
Құрметті қариялар! Мына көңілді биді сіздердің немерелеріңіз, жас балғындар сіздерге ұсынады.Қабыл алыңыздар!
Би: «Бабочки» орындайтын бастауыш сынып оқушылары
1-жүргізуші:
Жас едім өмірге еркін бойламаған,
Алдымда не боларын ойламаған.
Шарықтап кетсем дағы қанат қағып,
Әлі күнге еркелеймін мен саған
Аяулы аналар мен апалар мына ән сіздерге арналады.
Ән: «Мама» орындайтын Оразғалиев Аян
2-жүргізуші:
Әзілі де өзара жарасымды,
Жомарттығы шалқыған даласында
Қайран асыл қарттар-ай
Қыран тектес, бөлісетін бір жұтым қара суды.
Ән: «Саржайлау» орындайтын Боданова Алтын мен Қалменова Гүлдана
1-жүргізуші: Менің атам мен әжем қазіргі уақытта 80-ге таяп қалса да, біздің арамызда өте жас және қайратты болып көрінеді. Осының сыры неде деп ойлайсың?
2-жүргізуші: Әрине мұның сыры туысқандарының мейірбандылығына байланысты. Біз ата-әжелерімізге көп көңіл бөліп, оларды қуантып отыруымыз қажет емес пе?
1-жүргізуші: Дұрыс айтасың, олай болса....
Жаңылсынның орындауында қазақ биі

2-жүргізуші:
Алдымда жүрші көзімнің
Асылым, айым қазынам
Ауыра қалсам өзіңнің
Пейіліңнен-ақ жазылам.
1- жүргізуші:
Қарызбын әжем ақ шашыңа
Көзіңнің жасына
Өзіңсің бақыт бақшасы да,
Өмірдің басыда.
Ән: « Ақ тамақ» орындайтын Ургенищбаева Назкен
2- жүргізуші:
Ақиқатты айқындап қариялар,
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл тұрса, бүлк етіп толқымайтын,
Бара жатыр сарқылып дариялар
1- жүргізуші:
Неменеге жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп әнеки жағада тұр.
2- жүргізуші:
Арсыз күлкің тиылмас, жылауың да,
Айтысың да басылмас, ылаңың да.
Араздасып ағайын кетер еді,
Бір қария болмаса арамызда.
1- жүргізуші:
Ата-әжеміз бар, әке-шешеміз бар біздер бақыттымыз. Бүгінгідей егеменді елде қайғы-қасіретсіз, еркін өмір сүріп жатқанымыздың өзі осы қарияларымыздың арқасы екенін ұмытпауымыз керек.
Ән «Асыл әжем» орындайтын Қошетерова Еркеназ
2- жүргізуші:
О, адамзат өтінемін, сұранам
Аялайық, құрметтейік, сыйлайық
Денсаулық пен көп бақытты тілейік
Жүре берсін ортамызда мәңгілік
1-жүргізуші:
Көп жасаған қария,
Ақылы теңіз-дария
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі соқпақ, өзі нәр.
Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасақ
Тістерсің бір күн бармақты,
дегендей, қариялардың кеудесі алтын сандық. Ол сандықта атадан балаға жалғасып келе жатқан имандылық, қайырымдылық, адамгершілік қасиеттері тұнып тұр.
Ән: «Ертегілер» орындайтын Ақнұр Оразаева
2-жүргізуші: Біз өзіміздің ата-әжелеріміздің алдында, аға-ұрпақтың алдында үлкен қарыздармыз. Ол қарызымызды тек қана жақсы тәрбиеміз арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз. Бұл қасиеттер ешқандай да ақшаға сатып ала алмайтын байлық. Ол тек адам жүрегінде орын алатын қасиет.
1-жүргізуші:
Сәл еңкейген нұр жүзінен әл тайып,
Қуат кеміп бара жатыр қартайып.
Отбасында, бала-шаға қасында,
Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.
Көңіл жетім, болмаған соң сыңары,
Жалқы тірлік жаман сөзден сынады.
Жас баладай жаутаңдаған жанарға,
Қайта-қайта қарағың кеп тұрады
Қағыс естіп қалбаңдайды баладай,
Ниеті ақ, пейілі кең даладай.
Кімге болса қарттық жетер аяңдап,
Мәпелеңдер, қарт біткенді аялап
2-жүргізуші:
Қарттардың күні қайырлы болып,
Көңілге кемел қуаныш толып,
Егемен елге септері тисін,
Жоғарғы жақтан мәртебе алып.
Ел басы жасап, сіздерге кемел.
Сыйлады бүгін қолтықтан демеп.
Жасай бер, жаса, қарттарым менің,
Халқыма аман сіздер- ғой керек..
Сағынтып талай жыр туар,
Оралар әлі- ақ сан жыршы.
Даламның иісі бұрқырап,
Қарттарым аман- сау жүрші.
Ән: «Туған жер» орындайтын Оразалин Сержан
1-жүргізуші:
Біз өзіміздің ата-әжелеріміздің алдында, аға- ұрпақтың алдынды үлкен қарыздармыз. Ол қарызымызды тек қана жақсы тәрбиеміз арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде қүрметтеу сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз. Бұл қасиеттер ешқандай да ақшаға сатып ала алмайтын байлық. Ол тек адам жүрегінде орын алатын қасиет.
2-жүргізуші:
Қартарым-ай, қарттарым тау тұлғалы
Қанша жылдар өтіп кетті сен тұрғалы.
Мен сіздерді ата деймін, әже деймін,
Мен сіздерді сүйемін құрметтеймін.
Құрметті қариялар! Біз сіздердің алддарыңызда әрқашан да бас иеміз!
«Қарттарым,аман,жүрмісің?» атты мерекелік кешімізді аяқтауға рұқсат етіңіздер. Келесі кездескенше сау саламат болыңыздар!


© 2010-2022