Тәрбие сағаты Ұлттық ойындар

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Ұлттық ойындар

Мақсаты:Оқушыларға ұлттық ойындар туралы түсінік беру.

Оқушылардың алған тәрбиелерін толықтыра отырып,олардың ойлау қабілетін арттыру.

Ұлттық тәрбие беру.

Көрнекілігі: оқулық,суреттер,ойындар.

Сабақ барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі:

2.Жаңа сабақ.Хан алшы ойыны.

Ойын шарты:Ойынға 5-10 балаға дейін қатысады.Асық көп болу керек.Көп асық ішінен бір асықты қызыл түске бояиды.Осы асық хан болады.Алдымен санамақ арқылы бастаушыны тағайындайды.Бастаушы асықты барлығын жиып алып шашып жібереді.Сендер ханның қалай түскенін байқап отырыңдар.Егер «ханның»бүк,шік,тәйкі, түссе, ойын бастаушы бала «ханның»түсуіне қарай жақын жатқан асықтарды бас бармақтың көмегімен сұқ саусағымен итере ыршытып біріне-бірін дәлдей отырып тигізеді.Тигізгенін асықтарды өздері алады.

Омпы ойыны.

Ойын шарты:Асықты мұртынан немесе жамбасынан тұрғызуды «Омпы »дейді.Омпы ойынына 2-10 балаға дейін қатыса беруіне болады.Ара қашықтығы 10-20 адам (қалауларың бойынша) жерге екі көмбе сызыңдар. Әрқайсысы көмбенің тең ортасында белгіленген сызық бойдағы көне екі асықтан тігіңдер.Ортасында бар асықты омпысынан тұрғызыңдар.Көмбедегі сызық бойына кезекке тұрып,қолдарыңдағы сақаларыңды көнге тігілген асықтарды түсірулерің омпыға тигізесіңдер,көнедегі барлық асықтарды аласыңдар.Көп асықты ұтып алғандарың жеңіске жетеді.

Көтермек ойыны.

Ойын шарты:Ортаға екі бала шығыңдар.Бір-бірлеріңе арқаларыңды тіреп қолдарыңды шынтақтастырыңдар.Жүргізушінің белгісінен кейін қайсысы бұрын екіншіңді көтеріп алсаң,ұтқан болып есептелінеді.Жеңіске жеткендерің ортада қалып ,келесі баламен сайысқа түсесіңдер.

Тақия тастамақ ойыны.

Ойын шарты:Ойнға бірнеше бала қатысады.Балалар ,шеңбер жасап отырыңдар.Жүргізуші шеңбердің сыртын айнала жүгіріп ,біреулерінің артынан білдіртпей тақияны тастап кетеді.Егер сезіп қойсаңдар,жүгірушіні қуып жетулерің керек.Ал жүргізуші қуған баланың орнына келіп тұра қалуға тырысады.Жүргізушіге жете алмаған бала айыбын төлейді,өнер көрсетеді.

Түйілген орамал ойыны.

Ойын шарты:Алдымен кез-келген орамалды түйіп-түйіп доп тәріздес етіп алыңдар.Бір бала ортада тұрады,қалғандарың оны қоршап тұрасыңдар.Сыртта тұрған біреуінің қолында орамал болады.Берілген белгіден кейін ортада тұрған бала осы орамалды сендердің қолдарыңнан алып қоюға әрекеттенеді .Ал,сендер бір-біріне лақтырып, қашып, ортадағы балаға түйілген орамалды бермеуге тырысуларың керек.Орамалды беріп қойған бала ортада жүрген баламен орнын алмастырады.

Оқтау тартыс ойыны.

Ойын шарты: Бұл ойынды ойнау үшін де ортаға екі бала шығады.Алдымен жерге сызық сызыңдар және сол сызықтың екі жағына тұрыңдар.Енді оқтаудың екі ұшын ұстап тартыңдар.Қайсысың сызықтан өтсең,жеңілесің.Ал ,күшің басым болып тартып алғаның жеңіске жетесің.



© 2010-2022