Өмірді тану - өзіңді тану психологиялық тренингтер

Раздел Классному руководителю
Класс 12 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Өмірді тану - өзіңді тану» (психологиялық тренингтер)

Мақсаты:Өзін-өзі тану - өмірді тану екендігі ұғындыру, адамгершілік құндылықтарды бойларына сіңіруге тәрбиелеу.

1-жүргізуші: Армысыздар, ұрпағын ізгілікке бастаған, шәкірттер жүрегіне адамгершіліктің дәнін себуге ұмтылған ұстаздар!

2-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, көңілі шат, арманы асқақ, талғамы биік студенттер!

1-жүргізуші: Бүгін тобымызда «Өмірді тану - өзіңді тану» тақырыбында психологиялық тренингтер сағаты өткелі отыр.

2-жүргізуші: Иә, «Өзіңе деген махаббат- тамаша нәрсе,өйткені ол- адамның өз қабілетін сезінгенінің белгісі» деп Т.Гоббас айтқандай адам өзін-өзі қабылдай білсе,істеген іс-әрекеттерін бағалай алса,сонымен қатар өз бойындағы адами құндылықтарын жоғалтпаса,біздің өміріміз қоршаған ортамен үйлесімді болар еді.Өмірімізде қызыққа толы ғажайыптар көбірек болатын еді.Денсаулығымыз жақсарып,басқа адамдармен қарым-қатынасымыз нығая түсетін еді.Біз өзімізді шығармашыл тұлға ретінде қалыптастыратын едік.Осының барлығы біздің әсер етуімізсіз-ақ болатын еді.

1-жүргізуші: Ал енді, тәрбие сағатымызды бастамас бұрын көңіл-күйімізді анықтап алсақ.

« Ағаш» жаттығуы. (Оқушылардың көңіл күйін анықтау)

Жаттығу мақсаты: Топ оқушыларының көңіл күйін анықтау.

Нұсқау: «Көздеріңізді жұмыңыздар және өздеріңізді қандай да бір ағашпын деп ойлаңыздар. Енді сіздер ойлаған ағаш қандай, айналадағы ауа-райы қандай, және сіздердің ағаштарыңыз өздерін қалай сезініп тұрғаны туралы айтып беріңіздер.

2-жүргізуші: Қ.Нақысбеков

Жақсы мінез, жылы сөз-жан дәруі,

Жігіттің керек мұны аңғаруы.

Бейпіл сөйлеп, тік мінез танытқанның

Тіптен оңай адасып, сандалуы.

Мінездер бар жақсы-жаман, әр алуан,

Әдептілік әділдіктен нәр алған.

Кең болғанның кем болғанын көрмедім,

Теңізге ұқсап тасып жатқан шараңнан.



1-жүргізуші: Келесі тренингіміз мінезімізді анықтауға арналған

Психогеометриялық тест

1. Адамның тұлғалық типін тез арада анықтауға;

2. Кез келген адамға толық мінездемені оған түсінікті түрде жеткізуге;

3. Күнделікті жағдайдағы мінез-құлықтың сценарийін жасауға мүмкіндік береді.

4

3

2

1Психогеометриялық тест әдістемесі арқылы жасалған диагностиканың дәлдігі - 85%!

5

Суретте бейнеленген 5 фигураға қараңыз: квадрат, үшбұрыш, тік төртбұрыш, шеңбер, ирек. Осылардың ішінен сізді «бұл - Мен!» дегізетіндей біреуін таңдаңыз. Өзіңіздің формаңызды сезініңіз. Таңдау қиын болса, сізге бірінші болып «қараған», көзіңізге бірінші іліккен форманы алыңыз. Оны №1 деп белгілеп жазып алыңыз. Одан кейін қалған фигураларды қалауыңызша нөмірлік ретімен жазыңыз.

Сонымен, сіздің бірінші деп белгілеген фигураңыз - Сіздің негізгі фигураңыз, немесе субъективтік формаңыз. Ол сіздің негізгі үстемдік ететін мінез-құлқыңыздағы ерекшеліктерді, тәртібіңізді анықтауға мүмкіндік береді. Ал қалғандары - Сіздің мінезіңізге қосымша әр беретін бөліктер болып табылады. Ал соңғы фигура сіздің қарым-қатынас жасауда қиыншылық көретін адамның формасы. Егер сізді ешбір фигура тұтас қанағаттандырмайтын сияқты болса, онда сізді екі не үш формадан тұратын комбинациясы сипаттай алады.

Квадрат: Қайраткер, еңбекшіл форма.

Оның өмір сүру ортасы өзіндік «Меніне» үйлесімді.

Жағымды жақтары - ұйымшыл, дәл, қатаң тәртіпті, ережені ұстану, аналитикалық ойлау қабілеті, ұсақ заттарға зейінділік, фактіге жүгіну, жазбай сөйлеуге құштарлық, ұқыптылық, тазалық, сақтық, салқынқандылық, үнемшілдік, тұрақтылық, талапшыл, шешімінен қайтпау, шыдамдылық, еңбекқорлық, кәсіби эрудиция;

Жағымсыз жақтары: тақуа, өте ұсақшыл, өте сақ, «ақылгөй», ерегеспе, консерватор, (жаңалыққа қарсылық көрсетуші), шешімді қабылдауды созу, сараңдау, саясаткерлігі төмен, таныстары мен достары аз адам.

Үшбұрыш: Бұл лидерліктің символы, мақсатына бағытталу, дегеніне жету.

Жағымды жағы: лидер, билікке ұмтылыс, қайткен күнде жеңіске жету, проблеманың өзегіне үңілу, өзіне деген сенімділік, шешімге тез келе алу, сезімталдық, батылдық, өте белсенділік, тәуекелшілдік, жоғары еңбекқорлық, көңіл көтерудегі еркіндік, күшті саясатшы, тапқырлық, қарым-қатынаста көпшіл;

Жағымсыз жақтары: ең сенімді достары мен жақындары аз, қызбалық, атақ-даңққа бағыттылық, шыдамсыздық, өзінің мақсатына жеткенше басқаға көңіл аудармау, өз дегенінен қайтпау, қу, айлакер, өз дегеніне жетуде неге де бара алады, өзімшіл, мәртебе, мансапқа бағытталған, ұстамсыз, шыдамсыз.

Төртбұрыш: Өтпелі қалыптың символы. Өзгеру, басқа деңгейге ену, уақытша жағдай. Өзін-өзі түсіне бермеу, проблемадан қорқу…

Жағымды жағы: білуге құштарлық, барлық жаңаға жаны құмар, батыл, бейбітшіл, дау-дамайдан қашқақтайды;

Жағымсыз жағы: өзін төмен бағалау, өзгермелілік, тұрақсыздық, пікірін жиі өзгерткіштік, қозғыштық, өзіне сенбеу, аңқаулық, сенгіштік, қызбалық, көңіл-күйінің тез де жиі алмасуы, ұмытшақтық, заттарын жоғалтуға бейімділігі, ұқыпты емес, тиянақсыз, жаңа достар, өзгенің мінез-құлқына, қылығына еліктеу («рөлдерді өзіне өлшеу»), тез салқын тиіп ауырғыш, жарақаттанғыш, жол апатына түскіш. Төртбұрыштылық - бар болғаны стадия, өтпелі кезең екенін ескер!

Шеңбер: Мифологиялық тұрғыдан үйлесімділік (гармония) символы.

Құнды қасиеттері: адамдар, олардың жайы, жақсы қарым-қатынас орнату, қарым-қатынасты қажетсінуі өте жоғары, «желім» - отбасын, ұжымды біріктіргіш, ашық, өзгелерге қамқоршы, қолы ашық - мырза, өзгені түсіну, жақсы интуиция, байсалдылық, сенгіштік, өзгелерді иландыра алу, әділетсіздікке қарсы тұруда батылдық танытады, қоғамдық жұмысқа бейімділік, күн тізбегін еркін құрады, таныстары мен достары көп. Шеңбер - жақсы психолог!

Жағымсыз жағы: көбіне өзін кінәлі сезінушілік, меланхолияға берілгіштік, айналадағылардың пікіріне бағытталу, шешімге келе алмаушылық, саясаткерлігі төмен, көпсөзділік, әсерленгіш, сезімтал.

Ирек: Креативтілік, шығармашылық символы. Өзі де басқа фигуралар секілді жабық емес, ерекше формада.

Жағымды жағы: «оңжарты шарлы» - ойшыл, өзгеден ерекше, айрықша ойлау, шешім қабылдау, ортаның сүйіктісі, тапқыр, өзгерістерді қажетсінуі, креативтілік, білім құмарлық, жоғары интуиция, өзінің идеяларымен қанаттануы, арманшыл, болашаққа бағытталу, жаңалықтың барлығына деген оң көзқарас, қиялшыл, энтузиазм, еркіндік;

Жағымсыз жағы: өмірге аз бейімділік, импульсивтілік, көңіл-күйінің өзгермелілігі, мінезінің құбылмалылығы, ұстамсыздығы, экспрессивті (шындықты көзге айта салу), дара жұмыс істеуді ұнатуы, қағаз бастылықты ұнатпауы, айналысып жүрген ісі жаңа болудан қалса, аяғына дейін жеткізбей тастай салады, финанс жағынан салақтық.



2-жүргізуші: Қиындықтан қалай құтылып шығуға болады, келесі тренингіміз соған арналмақ.

«Бойымен сапқа тұру»

Барлығымыз орнымыздан тұрайық.2 топқа бөлінеміз. Сөйлеуге болмайды. Сіздер өздеріңізді «мылқаулар» деп ойлаңдар және сіздерге бойымен тұрып шығу керек. Бастайық! Нәтижеге тез жету үшін не істеу керектігін алдын ала келісіп алыңыздар. Сіздерге 1 минут беріледі. Жылдам сапқа тұрған топ жеңіске жетеді.

1-жүргізуші: Өмірде түрлі-түрлі қиын жағдаяттар туындап отырады.

2-жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың, ондай жағдайдан әркім өз тапқырлығының нәтижесінде ғана шыға алады. Олай болса, жағдаятты біздің топ студенттері қалай орындайды екен?

1-жүргізуші: Келесі кезекті «Қиын жағдайда достар өзін қалай ұстайды?» атты рөлдік ойынға береміз.

Мақсаты:Жақын достарыңызға байланысты қиын жағдайларда өзін-өзі ұстау дағдыларын қалыптастыру;

Ойын барысында оқушылар қиын жағдайларды сахналайды, оны талдайды, содан кейін одан шығудың жолдарын ұсынады. Сондықтан, оқушыларда өздерін ұстауы мен достары арасындағы қарым-қатынасқа анықталған қөзқарас қалыптасады. Сонымен қатар, қиын жағдайларда өздерін ұстау дағдыларын қалыптасады.

Сіздер топқа бөлінесіздер. Содан кейін топ ішінде тапсырылған жағдайды талдап, 5 минут ішінде сахналық көрініс дайындап және одан шығу жолдарын ұсынуларыңыз тиіс Дайындалған көріністі барлық топ оқушыларына көрсетулеріңіз керек.

Жағдай №1 Сіз досыңыздың достасып жүрген қызының басқа бір жігітпен кездесіп жүргенін білесіз. Сіздің досыңыз бұл туралы ештеңе білмейді. Сіз бұл туралы оған айтасыз ба? Бұл жағдайды досыңызға қалай жеткізесіз?

Жағдай №2 Сіздің досыңыз ағылшын сабағын босатты. Ол сізге сабақты босату себебін айтты. Оның айтуы бойынша ол ағылшын сабағына дайын емес, сондықтан аурып қалып, дәрігерге барамын деді. Шындығында ол бір сабақ бойы бос жүрді. Ол сізден осы мәселе бойынша ата- ананың алдында өзін жақтап сөйлеуді ұсынады, себебі оның ата -анасы сіздің сөзіңізге ғана сенеді. Бұл жағдайда сіз өзіңізді қалай ұстайсыз?

Жағдай №3 Сіздің досыңыз сізден екі жас үлкен. Сіздің ата- анаңыз бұл туралы біледі және онымен дос болуға тыйым салды. Бұл достық сіздің оқуыңызға ешқандай бөгет жасамайды, сонымен қатар, оның ата- анаңызбен қарым- қатынасыңыз жақсы. Бұл жағдайда не істер едіңіз? Сіз ата -анаңызға бұл достықты қорғап қалу үшін не айтар едіңіз? Немесе осы достықтан ата- анаңыздың сөзіне байланысты бас тартар ма едіңіз?

Жағдай №4 Мұғалім сабақты бастауға кірісті, барлық оқушылар тынышталды, кенеттен сіздің досыңыз өте қатты күлді. Мұғалім ештеңе айтпай жатып, досыңыз «Мен сізге қарағанда ылғи да күлкім келеді. Сіз сабақ бастағанда, мен қатты күлдім» деді. Осы жағдайдан сіз жолдасыңызға калай көмектесер едіңіз? Досыңыздың қылығын дұрыс деп санайсыз ба? Оны басқа сыныптастарыңызға қалай түсіндірер едіңіз.

2-жүргізуші: Енді барлығымыз 1 бет алып, «Ашуыңызды ірке білесіз бе?» атты тест орныдаймыз.

Бұл тест 20 сұрақтан тұрады. Әр сұрақтың 3 жауабының біреуін таңдау керек. Әр адамның шыдамдылығы әр алуан. Сол шыдамдылықты тест арқылы анықтаймыз.

1. Егер басшымен ұрысысып қалсаңыз, татуласуға жол іздейсіз бе?

1) Әрқашан; 2) Анда-санда; 3)Ешқашан;

2.Қиын жағдайда өзіңізді қалай ұстайсыз?

1) Ішімнен ашуланамын; 2) Өз-өзімді ұстаймын; 3)Өз-өзімді ұстай алмаймын;

3) Ұстаздар сізді қандай адам деп санайды?

1) Өзімшіл және қызғаншақ; 2) Мейірімді; 3) Салмақты және өз-өзіне сенімді;

4) Егер сізге жауапты жұмыс берілсе не деп жауап бересіз?

1) Сенімсіздікпен келісім беремін; 2) Ойланбай келісем; 3) Өзімнің тыныштығым үшін келіспеймін;

5) Егер сіздің рұқсатыңызсыз үстеліңізден қағаз алса, сіз өзіңізді қалай ұстайсыз?

1) Қатты ұрсамын; 2) Орнына қойдырамын; 3) Тағы ештеңе керек жоқ па деп сұраймын;

6) Сіз үйленгенсіз немесе тұрмыс құрғансыз..Егер сіздің күйеуіңіз (әйеліңіз) жұмыстан кешігіп келсе оны қалай қарсы аласыз?

1) Сен неге кешіктің? 2) Кеше қайда қыдырдың? 3) Мен енді уайымдай бастадым.

7)Сіздің өз машинаңыз бар деп ойлаңыз. Сіз өзіңізді машинаның рөлінде қалай ұстар едіңіз?

1) Алдындағы машинаны қуып жатасыз; 2)Сізге бәрібір, қанша машина озады;

3) Машинаны қатты жылдамдығына салам.

8) Сіз өмірге қалай қарайсыз?

1) Орташа; 2) Жеңіл; 3) Қатты.

9. Егер жолыңыз болмаса сіз не істейсіз?

1) Жаланы басқа біреуден көремін; 2) Көнесіз; 3) Келесі жолы абай боласыз.

10. Жастардың өзінің бос уақытын дұрыс өткізбеуіне сіз қалай қарайсыз?

1) Оларға тыйым салу керек; 2)Оларды дұрыс ұйымдастыру керек (мәдениетті демалу) 3) Солармен біз неге әуреленеміз;

11.Егер сіздің жұмыс орныңызға басқа біреуді қойса, сіз қайтесіз?

1)Несіне босқа жүйке-жүйемді тоздырам; 2)Оның бет-әлпеті бастыққа ұнады;

3) Келесі ретте менің жолым болады;

12.Қорқынышты киноны қалай көресіз?

1) Қорқасыз; 2) Жалығасыз; 3) Жақсы көңіл бөлем;

13.Жолдың кедергісінен маңызды жиналысқа кешіксеңіз:

1) Жиналыста мазасызданып кетесіз; 2) Тіл табысуға тырысасыз; 3) Өкінесіз;

14.Спорттық жетістіктерге қалай қарайсыз?

1) Жеңуге тырысасыз; 2) Өзіңізді жас сезінесіз; 3) Жеңілсеңіз ашуланасыз;

15) Егер сізді мейрамханада дұрыс күтпесе:

1) Айғай-шу болмас үшін үндемейсіз; 2) Күтушіні шақырып сөгіс бересіз; 3) Арыз кітабымен директорға барасыз.

16)Сіздің өз балаңыз бар. Егер сіздің балаңызды мектепте ренжітсе:

1) Мұғаліммен сөйлесем; 2) Ренжіткен баланың ата-анасына айқай шақырамын;

3) Балаға «өзің ақылмен шеш» деймін;

17) Сіз қандай адамсыз?

1) Орташа; 2) Өз-өзіме сенімді; 3) Өткір.

18) Егер мектеп есігінің алдында әріптеспен қақтығысып қалсаңыз, ол сізден кешірім сұраса сіз не дейсіз?

1) Оқасы жоқ; 2) Көзіңе қарамайсың ба; 3) Кешіріңіз мен кінәлімін.

19) Жастардың арасындағы бұзақылыққа қалай қарайсыз?

1) Қашан бұл жастарға тыйым салынады; 2)Жүрекке тиетін жаза беру керек; 3) Тек қана жастарды кінәламау, бұл жерде тәрбиешілер де кінәлі.

20) Егер бұл дүниеге аң болып келсеңіз, қай аңды тандайтын едіңіз?

1) Жолбарыс; 2) Үй мысығы; 3) Аю.

Жауабы: 36-44 ұпай алса, өз-өзіне сенімді, шыншыл, өмірде өз жолын таңдай білген, агрессиясы орташа адам.

45-60 ұпай алса, ол өте ашушаң, басқа адамдарға қатал қарайтын, өз-өзін ұстай алмайтын адам. Жеңіске жету үшін, биікке көтерілу үшін, ол жанұясын, қоршаған ұжымын құрбандыққа шалуы мүмкін.

35-ұпайдан төмен алған өте мейірімді, өз-өзіне толық сенбейтін адам, оған өмірде кішкене батылдық сенімдік қажет.

1-жүргізуші: «Тиімді қарым-қатынас орнату» бағытында бейнежаттығу.

Ортаға 6 студент шақырамын. Сіздерге тапсырмалар беріледі. Тапсырмаларды үнсіз оқып, вербалдық емес қарым-қатынас құралдарының көмегімен жағдаяттарды ойнап шығуы тиіс. Басқа қатысушылар не жайлы «баяндап» жатқанын шешулері керек.

Тапсырмалар:

1) Бүгін барлық топтағы студенттер сабаққа дайындықсыз келді.

2) Сіз кеше бір қызықты кітапты оқып бітірдіңіз. Ол сізге қатты ұнады.

3) Сіз бүгін дене шынықтыру пәнінен спорт киімін әкелмегеніңіз үшін «2» алдыңыз.

4) Бүгін менің көңіл-күйім өте керемет.

5) Мен осы топтағы барлық студенттерді жақсы көремін.

6) Мен өз-өзімді жақсы көремін.

2-жүргізуші: Әуенді терапия

Мақсаты: Мұғалімнің кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл - күйін көтеру.

Көрнекілігі: Музыка аппараты, жағымды, баяу әуенді диск. Табиғат бейнеленген суреттер.

Уақыты: 7-10 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

а) Студенттерді жайлы отырғызып, еркін ыңғайлы сезінуін қадағалау.

ә) Табиғат көріністерін мұқият қарауын өтіну.

б) Әуенді қосар алдында студенттер көздерін жұмуы тиіс.

Кіріспе:

- Көз алдыңызға жаңа көрген табиғат көріністерін елестетіңіз.

-Терең дем алып, әуеннің ырғағына зейін аударып, менің сөздеріме құлақ салыңыз.

- Ал, бастаймыз. (музыка қосылады)

- Соқпақ жолмен жүріп келесіз …

- Жол ұзақ, шаршадыңыз, шөлдедіңіз …

- Кенет алдыңыздан ғажайып бақ көрінді …

- Алма бағы …

- Қып - қызыл алмалар қол созым жерде …

- Сіз үзіп алып жей бастадыңыз …

- Дәмі керемет …

- Жеген сайын жегіңіз келеді …

- Қалтаңыздан дорба алып алмаларды жинай бастадыңыз …

- Күн кешкірді … Қайту керек … Бақтан шығып жолға түстіңіз … Иығыңызда дорба.

- Жүгіңіз ауыр. Жол бітер емес. «Тастап кетсем бе екен?» деген ой келді …

- Сіз дорбаны емес, жалқау ойыңызды тастап кетіңіз …

- Міне, қалашыққа да жеттіңіз … Алдыңыздан қуана секіріп балалар шықты …

- Оларға өзіңіз терген алмалардан үлестіре бастадыңыз …

- Алма тергеніңіз мұншама абырой болар ма?

Сізге балалар да, олардың ата - аналары да дән риза …

- Балалардың бақытты күлкісі сіздің де көңіліңізді көкке көтерді! Музыка тоқтатылып, студенттер көздерін ашады. Өз әсерлерін бөліседі.

1-жүргізуші: Слайдтан бірнеше түстер көрсетіледі. Осы түстердің ішінде өзіңізге ұнаған түсіңізді таңдаңыз.

Таңдаған түсін жазады.

АҚ - ақкөңіл, ақжарқын, елгезек адамдар. Көп істері адал болады. Балалық мінездерінен әлі қоштаса алмаған адамдар.

КҮЛГІН - ешкімге ұқсамайтын шығармашыл тұлғалар.

ҚЫЗЫЛ - шапшаң мінезді, жұмсақ жүректі, жұмысты дәл кезінде орындайтын, тәуекелшіл, қарсыласуға дайын тұратын адамдар.

САРЫ - қиялға бай, сенімді, қайсар, болашақтан көп үміт күтетін адамдар.

КӨК - салқын қанды, өзіне сенімді, басқалардың ренжіткенін қаламайтын, тыныштық сүйетін адамдар.

ЖАСЫЛ - қайсар мінезді, жұмсақ жүректі, ақкөңіл, қайырымды адамдар. Олар сенімді, тұрақты адамдар.

2-жүргізуші: Келесі тренинг: «Өзімізді тану, бір-бірімізге қуаныш сыйлау»

Мақсаты: Оқушыларды достық қарым-қатынасқа, бір-бірін жақыннан танып-білуге, сыйлауға, көмектесуге шақыру, достық сезімдерін ояту мақсатымен жүргізіледі.

Құрал -жабдық: қағаз, қалам

Ойын ережесі

  • бір-бірін тыңдау

  • уақыт үнемдеу

  • белсенділік таныту

  • достық қарым-қатынас

  • жағымды эмоция тудыру

Барысы:

Барлық оқушылар дөңгеленіп отырады.

Оқушылар өз аттарын және өзінің өмірлік ұстанымдарын айтады.

Мысалы: - «Өмірдің ағымынан қалмау»

  • «Ешқашанда білмеймін демеу»

  • «Қасымдағыларға көмектесу, қуаныш сыйлау»

  • «Биік шыңға ұмтылу»

Аутоагентті жаттығу.

Тренингке барлық оқушы қатысады.

Оқушыларға мінез туралы ақпарат беру

Оқушылар жұпта жұмыс жасайды (бір-бірлерінің жағымды әрі жағымсыз мінез ерекшелігін айтады)

Ойынның шарты оқушыларға бір парақ ақ қағаздар таратылады. Таратылған ақ қағазды оқушылар скочтың көмегімен арқаларына жапсырады. Арқаларындағы жапсырылған ақ қағазға бір-бірлерінің бойындағы жағымды және жағымсыз мінез ерекшелігін және ыстық тілектерін жазады. Барлығы жазып болғаннан кейін, қайтадан дөнгеленіп отырып, арқаларындағы қағазды алып оқиды. Қағазды жыртпай, өздеріне естелікке қалдырады.

Қорытынды: Оқушылар өз бойларындағы жақсы қасиеттерін мақтан тұтып, жаман қасиеттерін жоямыз деп бір-бірлеріне уәде береді және тілеген тілектеріміз орындалсын деп хошемет көрсетіп (қол соғып) тренингті аяқтаймыз.

1-жүргізуші: Ұжымдық жұмыс: Ойлануға арналған «Сыр сандық» ойынының шартын таныстырам. Мен сұрақтарды оқимын. Сендер әр сұраққа 2-3 оқушы жауап беруі керек. Барлығы 15 сұрақ.

Ойынның шарты: Біз бір-бірімізді жақын тану үшін барлығыңа «сыр сандықты» ұсынамын. Топтың әр қатысушысы «сыр сандықтағы» аяқталмаған сөйлемді өз сөзімен аяқтайды.

1. Ең үлкен қорқыныш - бұл...

2. Мен мынадай адамдарға сенбеймін...

3. Мен ренжимін, егер...

4. Мен ұмытпаймын, егер...

5. Маған көңілсіз, егер...

6. Егер маған дауыс көтерсе, мен...

7. Мен қарсыласқанда...

8. Егер мен сенімсіз болсам, онда...

9. Егер, мен шаршасам...

- Сөйлемді аяқтағанда, қандай сезімде болдыңдар? Әрине, әрқайсымыз қорқыныш, сенімсіздік, сәтсіздік сезімдерінен өттік. Ренжіген, нашар көңіл-күй немесе көңілсіздік болған шығар. Бұл сәтте қолдау мен сүйенішті қажет етеміз.

1-жүргізуші: Ашылған бұлттың соңынан әсем кемпірқосақ пайда болады.

Өмірді тану - өзіңді тану психологиялық тренингтер

Кемпірқосақ жеті түстен тұрады.

Осы түстердің әрқайсысында жақсы ақыл кеңес бар екен.

1. Әр күнді жақсы ойлар ойлаумен бастап, бос өткізбе

2 . Күні бойы өзіңді қоршаған адамдардың бәрі туралы тек сүйіспеншілікпен және ізгілікпен ойлай жүр

3 .Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуанттым,жұбатқаныңды, қайырым жасағаныңды есіңе түсір.

4.Басқалардың қажетіне жарай білуге талпын.

5.Ата-анаңның мейірім шуағын сезініп , қадірлей біл..

6.Тыныштық сақтай білуге үйрен,Нәзік үнмен биязы , мәдениетті сөйлеуге үйрен

7. «Жақсылыққа жақсылық-әр кісінің ісі, Жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі» деген мақалды түсініп жадыңа ұста.

2-жүргізуші: Өзін-өзі тану - өмірді тану, өзін-өзі тани білген әрбір адам, өзінің бойындағы кемшіліктерді мойындап, түзеуге асығады. Бүгінгі тәрбие сағатымыз сіздерге ұнады ма? Алған әсерлеріңіз қандай?

1-жүргізуші: Қорытынды

Сөз соңында айтарымыз,ең бастысы өзіңе деген махаббатты менмендікпен шатастырып алуға болмайды.барлық іс-әрекет тіршілікпен негізделсе,демек адам өзін адам ретінде сезіну үшін де өзіне деген сый құрметі мен махаббаты болуы керек. Қатысып ой бөліскендеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз.Осымен бүгінгі «Өмірді тану - өзіңді тану» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.Қош, сау болыңыздар!

© 2010-2022