Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер

Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған (Hatte, 2009). Бұл бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен аста...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер


Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған (Hatte, 2009).

Бұл бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді. (Мұғалімге арналған нұқаулық, 6 бет) Міне осы сындарлы оқытуды негізге алған бағдарламаны оқу барысында 7 модульді оқып үйрендім. Бұл мен үшін жаңалық болды. Бірақ мен жаңашылдықтан еш уақытта қорыққан емеспін. Себебі мұғалім мамандығын менің сүйікті мамандығым десем болады. Сондықтан сүйікті кәсібіме жаңашыл бастама енгізуді мен қашанда қолдаймын. Я.А.Коменский балаларға тәлім-тәрбие беріп ұстаздық көрсететін мұғалімді өте жоғары бағалап: « Мұғалім - мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі. Оларға тамаша қызмет тапсырылған, күн астында одан жоғары ешнәрсе болмақ емес» - деген екен.

Шындығында ұстаз деген бойындағы күш-қайратын ұрпақ тәрбиесіне жұмсап, сол жолда еңбек етіп талмай ізденетін ұлағатты жандар деп білемін. Сондықтан мұғалім ретінде өз тәжірибеме үнемі сыни көзбен қарайтынмын. Осы ретте бағдарлама негізінде қамтылған модульдер менің педагогикалық көзқарасыма әсер етті. Себебі менің теориялық білімім болғанымен әдістемелік білімім жеткіліксіз екенін осы оқу барысында түсіндім. Үйткені мен бұрынғы сабақтарымда оқушылардың нені оқып-үйренгісі келетіні жөнінде ойланбаппын. Енді осы қателіктерімді дұрыстамақ болып мектептегі тәжірибе кезінде алдымен әріптестермен кеңесіп өзімнің алған біліміммен бөлістім. Оларға бұрынғы сабақтарымды өзіме ыңғайлы үйреншікті тәсілмен құрылымдағанымды және оқушы қызығушылығын ескермегенім қателік екенін де айттым. Әрине бастапқыда сабақтарымды қай бағытта қалай өзгертемін деген қорқынышым да болды. Дегенмен бағдарлама барысында 7 модульді оқып үйрену маған бағыт-бағдар берді, мұғалім ретінде тәжірибеме өзгеріс енгізуіме көмектесті деп айта аламын. Осылайша мен сабақ өткізу әдісімде оқушылардың таным қабілетіне баса назар аудардым. Себебі «оқу бар және сонымен қатар оқуды үйрету де бар» (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 32 бет).

Алдымен мен өзімнің курс барысында тыңдаушы болған кезімді еске түсірдім. Біз онда барлық тыңдаушылар мәселені өзіміз талқылап, пікірлесу арқылы жұмыс жасадық. Білімді өздігімізден игеру ұнады. Сол сияқты оқушыларға да дәл сондай мүмкіндік беруге тырыстым. Ең маңыздысы оларға өз қалаулары мен өз еңбектерін қолдану ұнады. Мысалы мен сабақта белгілі бір тақырыпты берген кезде олар өз пайымдаулары бойынша түсініп, талдап, ой қорытып, білімдерін ортаға салу арқылы өз ара әрекеттесетінін байқадым. Демек, сабақтың қызықты өтуі, оқушының теориялық білім алуы мұғалімнің оқушыға сабақты түсіндіруімен байланысты емес, оқушылардың өз қалауымен ерікті түрде білім алуына, сол жолда еңбектенуіне жағдай туғызуға байланысты деп ойлаймын. Әрине бастапқыда олар қателесуі мүмкін. Мұндай сәтте оған бағыт беріп, қателігін дұрыстауға үйрететін мұғалім.

Бағдарламаның негізгі мақсаты сол балаларды өздігінен білім алуға үйрету. Енді мен әр сабағымды жаңаша құрылымдап өткізуге тырыстым. Бұған мектептегі тәжірибе кезі жақсы мүмкіндік болды. Сондай-ақ сабақ өту дәстүрімізге өзгеріс енгізгенімді балалар да байқаса деп ойладым. Нені оқыту керек? Балалар қалай оқиды? Оқыту реттілігін қалай құрылымдау керек? Табысты бола білгендігіңізді қалай бағалау керек? деген сұрақтар төңірегінде көп ойласуыма тура келді. Өзімнің сабақтағы мұғалім басқарушы рөлінен арылып, бағыттаушы рөліне енуім үшін осы 7 модульмен жұмыс жасау керек деп білдім.

Сыныбымда алғашқы кезде топтық жұмыстың барысы шуға ұласқан жағдайда, күлкінің басымдығы да орын алып жатты. Бірақ келе-келе балалар сабақ мақсатын өздері айқындап, өздері жаңа сабақты түсіну үшін жұмыс жасаған сәтте жауапкершілікті сезіне білгеннің арқасында сабаққа көңіл аударып, өз жұмыстарына байыпты қарауды үйренді. Флипчартпен жұмыс жасағанда немесе тапсырма орындағанда балаларға уақыт беріліп, сол межеде жұмысты аяқтау керектігі жөнінде талап қоюыма тура келді. Себебі, бастапқы кезде сәл кешеуілдеп орындаған тапсырмаларымыз да болды. Бұл жаңа сабақты өтуге немесе тапсырмалар орындауға уақыт тапшылығын сездірді. Кейін келе бұл мәселе уақытқа бағынуға тырысқанның нәтижесінде өзінің оң шешімін тапты. Міне, осындай балалармен ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруға бағытталған жұмыс өзіме де ұнады.

Сыныптағы диалогты орнату үшін алдымен әр сабағымда ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырып отыру қажет екенін түсіндім. Сол себепті 6 сынып оқушыларымен жұмыс жасаған тәжірибе кезінде алдымен сынып оқушыларын достық қарым-қатынасқа негіздемей түрлі әдістерге (түрлі фигуралар арқылы, мақал-мәтелдер арқылы, сурет құрастыру арқылы) сүйене отырып топқа бөлдім. Топ мүшелері ақылдаса отырып топтың атын және ережесін құруды үйренді.

Осылайша жұмыс басталған кезде әріптестер тарапынан қызығушылық танытып жаңа әдісті түсіндіруіме тілек білдіргендер де болды. Әр сабағыма қатысып көргеннен кейін өзіндік ой-пікірлерімен бөлісті. Олардың айтуынша сабақтың барысында диалогтің жақсы орын алатындығы, оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына, өз бетінше ізденуіне жаңа әдіс жол ашады-мыс. Мұндай пікірлерден кейін әріптестер жаңашыл бастаманы құптап қолдау көрсететіндеріне менде сенімді болдым.

Мұғалім ретінде бағдарламадағы «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулін түсініп, қолдана білгеннің нәтижесінде балалар өздігінен жұмыс жасады. Келе-келе сабақтың мақсатын өздері құруға дағдыланды. Соның нәтижесінде мен оқушының оқу үлгерімін ғана емес, түсініп оқуын бағалау керектігін де ұғындым. Осы курс арқылы бұрынғы сабақ берудің дәстүрінен жаңаша оқуға бет бұрдым.













№73 негізгі орта мектебі















Баяндама

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер


Баяндамашы: қазақ тілі және

әдебиет мұғалімі М.Б.Торина























Қарағанды 2013

© 2010-2022