Тәуелсіздік тұғыры биік болсын! тәрбие сағаты

Раздел Классному руководителю
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!» Құрметті оқушылар. Еліміз Тәуелсіздік алып, нарықты заман орнады. Тәуелсіз еліміздің жастары үшін, заман талабына сай, өнерлі де білімді болып өсу талабы туды. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына аяқ басты. Аспанымыз ашық, еліміз аман болса, бұл мақсатқа да толық жетеміз деп сенеміз. Сәби күлкісі мен анна мейірімінің сәні ешуақытта да бұзылмасын.

(Әнұран орындалады.)

1986жылыжелтоқсанда Кеңестер Одағының саясатына еңалғаш қазақ жастары қарсышықты. Олар Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова,Сәбира Мұхамеджанова сынды боздақтар тәуелсіздік жолында жанын қиды.

1-оқушы. Желтоқсанның құрбандарын мәңгілік, Жадымызда сақтаймыз біз жандырып.

Ләззат, Қайрат есімдерін ән қылып, Елімізде қалдырамыз мәңгіқып.

2-оқушы. Тәуелсіздік туын тігу үшін өздерінің қызғалдақтай құлпырған жас өмірлерін қиып кеткен Қайрат, Ербол, Ләззат, Сәбиралардың есімдерін мәңгі ұмытпауға уәде беремін.

3-оқушы. Желтоқсанда жанын жалау еткен қазақтың қайсар ұлы Қайрат Рысқұлбеков 1987 жылы 16-маусымда Қазақстан жоғарғы сотының үкімімен ату жазасына кесілді. Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді, Бізге бұны ешкім аяп бермеді. Тәуелсіздік- Қайрат, Ләззат, Ерболдың, Тас көшеде тас-талқан боп өлгені. (1 минут үнсіздік.)

Ал ендеше оқушылар Желтоқсан желі атты видеоклипке назар аударайық. Сол бір қахарлы Желтоқсан күндерінен бері талай жыл өтті. Қазақстан халықтарының өмірінде, яғни мемлекетімізде көптеген айтулы өзгерістер болды. 1990 жылы 25-қазанда Егемендік туралы декларацияға қол қойылды. 1991 жылы 2-қазанда Алаштың ақберені Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты. 1991 жылы 1-желтоқсанда ҚазақстанРеспубликасының президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. . 1992 жылы 2-наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды. 1992 жылы 8-мамырда Республика Ұланы құрылды. 1992 жылы 4-маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәмізі қабылданды. 1997 жылы Ұлттық татулықпен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып жарияланды. 1998 жылы 20-мамырда Қазақстан Республикасыныңа станасы Астана қаласы болып жарияланды. Ендеше оқушылар алдымызда тұрған буклетке бір сәт назар аударайық. Халықтың әке көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер деген даналық пікірін алсақ. Ата-бабаның асқар таудай ақылын да, өз өмірін де өткен өнегелі істері-елін, жерін қорғау, бірлікте, ынтымақта өмір сүру, еліне елеулі, қалқына қалаулы болу сияқты жақсы қасиет ұрпақтан-ұрпаққа дарыса деген асыл арман екен. Сонау ғасырлар қойнауының қатпар бейнесіне қарасақ, өз жерін еш жауға бастырмаған, ұлын құл, қызын күң еткізбеуге ержүрек болып, жауына қатал, досына адал болып, садақ ұстап, қол күшіне сеніп, найзаның ұшына үкі таққан. Қаншама өрімдей жас өспірімдер қанаты қайырылса да, намысын таптатпай, еңселерін биі кұстады. Тәуелсіздік-халықтың үні,ұлттың тілі мен ділі. Тәуелсіздік- халықтың тойы, елдің тойы. Үш ғасырға созылған ата-бабамыздың арманының жүзеге асқаны біз үшін шексіз, қуаныш. 1991 жылы қазақ елі егемендікке қол жеткізіп, өз алдына тәуелсіз мемлекет атанды.

МұстафаАтатүрікайтқандай

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы, Лаула, лаула Желтоқсанның мұзда жанған алауыӨздеріңдей өр намысты, жас өркені бар елдіңЕшқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы. 1991 жылы 16-желтоқсанда Тәуелсіздік таңы туды. БұлкүнҚазақстантарихындаерекшеаталыпөтетінкүн. Мәңгілікесіміздесақталатынкүн.









Алматы облысы Жамбыл ауданы А.Қарсақбаев атындағы ОМ

Сынып сағаты

«Тәуелсіздік тұғыры биік болсын»



6 «Б»сынып

Сынып жетекшісі

Асылхан С.





2014-2015 оқу жылы

© 2010-2022