Жас Ұлан ұйымына қабылдау рәсімінің әзірлемесі

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Божбанова Алмагуль Балапановна

Қарағанды қаласы, №68 МИББ кешені

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

«Жас Ұлан» ұйымына оқушыларды қабылдау рәсімінің әзірлемесі


Өткізілетін күні: 14 желтоқсан 2015 жыл

Уақыты: сағ 11.30
Өткізілетін орны: спорт зал

(Зал мерекеге сай безендірілген: Қазақстан Республикасының Туы, «Жас Ұлан» символымен банер, залда музыка әуені ойнап тұрады)

Аслан: Біз жас ұлан - Отан ана өркені

Үміт артқан баламағы ертеңі.

Туған елдің даңқын көкке өрлетіп,

Гүлге бөлеп, жасартамыз өлкені!

Ернұр: Мы должны воплотить все надежды,

Все мечты и стремленья, и сны,

Для того чтоб не жить, так как прежде,

Новый мир мы построить должны.

Дана: Қайырлы күн, қымбатты достар! Қош келдіңіздер, қадірменді қонақтар!

16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Желтоқсанның екпінімен келген Тәуелсіздіктің біз үшін орны қашан да бөлек. Сондықтан да «толарсақтан саз кешкен» батыр бабаларымыздың әр жылда төгілген қанының, ұлы мұраттар жолында құрбан болған асыл азаматтарымыздың асқақ армандарының, сәбиін білегімен, даласын жүрегімен тербеткен аналарымыздың аққан жасының, Жаратқаннан тілеген медетінің арқасында қол жеткізген Тәуелсіздікті біз әрқашан мақтан тұтып, қастерлей білуге тиістіміз.

Дарига: Добрый день, дорогие друзья! Поздравляем вас С Днем Независимости Республики Казахстан! Независимость РК пришла в результате борьбы казахского народа за свою независимость. Представители более 100 национальностей живут и трудятся в единой стране вместе с казахским народом, преумножая славу нашего государства.

Аслан: Армысыздар құрметті кешен әкімшілігі, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі мектептің, жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз. Біз сіздерді Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен құрылған Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты қабылдау рәсімінде қарсы алуға өте қуаныштымыз.

Ернұр: В этот замечательный день мы рады приветствовать вас на торжественной церемонии приема в ряды Республиканского общественного объединения «Единой детско-юношеской организация «Жас Ұлан», созданной по инициативе Главы государства Н.А. Назарбаева. Целью объединения является воспитание подрастающего поколения патриотами Родины на основе любви и преданности к казахстанскому народу, культуре, традициям толерантности и миротворчества, неустанного стремления к знаниям, самосовершенствованию, гармонии жизни с высоким чувством ответственности и сопричастности к истории Отечества, настоящему и будущему Независимого Казахстана. Дорогие друзья! Разрешите считать торжественную церемонию приема в ряды Республиканского общественного объединения «Единой детско-юношеской организация «Жас Ұлан» открытой.

Садвакасов Қ: Мектеп, түзел, тік тұр! Қазақстан Республикасының туы әкелінсін.

(Ту ұстаушылар қатарда тұрғандарды айналып өтіп бас жаққа тұрады)
ГИМН орындалады

Дана: "Жас Ұлан" - Қазақстанды сүйеді
"Жас Ұлан" - мектепте үздік оқиды
"Жас Ұлан " - үлкендерді құрметтейді
"Жас Ұлан " - тек шындықты айтады
"Жас Ұлан " - спортпен еңбекті ұнатады
"Жас Ұлан " - болашақ "Жас Отан"

Дарига: "Жас Ұлан " - Любит Казахстан
"Жас Ұлан " - на отлично учится в школе
"Жас Ұлан " - уважает старших
"Жас Ұлан " - говорит только правду
"Жас Ұлан " - любить спорт и труд
"Жас Ұлан " - будущий «Жас Отан»

Аслан: «Жасұлан» ұйымының әрбір мүшесі міндетті:
Қоғамдық өмірде, тұрмыста, қазақ ұлттық болмыста, халықтық келбетпен қалыпты сақтай отырып, ата-анасын шынайы сыйлап, олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп, өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінеді. Туған елін шексіз сүйеді.

Дана: Қазақстан Республикасының туының түсіндей галстук тағу керек және Республикамыздың мемлекеттік нышандарын құрметтеп, мемлекеттік әнұранды жатқа айту керек.

Ернұр: Шет елдердің мемлекеттік нышандары, адамдардың немесе басқа да суреттер салынған, атаулар жазылған, киімдерді киюмен, заттарды пайдаланумен әуестенбейді.


Дарига: Өзін тұрмыста, қоғамдық өмірде сыпайы, қарапайым мінезде ұстайды.
Қазақ тілін еркін меңгеріп елдің тарихын, мәдениетін, әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін жақсы білу, дамыта түсуді сақтау үшін ынталы еңбектенетін болады.

Аслан: Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанына адал.
Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанының адал азаматтары.

Дана: Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресуші

Ернұр: Жасұлан ұйымының мүшесі - батырларымыздың атын құрметтеп, оның мәңгі қорғаушысы болуға дайындалады.

Дарига: Жасұлан ұйымының мүшесі - оқуда, еңбекте және спортта өжет те қайсар.

Аслан: Жасұлан ұйымының мүшесі - шыншыл, адал жолдас, әрқашан да шыншылдық үшін күресуге дайын болуы керек.
Дана: Құрметті қонақтар кешеннің орта және жоғарғы буынның «Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылданғалы отырған үздік сынып оқушыларына қошемет көрсетейік. Мектепішілік «Жас Ұлан» ұйымының мүшелігіне қабылдау рәсімін бастайық.

Ернұр: Мы приветствуем лучших школьников среднего и старшего звена нашего комплекса, которые своими знаниями и усердием, уже добились немалых достижений, давайте их, поприветствуем.
Дана: «Жас Ұлан» мүшелерінен салтанатты ант қабылдауға ортаға «Жас ұрпақ» ұйымының президенті Алижанова Сабина шақырылады.
Дарига: Для принятие торжественной клятвы «Жас Улановцов» приглашается президент организации «Жас ұрпақ» Алижанова Сабина

Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы мүшелерінің
АНТЫ
Мен__________________________
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:
• Өз Отаным - Қазақстан Республикасының патриоты болуға; Ант етемін!
• Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге; Ант етемін!
• Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге; Ант етемін!
• Ата-анамды қадірлеуге; Ант етемін!
• Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге; Ант етемін!
• Білімге табандылықпен ұмтылуға; Ант етемін!
• Салауатты өмір салтын ұстануға; Ант етемін!
• Табиғатты аялауға; Ант етемін!
• «Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін; Ант етемін!
• Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде
АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!

Аслан: Осы мақтаныштарымызға төс белгілерін және галстукті салтанатты тапсыру үшін ортаға кешен директоры, директордың орынбасарлары, сынып жетекшілері, Тұрымтай апай мен Сағындық ағай шақырылады.
(галстуктар мен төс белгілері тағылады)

Аслан: Біз «Жас Ұлан» Ұранымыз: «Қазақстан - Нұрсұлтан - Жас Ұлан!»

(«Жас Ұландар» ГИМНІ орындалады)

Дана: Құттықтау сөз кешен директоры Мухтаров Жандил Ахуановичке беріледі.

(Директор сөйлейді)

Садвакасов Қ: Мектеп, тік тұр! Қазақстан Республикасының туы әкетілсін.

(Знаменная группа, пройдя перед строем учащихся, выносит флаг)
Аслан: Ризамын деп осындай жастық шаққа,
Не жетер «Жас Ұлан» деген лайық атқа.
Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,
Ашылып алдымыздан алтын қақпа.


Дарига: «Жас Ұланға» ең үздік оқушыларды қабылдаудың салтанатты кезеңі аяқталды. Біз оларға еліміздің елеулі, халқымыздың қалаулы азаматы болуға тілектеспіз.


Ернұр: Торжественная церемония приема лучших школьников в ряды «Жас Ұлан», объявляется закрытой. Мы желаем юным «Жас Улановцам» Быть гордостью нашей родины! Всегда и во всем быть примером для своих сверстников и подрастающего поколения.

© 2010-2022