Жасай бер, ана тілім – қазақ тілі

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Жасай бер, ана тілім – қазақ тілі»Мақсаты: Алған білімдерін саралай отырып, оқушылардың қазақ тілін оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.Біздің ұранымыз: «Тіл бар жерде – өмір бар»Біздің өлеңіміз: Ана тілің арың бұл,Ұятың боп тұр бетте,Өзге тілдің бәрін біл,Өз тіліңді құрметте.Мөлдір:- Сәлеметсіздер ме жиналған қауым!Дамир:- Сәлеметсіздер ме оқушылар мен ұстаздар!Мөлдір:- Бүгін Жасай бер ана тілім – Қазақ тілі атты мерекелік кешке қош келдіңіздер!Дамир:- Сіздердің алд...
Раздел Классному руководителю
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Жасай бер, ана тілім - қазақ тілі»

Мақсаты: Алған білімдерін саралай отырып, оқушылардың қазақ тілін оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.

Біздің ұранымыз: «Тіл бар жерде - өмір бар»

Біздің өлеңіміз: Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Мөлдір:

- Сәлеметсіздер ме жиналған қауым!

Дамир:

- Сәлеметсіздер ме оқушылар мен ұстаздар!

Мөлдір:

- Бүгін Жасай бер ана тілім - Қазақ тілі атты мерекелік кешке қош келдіңіздер!

Дамир:

- Сіздердің алдарыңызда 7- сынып оқушыларын «тіл» мерекесіне арналған өлең оқу сайысына шақырамыз.

Сәулебек Абылай

Матыцина Валерия

Рязанов Сергей

Гадильмурзина Милана

Запрамётова Наталья

Әбдіғалымов Руслан

Мукашева Алина

Абдрахманова Адель

Мөлдір:

-Мен саған"осы тіл не үшін керек?деген сұрақты қойғым келіп отыр.

Дамир:

- Тіл бір-бірімізбен сөйлесу, түсінісу үшін қажет қой. Мұғалім "Тіл - қарым-қатынас құралы" деп түсіндірді емес пе?

Мөлдір:

- Тіл - қарым-қатынас құралы-ақ болсын, онда адамдардың бәрі бір ғана тілде сөйлеп, түсінісе бермей ме?

Дамир:

- Кез келген адамның өз анасы болатыны сияқты дүние жүзіндегі халықтардың да өз анасы, өз тілі, өз отаны бар емес пе?

Мөлдір:

- Ана тілі дегеніміз - ананың ақ сүтімен бойға дарыған өз анамыздың тілі ғой. Ал ана деген - бәрінен қастерлі, аяулы да асыл жан.

3. Карточкалармен жұмыс

Мөлдір: - Ал, балалар, енді "Жалғасын тап" ойынын ойнайық.

Ойынның шарты бойынша мақал-мәтелдің, қанатты сөздердің жалғасын табу керек.

1. Тіл - адам ойының … (айнасы)

2. Аңдамай сөйлеген … (ауырмай өледі)

3. Ойнап сөйлесең де… (ойлап сөйле)

4. Тисе терекке, тимесе … (бұтаққа)

5. Айтылған сөз, … оқпен тең (атылған)

6. Бал тамған тілден … тамар (у)

7. Көп сөз - … (бос сөз)

8. Көп сөз - күміс, аз сөз - … (алтын)

9. Жасыңда қылжаң болсаң, өскенде … боласың. (мылжың)

10. Таза сөйлеу - биік … (мәдениеттілік)

4. Сөз жұмабақ шешу сайысы: (Отгадай загадки)

Дамир:

- Шанамен зырғып желдетіп,

Шаңғы, коньки тебетін.

Ақ қала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсын?

(Қыс)

Мөлдір:

- Жап жасыл ағашы,

Қып-қызыл алмасы,

Ақ басты тауы бар,

Бұл қай қала деп ойлайсын?

(Алматы қаласы)

Дамир:

- Үш көзді батыр,

Жол көрсетер батыл,

Үш көзі үш түрлі,

Қызыл, Сары, Жасыл.

(Бағдаршам)

Мөлдір:

- Сырт - сырт етеді,

Уақыт өтеді.

Ол не? (Сағат)

5. Карточка

Дамир:

- бұл сайыста қатысушыларға карточка беріледі. Берілген карточкадағы тақырыптар бойынша диалог құрастырылады. Оның тақырыптары екі түрлі:

6. Сөзді қазақшаға аудар сайысы.

Мөлдір:

-Бұл сайыста екі топқа бес-бес сөзден беріледі. Олардың қазақша атауларын жылдам табамыз.

Бірінші топ: Екінші топ

1-Холодильник (Тоңазтқыш) 1-Телевизор (Теледидар)

2-Лекарство (Дәрі дәрмек) 2-Юрта (Киіз үй)

3-Рубашка (Көйлек) 3-Сок (Шырын)

4-Вилка (Шанышқы) 4-Квартира (Пәтер)

5-Перчатка (Қолғап) 5-Шапка (Құлақшын)

7. Карточкадағы тақырып бойынша 5 сөйлемнен тұратын әңгіме құрастыру.

3 минут уақыт беріледі.

8. Қорытынды

Жүргізуші: Өзге тілдің бәрін біл.

Өз тіліңді құрметте - деп.бүгінгі «Жасай бер, ана тілім - қазақ тілі» атты тәрбиелік сағатымыз аяқталды.Жеңімпаз болған ойыншыларды құттықтаймыз.Биік белестерден көріне беріңіздер! Қош сау болыңыздар!


© 2010-2022