» Ұрпақ тәрбиесі-ұлы іс» тақырыбындағы эссе

Ұстаз - шәкірт жүрегіне жол табатын, оның жан-жақты жеке тұлға болып қалыптасуына жауап беретін жан.  »Ұлылықтың басында ұстаз тұрар» деп дана халқымыз айтқандай, жас ұрпақты тәрбиелеуші ұстаздың болашақ алдындағы міндеті мен борышы өте үлкен.   Ұстаз - білім мен тәрбиенің ұйтқысы,  жас ұрпақтың рухани сәулеткері, халықтың өзінің үміті мен болашағын сеніп тапсыратын сенімді өкілі. Өз білгенін, көргенін шәкірттеріне жеткізе білу, оның ой-өрісінің өсуіне ықпал жасау - ұстаздың мақсаты. Сондықтан  ...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұрпақ тәрбиесі - ұлы іс


Шәкірттерім - менің асқар биігім,

Сол биікте ойнақтаған киігім.

Шәкірттерім - құйылатын кеудеме

Әсем сазды әуелеген күй үнім.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұраттың ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі - келешек қоғам тәрбиесі. Әрбір жеке тұлғаның болашағы мектебінде шыңдалады. Ертеңгі еліміздің тұтқасын тізгіндер азаматтар - бүгінгі мектеп оқушылары. "Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін - білім" деп ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов айтқандай , елімізді өркениетке апарар жолдың бастауында мектеп тұрады. "Ел болам десең, бесігіңді түзе" десек, біздің бүгінгі тербеткен бесігіміз - мектеп. Мектеп - білім тірегі, ұстаз - оның жүрегі. "Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға" деп дана Абай айтқандай, ұстаздық деген ардақты атқа ерінбей еңбек етіп, шынайы шеберлік арқылы ғана қол жеткізуге болады дер едім.

Ұстаз - шәкірт жүрегіне жол табатын, оның жан-жақты жеке тұлға болып қалыптасуына жауап беретін жан. "Ұлылықтың басында ұстаз тұрар" деп дана халқымыз айтқандай, жас ұрпақты тәрбиелеуші ұстаздың болашақ алдындағы міндеті мен борышы өте үлкен. Әдетте, оқушының бойына шынайы білім - білік дағдыларын дарытып, зердесіне тоқытатын, алған білімді өмірде, іс жүзінде қолдана білуге жаттықтыратын - ұстаз. Ұстаз - білім мен тәрбиенің ұйтқысы, жас ұрпақтың рухани сәулеткері, халықтың өзінің үміті мен болашағын сеніп тапсыратын сенімді өкілі. Өз білгенін, көргенін шәкірттеріне жеткізе білу, оның ой-өрісінің өсуіне ықпал жасау - ұстаздың мақсаты.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев "Еліміздің ертеңі бүгінгі жастардың қолында, ал жас ұрпақ тағдыры - ұстаздың қолында "деп ұстазға үлкен міндет жүктеп отыр. Сондықтан әр оқушының жүрегіне жол тауып, ұстаздық атты қызығы мен шыжығы мол, қоғам алдында асқан жауапкершілікті қажет ететін мамандықты жүрек қалауымен таңдап, оқушыға сапалы білім мен саналы тәрбие беруді өз міндетім деп түсініп, оқушы шығармашылығын шыңдауды алдыма басты мақсат етіп қойдым. "Бұлақ көрсең көзін аш" демекші болашағынан үміт күттіретін, жанып тұрған оқушы жанарын көргенде бұл мамандықты таңдағаныма шын мәнісінде қатты қуанамын. Әр шәкірттің жүрегіне жол тауып, оқушыны білім нәрімен сусындатып, олардың ыстық ықыласына бөленгенудің өзі бір ғанибет екендігін түсінемін.

"Менің ұстазым - өмірде жасаған қателіктерім" деп Бернард Шоу айтпақшы мектеп өміріндегі әр сәттен оқушылармен бірлесе отырып сабақ алып, қасиетті мамандықтың қыр-сырын жетік меңгеруге талпынып келемін. Шәкірттерім де менің артқан сенімімді ақтап, үкілеген үмітіме селкеу түсірмей өз жетістіктерімен қуантуда. Ұстаз еңбегі шәкірт жетістігі арқылы бағаланатынын ескерсек, мен үшін ұстаздық еткен даңғыл жолда алғашқы сатының қаланғаны. Көкірегі кең, өз ісіне сенімді кішкене дененің әлем тарихын өзгертуге қауқары жететінін есепке алсақ, болашақ ұрпақ тәрбиесіне ұстаздар қауымының да сүбелі үлес қосуы керек. Баланың ынтасын арттыру үшін оқылатын нәрседен бір жаңалық керек деген тұжырымды басшылыққа ала отырып, үнемі ізденіс үстінде болып, заманауи технологияларды меңгеріп, шәкірттерімнің жүрегіне жол табу - менің басты қағидам.

"Атың болса жер таны желіп жүріп, асың болса ел таны беріп жүріп" дегендей тамшының теңізге ұласуының, яғни оқушының белестерді бағындыруына ықпал етіп, адами атқа лайық болып, қоғамда өзіндік орны бар тұлға қалыптастыру - менің парызым.








© 2010-2022