Мероприятия н тему Күзгі бал 2015 жыл

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ШҚО Катонқарағай ауданы, Қайыңды ауылы

Қайыңды негізгі орта мектебінің мұғалімі С.Ж.Аушинова

Музыка ойнайды да қыздар келіп «Жапырақтар» биін билейді.

1-ж.:Бейне нұрлы көкте күн,

Білсең өмір-көктемің.

Айқара ашар есігін,

Хош келдің!-деп мектебің

Балдырғандар, бұл мәлім,

Еркелігін тастайды.

Қыркүйекте мұғалім

Оқу жылын бастайды.

2-ж.:

Күн қарына алады,

Күздің соңғы айы бұл.

Қар да жауып қалады,

Алдамаса пайымым.

1-ж.:

Екінші айы бұл күздің,

Доп қуып, футбол ойнаймыз.

«Күзгі балын» мектептің

Қазан айында тойлаймыз!- деп ақын ағаларымыз жырлағандай, бүгінгі «Күзгі бал! Мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!

2-ж.: Бәрімізде ойын-сауық басталады
Тамаша күй тартылап ән салады
Қошеметпен қол соғып отырайық
Ұмытармыз күні бойы шаршағанды - дей келе ортаға Бауыржанқызы Аяжанды шақырып «Күзгі қайың» әнің қабыл алыңыздар.

2-ж.: Жыл мезгіл- аспан сферасы (эклиптика) бойымен қозғалатын Күннің көрінерлік қозғалысына және табиғаттағы маусым өзгерістеріне байланысты жылдың кезеңдерге бөлінуі.

Ежелгі дәуірде адамдар жылды әр түрлі бөліктерге бөлген. Үнді мұхитының аралдарындағы тайпалар муссон желінің соғуына қарай, жылды екі мезгілге бөлген. Олардың жерінде муссон 180 - 185 күн оңтүстік-батысқа қарай, содан кейін 180 - 185 күн солтүстік-шығысқа қарай соғады.

1-ж.: Ал, орталық Африка тайпалары өз жерлерінде ауа райының нөсер жауынды, қапырық ыстық және жайдары құрғақ болуына қарай жылды үш мезгілге бөлген. Осы күнгі халықтардың көпшілігі жылды жазғытұры (көктем), жаз, күз, қыс деп төрт мезгілге бөледі. Бұлай бөлуге тиянақты астрономиялық негіз бар. Балалар бізде қазір қандай жыл мезгіл болып жатыр? (күз) дұрыс айтасындар.

Ал оқушылар ақылды,
Барша жұртты шақырды.
Өлең оқып мәнерлеп
Таң қалдырар бәрімізді. - деп тек айтпаймыз. Сондықтан күз туралы жаттап келген өлеңдерінді тыңдайық. ________________________________________________________________________________________________________________________

2-ж.: Ызғырықты жел өтіне

Шыдап баққан тербетіле.

Ағаш біткеншашып жатыр

Алтын теңге жер бетіне.

1-ж.: Тұратұғын құлап көктен,

Күнде салқын қыратты өпкен

Момақансып, сылдыр қақпай,

Жылтырайды бұлақ біткен.

2-ж.: Құлақ түрсең аңдай қағып,

Күз кеткендей әнге айналып.

Жел сынсытса, қобыз тартып,

Қыр тыңдайды таңдай қағып, - дей келе келесі тамашалайтындарыңыз заманауи биі.

1-ж.: Қолшатырлар көбейіп,

Бұлт тамшылады өңірді.

Келді міне алтын күз,

Аспан жасы төгілді.

Күн қайтадан ашылды,

Ерке-шолжаң бейне іс.

Таңқалдырар адамды

Мың құбылған бейнесі - дей келе ортаға 9-сынып оқушысы Мамбеталипов Сұлтанды «Атырау мен Алтайым» атты әнімен ортаға шақырайық.

2-ж.: Алма пісті бағымда,

Пісті балдай қауын да.

Жүзімдер тұр мөлдіреп,

Үзер шағың келді деп.

Алтын дәнін сары дала

Құйып жатыр қамбаға.

Күз еңкейе береді,

Жер жемісін тереді. -деп біз де құр қалмайық, таңдаған жемістерін тандап алыңыздар. Ортаға бастауыш сынып оқушыларын «Жемістер» биімен қарсы алайық.

1-ж.: Берекелі, мерекелі

Келді жомарт алтын күз.

Қала да, дала да

Жанның бәрі жарқын күз.

Балақайлар алақайлап,

Мектеп іші нұрланды.

Астық жыры, шаттық жыры

Қырман басы думанды.

Қарқынды еңбек

Әр күн өрлеп,

Әр ісіне сүйсінді.

Ән тасқыны, жыр тасқыны

Ырыс болып құйылды. - дей келе балалар сендердің білімдерінді тексергім келеді. Сөйлемдерді жалғастыр.
1.Ауа райы ыстық, жылы, суық болуы мүмкін. Ауа райының мұндай жай-күйін не дейді? (ауаның температурасы)
2.ауаның температурасын немен өлшейді? ( термометрмен)
3.Жылы мен суықтың аралығы - .... ( 0 градус)
4.Жылылықты көрсететін санның алдына қаңдай таңбасын қояды. ( + )
5.Суықты көрсететін санның алдына қаңдай таңбасын қояды. ( - )

Жақсы балалар. Ендеше енді Сезімнің орындауында «Сәулем-ай» атты халық әнің тындауға болады.

2-ж.:

Табиғатты адамзат аялаған,

Егін егіп, мал бағын саялаған.

Қарасындай көзінің қорғай жүріп,

Қамқорлығын ешқашан аямаған, - деп ақын ағамыз жырлаған екен.

1-ж.: Тамаша. Ал, Мұқағали атамыз «Табиғатты өлеңмен өрнектеп..» деген өлеңінде былай деген екен:

Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусір тынысын,

Пәк табиғат жүрегімнің тамылжыған жырысың.

Ей, адам, қалай ғана қатігездік жасайсың?

Ол анаң ғой, ал сен кенже ұлысың.- 5-8 сынып оқушылары да күздің бір белгісін «Құстар қайтып барады» әнімен айтып береміз дейді.

2-ж.:

Алтын күз де атырап

Аздап тыныс алыпты.

Жапырақтар қалтырап

Жерге түсіп қалыпты.

1-ж.:

Алма-алмұрт албырап,

Жеміс-жидек пісіпті.

Қауын-қарбыз балбырап,

Қамбалаға түсіпті. - дей келе келесі тындайтың әндерініз «Анаға сәлем» орындайтын Бауыржанұлы Ақжан.

2-ж.: Қаңғалақтап құлдилайды жапырақ,

Сарғыш тартып мынау дала, атырап.

Күн шуағын жинай алмай тұрғандай

Қатар-қатар шөмелеге шашап ап.

1-ж.: Жемісімен мөлдірген бағы бар,

Сары күздің саумал сазы танымал.

Самал желмен баяу ғана толқиды

Сары масақ, қауызында дәні бар.

2-ж.: Сары шалғын сыбдырласа беленде

Салқын тартты сабыр тауып өзен кей.

Өрлі-төмен құлдилайды құс біткен

Қайтар кезін ойламайын дегендей, - деген өлең жолдарымен бүгінгі күз мерекесіне арналған кешімізді аяқтаймыз. Барлықтарыңызды «Күзгі вальс» биіне шақырамыз.






«Қайыңды негізгі орта мектебі» КММ









Армысың, алтын күз.

(кеш)












өткізген: С.Ж.Аушинова



















2015-2016 оқу жылы

6

© 2010-2022