Сынып сағаты Толғаймын ана тілімді

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Толғаймын -ана тілімді»

Мақсаты:

1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.

2. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.

3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, бекеттер-топ аттары жазылған плакаттар, «Ана тілі - рухани даму негізі» кітап көрмесі, ұпай беретін таяқшалар, мадақтау қағаздары, Microsoft Pover Point программасында безендірілген презентация.

Абайдың әні « Сегіз аяқ»

1-жүргізуші: Сүйемін туған тілді - анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнім.

Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,

Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім.

С.Торайғыров.

«Бейне баян» «Қазақ тілі»

2-жүргізуші: Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,

Туған тілім-анам тілі-өз тілім.

Туған тілім-далам тілі-өз тілім,

Туған тілім-адам тілі-өз тілім.

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

Д. Әбілев.

«Ән» Анамның тілі орындайтын Мұхамбедияров Н

1-жүргізуші: Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,

Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.

Әр адамда өз анасынан басқа да,

Ғұмырына етер мәңгі астана,

Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,

Болу керек құдіретті төрт ана:

Туған жері-түп қазығы, айбыны,

Туған тілі - мәңгі өнеге айдыны,

Жан байлығы, салт-дәстүрі-тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі.

Және туған тарихы.

М.Шаханов.

2-жүргізуші: Тілім менің!

Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің.

Тұнығым, рухани жан азығым

Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім.

Ана тілім, туған тілім,бал тілім

Сен арқылы дүние танып талпындым.

Сен арқылы әлемге аян бар ісім

Сен өмірде таусылмайтын алтыным.

Ш.Айтматов.

Мұғалімнің сөзі: Құрметті оқушылар, сіздердің араларыңызда ақындық бейім оқушылардың өз шығармашылықтарын мәнерлер оқуға кезек берейік

Сайфолла Ә

Серікбайұлы Ә

Асқар А

Көремендерге Әзіл сұрақтар:

Айнаға қай кезде өкпелеуге болмайды?

Қорқақ неден қорқады?

Тауық түс көре ме?

Қарғыстың ең жаманы не?

Тастың жеңілі бола ма?

Ауыз бен қолды қандай жерде тыю керек?

Қандай кілт аспанда болады?

Неменеге өкпелеп жүргенде не шықты?

Қорытынды:

1-жүргізуші: Тіл-қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта да тіл өз ұрпағының қанына, жанына өз ұрығын егіп, өміршең күй кеше береді.

2-жүргізуші: Туған тілім - тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

Ә. Тәжібаев.

Екеуі бірге қосыла: Кіршіксіз қардай сақтаңдар,

Қазақтың тілін ғаламат.

Ана тіл - арым, иманым,

Аманат, саған, аманат.

М. Әлімбаев.

Қорытынды



© 2010-2022