Тәрбие сағаты Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер 6 сынып

Раздел Классному руководителю
Класс 6 класс
Тип Видеоуроки
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні:

Мерзімі: 12.01.2016 жыл

Сыныбы: 6«Г»

Сабақтың тақырыбы:

Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер

Сабақтың реті:

17-сабақ

Жалпы сабақтың мақсаты:

оқушыларды әке-шешелерін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу, екіншіден, ата-ана, ұстаз,оқушы арасындағы ынтымақты нығайту, үшіншіден, халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері арқылы оқушылардың бойында асыл адамгершілік, өнегелі қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу

Күтілетін оқу нәтижелері:


Ата - бабамыздан ұрпақтан - ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру. Жанұя арасындағы байланыс, әкенің ұлға, шешенің қызға тәрбиесінің ықпалын айтып, балаларды бірін - бірі сыйлай білуге, қамқорлыққа, әдептілікке үйренеді.

Түйінді идеялар:

«Естігенімді ұмытамын, көргенімді сақтаймын, өз істегенімді меңгеремін» Конфуций сөзі

Сабақты ұйымдастыру түрі:

Тренинг-тәжірибе

Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер:

топтық әдістер, ДК, сыни ойлау, түрткі болу, сынақтан өткізу техникалары

Жұмыс түрлері:

Ұжымдық, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс

Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі яғни дереккөздер:

Интерактивті тақта, слайд, ақ парақшалар, маркерлер, стикерлер, компьютер

І. Қызығушылығын ояту кезеңі:

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

1-әрекет. Шаттық шеңберін құру арқылы оқушылар бір-біріне бүгінгі сабаққа жақсы тілектерін тілейді

Оқушылар бір-біріне тілек тілейді.

2-әрекет. «Асық» арқылы топқа бөлу.

Оқушылар топқа бөлініп, жаңа топ құрады

ІІ. Мағынаны ажырату кезеңі

3-әрекет. Интербелсенді тақтадан видео ролик көрсету арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтау.

Видеоны көре отырып, қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы сабақтың тақырыбын ашады.

4-әрекет. Топтық жұмыс. Тақырып бойынша «әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» тақырыбына постер жасау

Топтық жұмыс: постер жасау, қорғау.

5- әрекет. « Екі жұлдыз бір тілек әдісі арқылы бағалау» әдісі арқылы бағалау

Оқушылар бір-бірлерінің жұмыстарын бағалайды

ІІІ. Ой толғаныс кезеңі

6-әрекет. «Ой толғау» әдісі арқылы берілген тапсырма бойынша жалғасын құрау

Оқушылар берілген тақырыптың жалғасын құрап, көрсету.

7-әрекет. «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау

Оқушылар бір-бірін бағалайды.

8-әрекет. Жеке жұмыс: «Түртіп ал» әдісі. Мақал-мәтелдің келесі жартысын табу


Оқушылар берілген мақал-мәтелдің жартысын табу, жұмыс дәптерлеріне түртіп алу

9-әрекет. «Басбармақ» әдісі арқылы бағалау.


Оқушылар бірін бірі бағалайды.

10-әрекет. Үй тапсырмасы

Үйге осы тақырыптарда кеңінен ізденіп келу.

11-әрекет. Жеке жұмыс: «Күту ағашы» әдісі бойынша кері байланыс жасату


Оқушылар «Күту ағашына» өздерінің бүгінгі сабақта алған әсерлерін стикер арқылы жазып іледі

Мұғалім

Жиенбаева Әлия Нәсілжанқызы









© 2010-2022