Ашық тәрбие сағаты. Нұрлы жол -болашаққа бастар жол

Тақырыбы: «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол». Мақсаты:Елбасының халыққа жолдаған жаңа «Нұрлы жол» жолдауымен таныстырып, жолдаудағы басты мәселелерге тоқталу. Оқушыларды патриоттыққа баулу, ел тарихын білуге, елімізді өркендету үшін білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Елбасы суреті, «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» жолдауы, ҚР рәміздері, Интерактивті тақта, проектор, слайдтар. Тәрбие сағатының барысы: Әнұранды орындау. Мұғалім сөзі. Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!  Бүгін...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мерзімі: 7.02.2015 ж

Сыныбы: 6 а

Түрі: Ауызша журнал

Тақырыбы: «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол».

Мақсаты: Елбасының халыққа жолдаған жаңа «Нұрлы жол» жолдауымен таныстырып, жолдаудағы басты мәселелерге тоқталу. Оқушыларды патриоттыққа баулу, ел тарихын білуге, елімізді өркендету үшін білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Елбасы суреті, «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» жолдауы, ҚР рәміздері, Интерактивті тақта, проектор, слайдтар.

Тәрбие сағатының барысы: Әнұранды орындау.

Мұғалім сөзі. Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі 6 а сыныбының дайындаған "Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" атты ауызша журналымызды бастаймыз.Мақсаты: Оқушыларды патриоттыққа баулу, ел тарихын білуге, елімізді өркендету үшін білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.2014 жылы 11 қараша күні елбасымыз «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты жолдауын жариялады.«Біз Жалпыұлттық идеямыз - Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек.Қазақстан - ұшқан құстың қанаты талатын ұлан-ғайыр аумақтың иeci. Қазір де қайнаған тіршілік күре жолдардың бойында. Жол - шын мәнінде өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі. Барлық аймақтар теміржолмен, тасжолмен, әуе жолымен өзара тығыз байланысуы керек. Астанада тоғысқан тоғыз жолдың торабы елорданың жасампаздық рухын тарататын өмір-тамырға айналуы тиіс. Аймақтардың өзара байланысын жақсарту елдің ішкі әлеуетін арттырады. Облыстардың бip-бipiмeн сауда-саттығын, экономикалық байланыстарын нығайтады. Ел ішінен тың нарықтар ашады. Осылай, алысты жақын ету - бүгінгі Жолдаудың ең басты түйіні болмақ.

Елбасымыз 2015 жыл - ұлттық тарихымыздың ұлықталатын жылы екенін еске салды. Мәселен, 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз

Біз бүгінгі «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты ауызша журналымызды Кеше, бүгін, ертең деп үш кезеңге бөлеміз.Мұндағы кеше 1986 жылы болған «Желтоқсан оқиғасының арқасында тәуелсіздігімізді алып, бүгінде еліміздің алған жетістіктері молшылық.Болашақта ертеңгі күніміздің экономикалық саясаты дамып, қарқындауын айқын айтудамыз.

  1. жүргізуші: 1986 жыл, 16-желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жақын, әрі қаралы да, қасіретті күн еді.

Мұз жастанып азаттықтын жолында,

Тәуелсіздік туы тұрды қолында.

Сойыл таяқ ойнаса да жанында.

Отан үшін жанын қиды ұлдарың,

Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың,

Күйініштен ауырады жүрегім,

Естігенде желтоқсанның ызғарын.

Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың жүректе,

Ұрпақ өсер айналатын тірекке,

Егемендік тиді бүгін еншіме,

Желтоқсаным,жеткіздің ақ тілекке.

Аралбай Кәмшат «Желтоқсан оқиғасы»

  1. жүргізуші: 1991 жылдың 16 желтоқсаны - Қазақ халқының, жалпы қазақстандықтардың жұлдызды сәті. Осы сәттен бастап біздің халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманы орындалды. Қазақ халқы өзінің ата-бабасынан қалған ұлан-ғайыр жерінде өзінің тәуелсіздігін жариялап, оны барша әлемге жария етті. Осы сәттен бастап бәрі де түбегейлі түрде өзгерді.

  1. жүргізуші:

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қосылдық. Желтоқсан көтерілісінің арқасында 1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш Тәуелсіз ел дүниеге келді.

Егеменді киесі мен деген сөз,

Көптеген бері естілмеген ерен сөз,

Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған

Көркем жігіт болып өссе көрген сөз.

Егемендік ел болудың белгісі,

Басқа жұртпен тең жұлдызы,тең күші.

«Егемендік» деген сөзден естілер

Ата жұрттың арысы мен бергісі.

Ерғали Әділет: көркем сөз «Тәуелсіздік»

1-жүргізуші: Біз еліміз тәуелсіздігімізді алғаннан кейін дүниеге төл теңгеміз келді.

«Теңгемін, теңгемін!»
Қазақ деген елденмін.
Тәуелсіздік - тұғырым,
Жарқын менің ғұмырым!

«Төл теңге» Сәбит Әсел

  1. жүргізуші: Би: «Көк тудың желбірегені» орындайтын Асқарқызы Рысгүл

Біздің қазақ халқының кешегі күні осындай еді.

  1. жүргізуші:

Қазіргі қазақ спортының дамуына халқымыздың асыл мұрасына айналған көкпар, қыз қуу, белбеу тартыс, арқан тартыс, күрес сынды ұлттық ойындар ықпал етті деп толықтай айта аламыз. Еліміздің көк байрағын желбіретіп, әнұранымызды өзге ұлт өкілдеріне тыңдатқан спортшыларымыздың есімдерін біліп, олардың аттарын келер ұрпаққа жеткізу әр азаматтың борышы деп санаймыз. Сонымен, еліміздің елеулі спорттық жетістіктерінің шежіресін есімізге түсірейік. Қандай спорт түрі болмасын, халқымыз қайсарлық пен жігерлігімен көзге түсіп, сан сайыста жеңіс тұғырынан көрінетін.

2-жүргізуші:

Әлемге барлық танытқан,

Спортшылар жасасын!

Жүйрік желмен жарысқан,

Ұл -қызымыз талмасын.

Азиядадан жүлделі орын алып,

Қанжығамыз майланды.

Лондоннан 7 алтын,

Қанжығамыз сайланды.

Жолдас Нұрман: «Спорттағы жетістіктерімізді паш етпек»

1-жүргізуші: Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы - болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды. Ал ең бастысы - еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз.

  1. жүргізуші: «Ұлттар достығы - біздің тыныс-тіршілігіміз!» деп бір сөзінде Елбасы атап айтқандай, біздер бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан ұрпақпыз. Елдегі татулық пен тұрақтылықты сақтап, баянды етуіміз үшін әрқайсымыз аянбай еңбек етуге тиістіміз. Бейбіт өмір белесінен көз жүгірте отырып біз өз басшымызды құрметтейміз және мақтаныш етеміз. Сол себептен де, Президенттің әр Жолдауына жедел үн қатып, сындарлы баға беруге талпынамыз.

(әр ұлт өкілдері шаңырақ ұстап шығады)

«Мәңгілік ел» Асқарқызы Рысгүл

Еліміздің бүгінгі жеткен жетістіктері

1-жүргізуші: Уақыт күтіп тұрмайды. Дағдарыс әлі күнге дейін жүріп жатыр. Бұның салдарын біз көріп отырмыз. Оның үстіне, Ресей мен Батыстың арасындағы бір-біріне санкция жариялау мәселесі бар, басқа жағынан алып келгенде, Таяу Шығыста болып жатқан жағдайлар бар. Осының барлығы Қазақстанға өзінің ықпалын тигізеді. Сондықтан, біз осыған қарсы шара қолдануымыз керек. Халықтың сенімін ақтау үшін қиын-қыстау жағдайда елді аман-есен алып шығу жағдайларын ойлау керек.

2-жүргізуші:Алдымызда тұрған екі-үш жыл оңай болмайды. Бүкіл дүниеге де, елімізге де. Сондықтан, не істеуіміз керек, қандай шаралар қолдануымыз керек, осыған байланысты мен Жолдауды ертерек жолдап, соған орай жоспарланған игі істерімізді атқармақпыз дейді Елбасымыз.

«Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясат біздің экономикамыздың таяу жылдардағы өсімінің драйвері болады. Тек жол құрылысы арқылы ғана жаңадан 200 мың жұмыс орны құрылады. Ал бұл халықтың жұмыспен қамтылуын және табыстарының өсуін білдіреді. Жолдар - Қазақстан үшін өмір желісі. Біздің кең байтақ жерімізде жолдар бойында әркезде де өмір пайда болған және дамып отырған. Біз Астанадан барлық жақтарға автомобиль, теміржол және авиациялық магистральдар тарайтындай көлік желісін құруға тиіспіз. Жүректен тарайтын артериялар сияқты. Күннен тарайтын шұғыла сияқты.

(7 жолдаудан үзінді.)

  1. жүргізуші: Көрмені таныстырып өту. Елемес Нұрсәуле

Ән: Қазақстан. Орындайтын Аралбай Кәмшат

  1. жүргізуші: Біздің еліміз қиын оқиғаларды бастан кешіріп, тәуелсіздігімізді алып, бүгінгі таңда көп жетістіктерге қол жеткіздік.Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда.Ел бірлігі - біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Тәуелсіздігіміздің 25 жыл мерейтойын және халықаралық ЭКСПO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын! Баршаңызға «Нұрлы Жол» Жолдауын жүзеге асыруда табыс тілейміз!

Мұғалім сөзі: Қорытынды: Осымен бүгінгі «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты ауызша журналымыз аяқталды. Келгендеріңізге көп -көп рахмет! Сау саламатта болыңыздар!





«Нұрлы жол -болашаққа бастар жол» атты ауызша журналымызда

түскен фотолар

Ашық тәрбие сағаты. Нұрлы жол -болашаққа бастар жолАшық тәрбие сағаты. Нұрлы жол -болашаққа бастар жол

Ашық тәрбие сағаты. Нұрлы жол -болашаққа бастар жолАшық тәрбие сағаты. Нұрлы жол -болашаққа бастар жол





© 2010-2022