Ата-аналар жиналысы Білім мен тәрбие егіз

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

"Білім мен тәрбие егіз". 10.09.2014ж

6 «а» сыныбының ата- аналар жиналысы

Білім мен тәрбие егіз Сынып жетекшісі

Демеубаева М.Э.

«Оқу мен тәрбие егіз» атты ата-аналар жиналысының өткізіліуі.

Ата-аналар жиналысының барысы:

1.Мұғалімнің өзін өзі таныстыруы

2.Ата -аналарды топқа бөлу

3. Топтық жұмыс ұйымдастыру

4. Ата- аналар комитетінің мүшелерін сайлау

5. Ата- аналардың сұрақтарына жауап беру

Көрнекілігі: « Тәрбиенің тамаша мектебі- отбасы», « Баланың жақсысы- қызық, жаманы- күйік», « Отан отбасынан басталады», « Білім мен тәрбие егіз» сөздері жазылған плакаттар.

Мұғалімнің сөздері: Отбасы ошақтың үш тағаны сияқты, олар- әке, ана, бала. Үшеуінің бірлігі отбасының бірлігі. Қоғамдағы әр шаңырақтың босағасы берік, мерейі үстем болмай , мем лекетіміз мықты болуы мүмкін емес.. Бала- ата-ананың игі істерін жалғастырушы болашағы. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауып әкеледі» деп ұлы ғалым- философ Әбу-Насыр Әл- Фараби айтқандай, балаларға жан- жақты тәрбие беріп жетілдіріп отыруымыз парыз.

Ата -аналарды топқа бөлу

1- ТАПСЫРМА .

Өнегелі отбасы дегенді қалай түсінесіз? Өнегелі отбасының макетін жасау (Постер жасау)

Өнегелі отбасы дегенді қалай түсінесіз? Деген сұрақ төңірегінде . Ата- аналар өз ойын топтастырып постер жасаулары қажет. Ата- аналар өздерінің жұмыстарын қорғайды.

2- ТАПСЫРМА

Топқа пікір тастау. Сұрақтар қою:

1-топ- Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па?

2-топ - Баланы қатаң тәрбиелеген дұрыс па?

3-топ- Қайтсек ұлымыз ұлағатты , қызымыз инабатты болады?

3-ТАПСЫРМА

Жалғасын тап

1.Баланы қолдап отырса.......

2. Егер баланы үнемі сынап отырса.......

3.Балаға үнемі күлсең......

4.Бала кекшілдікте өссе........

5. Бала төзімділікте өссе........

4-ТАПСЫРМА

Сауалнама алу.

.«Баланы ата- ана тәрбиелейді. Ата- ананы кім тәрбиелейді?» тест. Тестің мақсаты: отбасындағы балаға деген ата анның қатынасының стилін анықтау. Орындау ережесі. Ұсынылған сұрақтарды мұқият оқып шығыңыз. Оларға ашық жауап беруге тырысыңыз. Тест бала тәрбиесіне байланысты белгілі бір қортынды шығаруға көмектеседі.

Жауап варианттарын мына төменгі әріптермен белгілеңдер: А)«Мен мұны істей аламын және әрқашан осылай істеймін» Б)«Иә, бірақ барлық кезде емес» В)«Жоқ, бұлай істей алмаймын»

Сұрақтар

Жауабы

балл

1

Кез - келген уақытта жұмысыңызды тастап баламен айналыса аласыз ба?

2

Жасына қарамастан онымен ақылдаса аласыз ба?

3

Жіберген қателіктеріңізді баланың алдында мойындай аласыз ба?

4

Қателіктеріңіз үшін одан кешірім сұрай аласыз ба?

5

Балаңыздың әрекеті сізді қынжылтқанымен өзіңізді игере аласыз ба, салқындық сақтай білесіз бе?

6

Балаңыздың орнына өзіңізді қоя білесіз бе?

7

Бір минутқа өзіңізді мейірімді перзент ретінде сезіне аласыз ба?

8

Балаңызды жаралайтындай сөздерді пайдаланудан өзіңізді үнемі аулақ ұстай білесіз бе?

9

Жақсы қылығы үшін балаңызға оның тілегін орындайтыныңызға уәде бересіз ба?

10

Балаңыз ойына келгенді істегісі келсе және өзін қалай болса солай ұстағысы келсе, оның әрекеттеріне еркіндік беріп, тірлігіне ешқандай араласпайтын бір күн бере аласыз ба?

11

Басқа баланы сіздің балаңыз ұрса, негізсіз ренжітсе оны елемей қоя аласыз ба?

12

Балаңыздың өтініші мен жылауына, егер ол еркелік немесе қырсықтық жасаса қарсы тұра аласыз ба?

Бағалау шкалысы: 1. А- жауап -3 балл 2. Б-жауап - 2 балл 3. В жауап - 1 балл

30-39 балл жинасаңыз, бала сіздің өміріңіздегі ең құнды адам. Сіз оны тек түсініп қана қоймай, оған құрметпен қарайсыз. Сіз тәрбиелеуде прогрессивті принциптерді қолданасыз. Жақсы нәтижелерге қол жеткізуіңізге кумәнденуға себеп жоқ. 16-30 балл жиналса, балаға қамқорлық жасау сіз үшін бірінші маңызды жұмыс, сіздің қамқорлығыңыз гипрқамқоршылықпен ұштасып жатыр.

Әрбір бала дара тұлға. Бала тәрбиесінде ата-ана балаға қысым көрсетуден, бала көзінше дөрекі сөйлеуден, жат қылықтар көрсетуден аулақ болу, үлгі болуы керек. Сонда ғана білімді, жан- жақты дамыған ұрпақ тәрбиелей аламыз.

Қорытындылай келе , тәрбиедегі ең басты ережелер - балаға керекті кезде назар аудара білу, оған деген махаббатты қай жаста да көрсете білу, оның көзқарастарын ерекшеліктерін түсіне білу болып табылады дегім келеді Сізге баламен сөйлесудің 10 ережесін ұсынғым келеді

Ата- аналар комитетінің мүшелерін сайлау

Ата- аналардың сұрақтарына жауап беру





© 2010-2022