Классный час на тему В мире нравственности

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Отаубаева Асемгуль Жанбазаровна

«Адамгершілік әлемінде»

Тақырыбы: «Адамгершілік әлемінде»

Мақсаты: оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбиесін тиімді беру жолдарын зерделеу; ұтымды әдіс-тәсілдерді таңдап алу.

Міндеті: топтық жұмыстардың тиімділігін көрсету;

Жаңа әдіс-тәсілдердің көптүрлілігін айқындау.

Формасы: саяхат сабағы (пойызбен саяхат жүргізу), топта жұмыс жүргізу.

Барысы

Кіріспе сөз.

Ұйымдастыру кезеңі.

Жағымды көңіл-күй орнату, отырғандарды топқа бөлу (әншілер, ақын-жазушылар, актерлер - сурет арқылы);

Топтағы адамдарды бір-бірімен таныстыру - өзінің аты, жеке қасиеті (Дариға - дарынды).

Тәрбие сағатының мақсаты мен міндетін түсіндіру, саяхат жолын ұғындырып, топтарды вагондарға жайғастыру.

Негізгі бөлім

  1. РАФТ - стратегиясын қолдана отырып ата-аналарымызға хат жазу (топпен) - 3 мин

Р-рөл - оқушы

А- аудитория - ата-анаға

Ф- форма - хат

Т - тақырып - саяхатқа шығу үшін рұқсат алу.

  1. Бірінші станция - «Достық»

Вагондарда отырғандар «Достық» тақырыбындағы, дос деген сөз кездесетін әндерді, шығармаларды, киноларды топтастырады (әншілер - әндерді, ақын-жазушылар - шығармаларды, актерлер - кино туындыларын).

Үлгі: Әндер - «Жан досым», «Досыма», т.б. - 3 мин.

Шығармалар: «Жаңа достар», «Түйебай», т.б. (ұнаған бір шығармадан үзінді оқу, ән шырқау).

  1. Екінші станция - «Рух»

«Рух» ұғымын ашу (1-шығармашылық, 2- пирамида, 3- образды түрде)

  1. Үшінші станция «Тазалық» - пікіралмасу минуты

Топтарға тазалық тақырыбында шағын мәтін ұсыну. Мәтінді топ ішінде талқылау.

Әр топқа сұрақтар үлестіру. Берілген мәтінмен тәрбие сағатының байланысын топта талқылау, ұтымды ойды көпшілік назарына ұсыну. - 5 минут

Ыбырай Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесін беру. Мәтінді оқып, топта талқылау.

Венн диаграммасы арқылы екі мәтінді салыстыру. Олардың ортақ ұқсастығы мен айырмашылығын талдау - 4 минут.


  1. Төртінші станция «Сүйіспеншілік»

Рефлексия: «Алты неге?»

  1. Адамға адамгершілік керек. Неге?

  2. Адам жүрек жылуымен біреумен бөлісу керек. Неге?

  3. Мінсіз адам болмайды. Неге?

  4. Құрмет отбасынан басталады. Неге?

  5. Рухани-адамгершілік құтысын әрдайым толтырып отыру керек.Неге?

  6. Сіз өзіңізді сүйесіз. Неге?

Қорытынды шығару:

«Адамгершілік әлемінде» нелер бар?

(Адамгершілік себетін қасиеттерге толтыру) - достық, сүйіспеншілік, мейірімділік, теңдік, толеранттылық, т.б.

© 2010-2022