Классный час на тему Қылмыс қайдан шығады?

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі


«БЕКІТЕМІН»

Жаңақорған аграрлы-техникалық

колледж директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

___________ К. Дәндібаев





ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Конференция сабағы


Тақырыбы: Қылмыс қайдан шығады?

Дайындаған: Алпамышева Қарлығаш















Жаңақорған 2014ж.

Сабақтың тақырыбы: Қылмыс қайдан шығады?

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: студенттердің бойында өз құқықтары мен қызметтерін жүзеге асыра білу, айналасындағылар іс-әрекетінің заңға сәйкестілігін қадағалау қабілетін қалыптастыру;

Дамытушылық:жеке тұлғаны дамыту, талдау,салыстыра білу қабілетін дамыту;

Тәрбиелік: азаматтылық, елжандылылық, ҚР-сына сүйіспеншілік, Конституцияға қайшы және қағамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге, өздерінің құқығын қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабақ әдісі: Конференция сабағы

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, ҚР-ның конституциясы.

Сабақтың барысы

Мұғалім: Құрметті қонақтар, мұғалімдер, студенттер! «Қылмыс қайдан шығады?» атты конференция сабаын ашық деп жариялаймын.

Бүгін біздің еліміз бүкін әлем қауымдастығы мойындап отырған тәуелсіз, егемен мемлекет. Әр мемлекеттің өз заңы болады. Елбасы Н.Ә. назарбаев айтқандай «Біз әрбір адамның ар-намысын, жағымды қасиеттері мен беделін, жоғары адамгершілік, этикалық стандарттары және рухани құндылықтарын бағалайтын қоғам құруымыз керек».

ҚР-сында құқықтық жалпы білім беруді ұйымдастырудың шаралары туралы 21 маусым 1995 жылы №2347 қаулысын жариялап, «Заңды білу-заман талабы» екенін көрсетті. Осы заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

  1. Бала-он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам;

  2. Баланың өмір сүруге, жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауға құқылы.

Көптеген адамдар санасында құқық ұғымы жазалау, соттау, құқық бұзылуының ұғымдарымен байланысты түсіндіріледі. Бірақ құқық әдептілік, теңдік, ізгілік екендігін, қоғамға негізделген тәртіп ережелері екенін естен шығармауымыз керек. Олай болса бүгін біздің тақырыпты талқылауға, заңның баптарымен тереңірек таныстыруға, ой толғауға, сұрақтарға толығырақ жауап беруге келіп отырған қонақтармен таныстырп өтейін.

  1. Кәмелетке толмаған жасөспірімдер ісі жөніндегі маман.

  2. Колледж психологы.

  3. Колледж социологы.

  4. Құқық пәнінің мұғалімі.

  5. Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Баяндамашы-кәмелетке толмаған жасөспірімдер ісі жөніндегі маман. Маманның баяндамасынан кейін қойылатын сұрақтар болса қойылып, жауап беріледі.

Келесі кезекті бейнебаянға берейік (Бейнебаянды көріп болған соң оны талдау керек).

Келесі сөз кезегі колледж психологына беріледі. Сөз соңында қойылатын сұрақтар болса қойылып, жауап беріледі.

Құқық пәнінің мұғалімі, Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына студенттер тарапынан сұрақтар қойылады.

Студенттер өз құқықтары жөнінде ҚР-ның конституциясынан үзінділер оқып өтеді (9, 10, 11, 16, 20, 52, 54 баптар).

«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні»-бүгінгі сабақта алған білімдеріңді өмірде орныменқолданып, әрдайым естеріңнен шығармай қорытынды шығарады деген сеніммен сабағымызды аяқтаймыз. Сабаққа келіп қатысқан қонақтарымызға алғыс білдіреміз.



© 2010-2022