Абайды оқы, таңырқа!

Сабақтың тақырыбы: «Абайды оқы,таңырқа!» Сабақтың мақсаты: Жаңа технологияларды оқып-үйрену,меңгеру                              арқылы болашақ маман иесі болатын интелектуалдық тұлға болып қалыптасуына ықпал ету. Сабақтың міндеті: Білімділік: Абайдың өлеңдеріндегі тәлім-тәрбиені ашып, оқушыларға ой-сана арқылы жеткізу. Оқушыларды Ұлы ақын - А.Құнанбайұлының  балалық және жастық шағы, өскен ортасымен  таныстыру. Ақындығы мен композиторлығын таныту. Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып, өсуге тәрбиелеу. Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін, сезіну қаблетін және сөйлеу қабілеттерін дамыту. Шығармашылық: Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, қадірлеуге, асыл мұрасындай есте сақтауға баулу.   Тәрбиелілік: «Ондай болу қайда деп,                         Айтпа,ғылым сүйсеңіз» дегендей, оқушыларды өмір сүруге ынталандыра тәрбиелеу. Гуманистік, адамгершілік, еңбек, имандылық тәрбиесін беру.   Оқытудың нәтижелері: 1.Алған мағлұматтарын жинақтайды 2.Өмірдің мәнін түсінеді 3.Өз ойларын жинақтап, белгілі нәтижеге жетеді 4.Кейбір оқушылар топтың көмегімен берілген тапсырмаларды орындайды Қамтылатын модульдер: 1-модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер(топтық жұмыс)               2-модуль Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету(миға шабуыл әдісі,ой қозғау әдісі)                                                                                                                 3-модуль Оқыту үшін бағалау, оқуды бағалау(Бағалау ағашы)                         4-модуль АКТ-ні пайдалану(«Абайды оқы, таңырқа!» слайды)                    5-модуль Талантты және дарынды оқушыларды анықтау(Топтық жұмыстар)                     ... Қадамдар: І бөлім 1.Ұйымдастыру бөлімі 2.Психологиялық дайындық 3.Топпен жұмыс( 1-топ Абай есімін қорғау 2-топ Абайдың өлеңдерін қорғау 3-топ Абайдың өмірін қорғау 4-топ Абайдың сауат ашуы).
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Абайды оқы,таңырқа!»

Сабақтың мақсаты: Жаңа технологияларды оқып-үйрену,меңгеру арқылы болашақ маман иесі болатын интелектуалдық тұлға болып қалыптасуына ықпал ету.

Сабақтың міндеті: Білімділік: Абайдың өлеңдеріндегі тәлім-тәрбиені ашып, оқушыларға ой-сана арқылы жеткізу. Оқушыларды Ұлы ақын - А.Құнанбайұлының балалық және жастық шағы, өскен ортасымен таныстыру. Ақындығы мен композиторлығын таныту. Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып, өсуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін, сезіну қаблетін және сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Шығармашылық: Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, қадірлеуге, асыл мұрасындай есте сақтауға баулу.

Тәрбиелілік: «Ондай болу қайда деп,

Айтпа,ғылым сүйсеңіз» дегендей, оқушыларды өмір сүруге ынталандыра тәрбиелеу. Гуманистік, адамгершілік, еңбек, имандылық тәрбиесін беру.

Оқытудың нәтижелері:

1.Алған мағлұматтарын жинақтайды

2.Өмірдің мәнін түсінеді

3.Өз ойларын жинақтап, белгілі нәтижеге жетеді

4.Кейбір оқушылар топтың көмегімен берілген тапсырмаларды орындайды

Қамтылатын модульдер:

1-модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер(топтық жұмыс) 2-модуль Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету(миға шабуыл әдісі,ой қозғау әдісі) 3-модуль Оқыту үшін бағалау, оқуды бағалау(Бағалау ағашы) 4-модуль АКТ-ні пайдалану(«Абайды оқы, таңырқа!» слайды) 5-модуль Талантты және дарынды оқушыларды анықтау(Топтық жұмыстар) 6-модуль Оқытудағы жас ерекшелікті ескеру. 7-модуль Оқытуды басқару және көшбасшылық(мұғалім-көшбасшы)

Қадамдар:

І бөлім

1.Ұйымдастыру бөлімі

2.Психологиялық дайындық

3.Топпен жұмыс( 1-топ Абай есімін қорғау 2-топ Абайдың өлеңдерін қорғау 3-топ Абайдың өмірін қорғау 4-топ Абайдың сауат ашуы).

ІІ бөлім

4.Қорытынды бөлім

5.Абайдың 31-ші қара сөзі арқылы алған мағлұматтарды есте сақтауға бағыттау.

6.Сергіту сәті «Көзімнің қарасы»

ІІІ бөлім

7.Интеллектуалдық сәт: «Жұлдыды сағат» ойыны

8.Абайдың өлеңдері мен әндерін жіктеу(интербелсенді тақтада орындау)

9.Жеңімпаздарды марапаттау

10.Рефлексия

Дереккөздер:

А3 форматтары,маркерлер,карточкалар,смайликтер,АКТ-ны пайдалану,интербелсенді тақта,слайд.

Сабақтың барысы:

І бөлім

1.Ұйымдастыру бөлімі: Амандасу,тәрбие сағатын ашық деп жариялау. Жүргізуші-көшбасшы,яғни мұғалім.

2.Психологиялық дайындық «газет» тренингін жүргізу

3.Топқа бөлу (мозайка құрау-СТО әдісі) Әр топ топбасшыларын, хатшыларын сайлайды. А)Топпен жұмыс көшбасшы А4 форматты карточкаларды, яғни тапсырмаларды таратады.

Б)Шығармашылық тапсырма 1-топ Талап; 2-топ Еңбек және ой; 3-топ Қанағат; 4-топ Рақым.(ой қозғау әдісі).Көшбасшы қолпаштап,қошеметтеп топтық жұмыстарын қорытады.

ІІ бөлім

4.Қорытынды бөлім

5.Көшбасшы Абайдың 31-ші қара сөзі арқылы оқушыларды алған мағлұматтарын есте сақтауға бағыттайды.

6.Сергіту сәті «Көзімнің қарасы»

Көзімнің қарасы, Көңлімнің санасы. Бітпейді іштегі, Ғашықтық жарасы Жылайын жырлайын, Ағызып көз майын. Айтуға келгенде, Қалқама сөз дайын Жүректен қозғайын, Әдептен озбайын, Өзi де бiлмей ме, Көп сөйлеп созбайын?

ІІІ бөлім

7.Интеллектуалдық сәт: «Жұлдыды сағат» ойыны

1. Абай қай жылы туды?

1855, 1963, 1845;

2. Қай жерде туды?

Семей, Алматы, Торғай

3. Әкесінің аты кім?

Ырғызбай, Өскенбай, Құнанбай;

4. Абай қай рудан?

Жігітек, Бөкенші, Тобықты;

5. Анасының, әжесінің аттары кім?

Әйгерім, Зере, Ұлжан;

8.Абайдың өлеңдері мен әндерін жіктеу(интербелсенді тақтада орындау)

Абайдың әндерінің аттары

Абайдың өлеңдерінің аттары



9.Жеңімпаздарды марапаттау: Смайликтер тарату арқылы ұпай сандарын анықтау.

10.Рефлексия:Бағалау ағашында оқушылар алма өсіреді. Көшбасшы тәрбие сағатын жабық деп жариялайды.





© 2010-2022