Ұлы Жеңіске 70 жыл

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұлы Жңіске 70 жыл

Тәрбие сағатының мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағлумат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Әрқайсысымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні де келіп жетті.Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бүл күннің маңызы өте жогары.Жеңіс үшін жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың қайсар ерліктерін ешқашан ұмытуға болмайды. Ендеше, бүгінгі "Ұлы Жеңіске 70 жыл" деп аталатын ашық тәрбие сағатымыз Жеңіске, Жеңіс себепкерлеріне арналады.

(Сахнада қуанышты әуен естіліп тұрады, әйелдер қыздың жасауын тігіп ,жас келіншектер ұзатылатын қызбен әзілдесіп отырады. Даладан бір бала жүгіріп ішке кіреді)

Бала: Апа,апатай,сұмдық, радионы қосыңыз!

( Радиодан соғыстың басталғаны туралы хабарлайды,әйелдер жылап-сықтап үйлеріне тарасады)

2-жүргізуші Бұлт торлады аспанды,

Қара жер қанға ластанды.

Зеңбірек атып жан-жақтан,

Осылай соғыс басталды.

( "Священная война" әні ойнап тұрады,ер-азаматтарын әйел-қыздар соғысқа шығарып салады)

1-жүргізуші Қиылды қанаты тәтті арманның,

Үзілді қайырмасы бақтарда әннің

Әлемде ең сұмдық күн ана үшін,

Майданға азаматтар аттанған күн.

2-жүргізуші Найзағай жиі-жиі шақпақталып,

Майданға азаматтар жатты аттанып.

Ежелден біздің елдің рухы аскақ,

Сенімін қалды сонда сақтап халық.

"Кестелі орамал" әніне би

(Сахнада пошташы бала, кездескен шал мен бала одан хат келді ме деп сұрайды ,ол басын шайқап жауап береді)

Пошташы баланың монологі.

1-жүргізуші Соғыс жалмап аға-іні бауырды,

Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.

Жалғызынан айырыпты ананы,

Әкесінен айырыпты баланы.

2-жүргізуші Бірінің жары өлгенде,

Бірінің жары хабарсыз.

Сұрапыл басқа төнгенде,

Кетіпті қара қағазсыз.

Соғыс туралы өлең оқылады.

"Дариға, сол қыз"

2 жүрг.: Соғыс жылдары қазақстандық бес әскери құрамға гвардиялық деген құрметті атақ беріліп, олардың туларына әлденеше ордендер қадалды. Олардың жауынгерлерінің ерлігі аңызға айналды. Соның ішінде атақты панфиловшылар дивизиясы бар. Оның құрамынан шыққан батальон, кейіннен дивизия командирі болған Бауыржан Момышұлының, Мәлік Ғабдулиннің есімдері соғыс тарихынан мәңгілік орын алады.

І жүрг.: Қызыл армия Масква түбінде Гитлерлік басқыншыларды алғаш рет жеңді. Бұл шайқаста Бауыржан Момышұлы басқарған батальон ерліктің тамаша үлгісін көрсетіп, жауды ойсырата жеңді. Фашистердің Москва түбінде жеңілуі Ұлы Отан Соғысындағы түбегелі бетбұрыс болды.

Б. Момышұлының жанды дауысы беріледі)

"Катюша" әні

Соғыс туралы өлең оқылады.

IІ жүрг.: Соғыс кезінде оқ атылмады демесе, ауылдағы тіршіліктің қиындығы майдандағыдан кем болған жоқ. Аналар мен балалар, ақсақалды аталар бәріне төзді. Таңның атысынан күнің батысына дейін бел жазбай жұмыс жасады; жер жыртты,астық жинады, шөп шапты, майданға керек-жарақтың бәрін жіберіп тұрды.

(Сахнада тылдағы адамдар егістікте жұмыс жасап жүреді)

Пошташы бала жүгіріп келеді: Алакай, алакай! Жеңіс, біз жеңдік!

(Адамдар қуанысып, бірін-бірі құттықтап жатады. Ауылға келеді. Алаңдағы радиодан Жеңіс туралы хабарды тыңдайды.)

Бақыт сыйлап жатады әр күн

Санамызға жарық берген

Әкелері аталардың

Бұл Жеңісті алып келген

Оқушы:

Қуантамыз ән сап жұртты,

Келе берсін бақыт таңы.

Жеңіс күнің болсын құтты,

Батырлардың ұрпақтары.

(Таспадан "День победы" әні естіліп тұрады.Майдангер жауынгерлер елге келе жатады)

"Соғыстан қайтқан солдаттар" өлеңі оқылады

("День победы"әні қайтадан естіледі, солдаттар туысқандарымен қауышады)

Ән "сарбаздар"

1-жүргізуші

Міне, Ұлы Жеңіс күнінің 70жылдық мерекесі көктемнің шуақты күнімен келіп отыр. Сонау 1941 жылы бейбіт жатқан елге Германия фашизмдері ашқан соғыс қазақ ұлдарын да жалмап, ананы баласыз, баланы әкесіз, әйелді жесір қалдырғаны әрбір адамның жүрегінде.

2-жүргізуші

Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем. Жүз мыңдаған ата - әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде - ақ майданға аттанды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де ешқашан да ұмытпауға тиіс.

1-жүргізуші

Дәл осынау жадыраңқы жай күні,

Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.

Ұлы Отаным басын иіп бір минут,

Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.

(бір минут үнсіздік, орнынан тұрып еске алу

2-жргізуші

Қазақстанда соғыстың алдында 6,2 миллион халық тұратын еді. Осы жылдары республикамыздан 1 млн. 196 мың 164 адам қару асынып, майданға аттанды. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстаннан соғыс жылдары әскери комиссариаттары арқылы 1 млн. 900 мыңдай адам сапқа тұрды.

Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты.

1-жүргізуші

Сен құрметте оны!

Түсіндің бе, қарағым?!

Ол ақшаға сатқан жоқ,

Тізеден кесіп аяғын.

Еріккеннен де ұстап жүрген жоқ,

Қолтықтағы ұзын таяғын.

2-жүргізуші

Кешегі елге қатер төнгенде,

Ол жауға қарсы шапты,

Бізді жалмамақ болған ажалды

Өр кеудесімен қақты.

Ол арыстанша алысты,

Елім соққысын өз үстіне алды,

Денесін оқ пәршеле се де,

Ел намысын қорғап қалды.

1-жүргізуші

Сен құрметте оны!

Түсіндің бе, қарағым?!

Сенің келешегің үшін берді ол

азаттық жолда аяғын!

"Майдангерлер азайып барасыңдар" өлеңі оқылады

Мұғалім:

Балалар, бүгінгі біздің сынып сағатымызда соғыстың куәгерлері Отанын қорғаған, бізге осындай бақытты да бейбіт заман сыйлаған өз аулымыздағы соғыс ардагерлері қатысып отыр. Құрметті ардагер аталарымызға сөз берейік. (Соғыс ардагерлері ұлы Отан соғысы туралы айтып, балаларға ақ тілегін білдіріп, бейбіт өмір тіледі).

1-жүргізуші

Болмасын соғыс!

Жасасын Жеңіс - мамыр - ай!

Қозы - лақ шапсын енесін еміп жамырай,

Тау азаматтар жарақат алып жатпасын,

Ажалын тауып қорғасын оқтан тарыдай

2-жүргізуші

Жасасын Жеңіс!

Еңбегі барлық солдаттың,

Болашақ ұрпақ ерлігін айтар жалғап мың.

Қанша ма адам ерліктер жасап майданда

Қазақтың атын, халықтың атын самғаттың!

1-жүргізуші

Жасасын Жеңіс!

Бақытты елім күле бер!

Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!

Болмасын соғыс!

Болмасын соғыс!

Болмасын!

Осы тілекпен барша халайық түрегел! ------дей келе бүгінгі біздің "Ұлы Жеңіске 70 жыл" атты тәрбие сағатымызды қорытындылау үшін сөзді мектебіміздің директоры Қалдыбике Батырқызына береміз.



© 2010-2022