Язык -это душа всего народа

Данное внеклассное мероприятие предназначенно для учащихся пятых и для одиннадцатых классов. Цель мероприятия: привитие любви к языку,уважение к казахскому народу;К его традициям, обычаям. Пополнение словарного запаса;воспитывать Научить работать в парах,индивидуаль, в группах уважение к культурному  наследию страны, Любовь к Родине, уважение к народу и их культуре, закреплять знание учащихся о наследии предков, ценить и беречь. Укрепление патриотизма. активизировать творческое воображение детей...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Тіл - таусылмайтын қазына

Мақсаты: 1. Тілдің маңызын көрсету,

2. Оқушылардың аудитория алдында сөз сөйлеуге дағдысын қалыптастыру, ойлау қабілетін, ой тапқырлығын дамыту

3. Тілге деген сүйіспеншілік пен құрметті баулу, оқушылар арасында түсіністік пен келісімдікті тәрбиелеу

Қажетті құралдар:

1 «Тіл және қоғам», «ҚР-ғы тіл саясаты», «Әлем тілдері» тақырыптарындағы баяндамалар

2. Ұлы адамдардың дана сөздері

3. Тапсырмалары жазылған карточкалар

4. Қатысушыларға қойылған үстелдер

5. Интерактивті тақта, слайд презентациясы

Барысы:

Мұғалімнің кіріспе сөзі.Жылдан жылға ҚР 22 қыркүйекте Қазақстан халқының тілдері мерекесі өткізіліп жатыр. Мұндай мереке ешбір елде жоқ.

Тілдің құдіреті күшті. Тіл - достық пен келісімділікті орнататын құрал. Көп тіл білген адам - көп біледі. Әлемдегі ешбір тіл жанжалға бағытталған емес. Біз білеміз, тілдің негізгі қызметі - қарым-қатынас жасау,достық пен үйлесімдікті орнату.Міне, бүгін де біз сіздерді «Тіл - таусылмайтын қазына» тақырыбын талқылауға шақырғалы отырмыз.

Тіл туралы айтылған сөздер

(слайд 1)

Тілден артық қазына жоқ, тілден артық қасиет жоқ.

Н.Ә.Назарбаев

Бір тілді білген адам - бір адам, екі тілді білген адам - екі адам Б.Момышұлы

Тіл жоқ жерде, ұлт жоқ

Ш.Айтматов

Игі істің басы - тіл, тәрбие басы - тіл.

М.Қашқари

Қазақ тілінде өлеңдер Филин Руслан, Габуния Диана,Назимбек Айгерим

Мұғалім: Бұл күнде жер бетіндегі адамдардың бес мыңдай тілде сөйлейтіні анық. Олардың ішіндегі он үші «ұлы» тіл болып саналады. Бұлар: қытай,ағылшын,үнді,орыс,испан, неміс, жапон,француз,бенгал, малайя,португал,итальян,араб тілдері. (слайд 2)

Мысалы, қытай тілінде миллиардтан астам адам сөйлейді.

Баяндама «Әлем тілдері»

.

Ағылшын тілінде өлеңдер 11 сынып оқушылары

Мұғалім:1989 жылы «Тілдер туралы» Заң қабылданды. «Тіл туралы» Заңның 6-бабында: «ҚР әр азаматы туған тілін пайдалануға, қарым-қатынас жасау, тәрбиелеу, оқыту және шығармашылыққа еркін таңдау жасауға құқылы»деп айтылған.

«Мәдени мұра» бағдарламасын ұсынған кезінде Н.Ә.Назарбаев «Біз барлық халықтардың тілдері мен мәдениет принциптерін ұстанамыз»

Баяндама «ҚР тіл саясаты»

Мұғалім:Қазақ тілі - қазақ халқының ана тілі. Ол халық тарихымен бірге жасап, ұрпақтан ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді. 1989 жылы қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алды.

Қазақ тілі Қазақстан,Ресей,Өзбекстан,Қырғызстан,Түркіменстан, Монғолия, Қытай,Ауғанстан, Иран,Түркия т.б елдерде тұратын қазақтардың ана тілі.

(слайд 3)

Мақал - мәтелдер

Мақалдарды аяқта

Тіл жетпейтін түкпір (бар,жоқ)

Сөз - дүниенің (күні,сәні)

Сөйлесе білген,үйлесе (білмейді,біледі)

Тілдің құлпы - (тіс,құлақ).

Тәтті сөз (кәмпит,тас) балқытады

Халықтың тілі - қайнар (көл,бұлақ)

Көп сөйлеген білімді емес, (доп,дөп) сөйлеген білімді.

Сөзден асқан (нан,байлық) жоқ

Тілден асқан жүйрік жоқ

Жыланның уы (көзінде,тісінде)

Адамның уы (тісінде,тілінде)

(Тілдің,бастың) оғы - мірдің оғынан да қатты

Баяндама «Тіл және қоғам»

Тұрақты тіркестерге түсінік бер

(слайд 4)

Тіл табысу - келісу, түсінісу

Тілін жұтып қою - еш нәрсе айтпау, үндемеу

Тілде тиек жоқ - көп сөйлеу

Тілі бармай тұр - айтуға батпау

Тілі байланып қалу - не дерін білмей қалу

Тілсіз, қол мен дене қимылымен мына әрекеттерді көрсетіңдер

(слайд 5)

Анам мені би кешіне жібермей тұр, өйткені мен сабағымды дайындаған жоқпын

Кітапханаға барып «Уақыт машинасы» кітабын алайық

Қашықтағы орманда өрт басталды

Дүкеннен бір нан және бір кг макарон сатып алу

«Бәйге» ойынын өткізу.

Үш тілге аударыңдар

(слайд 6)

Мұғалім:Біздің перзидент бірнеше тілді білуді таңдайды. Сондықтан біздің елімізде Қазақстан халқының Тілдер күнін атап өтеді. Тілшілер мынадай зерттеу жасады:

балалар күніне 3,500 сөзді қолданады,, жасөспірім - 9000 сөз, ересек адам - 12000 - 1400 сөз. Өзге тілді білу - бұл қазіргі өмірдің талабы. Тіл - достықтың және келісімдіктің негізі.

Сонымен бүгін біз адам өміріндегі тілдің қызметі мен мәні туралы айтып өттік. Тіл - халықтың жанын ашатын, өмірін көркемдететін құрал.

Назарларыңызға рақмет!

© 2010-2022