Урок на тему Шын дос асыл қазына

Раздел Классному руководителю
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


«Өтес орта мектебі» ММ


Урок на тему Шын дос асыл қазына










«Шын дос - асыл қазына»

/ашық тәрбие сағаты/




8б-сынып жетекшісі: Рахмет Айгүл












2015-2016 оқу жылы


Бекітемін :__________ ДТЖО : Надирова Г

Сабақтың тaқыpыбы:

«Шын дос - асыл қазына»

Жaлпы мaқсaт:

Балалардың достық туралы ұғымын кеңейту және нақтылау. Достарға деген қарым - қатынасты қалыптастыру, достықты қадірлей білу, бір-біріне көмек көрсету және қамқор болуға үйрету.

Оқу нәтижесі:

Оқушылар достық туралы ұғымдарын кеңейту, қарым - қатынастарын қалыптастыру.

Оқушылардың бойында досарына, сыныптастарына деген сүйіспеншілігі артады.

Негізгі идеялap:

Топтық жұмыс үлгілерін енгізу арқылы сыни ойлата білу, диалогтік қарым-қатынас арқылы жұмыс жасауға бағыттау.

Сaбaқтa қолдaнылaтын құрал-жабдықтар

Интерактивті тақта, маркер, стикер, А - 3, 4 парақтары, стикер, қалам

Оқыту әдістеpі:

Сұрақтар қою, топтық жұмыс, АКТ, бірін-бірі бағалау, оқытудағы басқару және көшбасшылық.

Тaпсыpмaлap:

Топтық тaлдaу, постермен жұмыс, рөлдік көрініс, ой түрткі, сергіту сәті, бағалау, рефлекция








Сабақ бойынша мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеті

Қолдaнылaтын

әдіс-тәсілдеp

Мұғалімнің-әpекеті

Оқушылардың

іс-әpекеті

Уақыт

Психологиялық ахуал

Амандасу. Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын! Сіздерге және өз-өзімізге қошемет көрсетейік!Бір - бірлеріңе бір сәт көз жүгіртіп қараңдаршы. Бүгін бәріңнің жүздеріңнен қуаныш, шаттық, татулық, мейірімділік, қамқорлық достықтың белгілері көріп тұрмын. Бәріміз ортаға келіп шаттық шеңбер құрып өзіміздің есімімізден басталатын өзімізде бар қасиеттерімізді айтайық.

Татулық, бірлікке, досыққа байланысты өлең шумақтарын айтқызу.

Мен жайдарлы, ақкөңіл, белсендімін.

Менің қолымнан бәрі келеді.

Мен айналама тек жақсылық тілеймін.

Мен бақыттымын.

Шапалақтау арқылы қошемет көрсетеді





Оқушылар хормен бірге айтады.

3 минут

Топқa бөлу

Сурет құрастыру арқылы топқа бөлу

оқушылар кеспе қағаздарын таңдап, құрастыру арқылы топқа бөлінеді

2 минут

Ой қозғау




Видео көрсету.

Осы көрсетілген видеодан қандай мағұлмат алдыңыздар . Оқушылар өз ойларымен бөліседі.

Достық - деген таусылмайтын қазына

Көктемде де солып қалар гүл емес

Қарамайды ол сыйдың көп пен азына

Нағыз достар тіпті сый да тілемес

1) Дос деген кім?

2) Достық дегенді қалай түсінесіздер?
3) Достық шынайы сезім ба? немесе жәй ұғым ба?

4) Досыңды неге теңер едің?

Алдымен оқушылар видеоны көреді.


Сұрақтарға жауап береді

3 минут

Тапсырма

Топтық жұмыс:

1. a) Жағдаятты түсіндіру

б) Дос туралы мақал- мәтел

2. a) Жағдаятты түсіндіру

б) Дос туралы өлең шумақтарын шығару

3. a) Жағдаятты түсіндіру

б) Адал достыққа тән қасиеттерді тауып жазыңыздар

4. «Достық» мәтінін толықтырып, көрініс қою

Әр топ сипаттамасын жазып, постер қорғайды, көрініс көрсетеді

12 минут


Бағалау

Топтар бір-бірінің жұмысын бағалау

Топтар бір-бірінің жұмысын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды

2 минут

Сергіту сәті

Тыныштық сәтін ұйымдастыру.

Бәріміз бірге көзімізді жұмып, әркім өзінің шын адал досы туралы және оның жақсы қасиеттері туралы ойлаймыз. Енді көзімізді ашып бір -бірлеріңізге күлімдеп қарайық. Осы уақыттан кейін бәріміз бірге адал шын дос ретінде қарап, тәту-тәтті болайық демекпін. Достарымыздың тек жақсы қасиеттерін көріп, айтып жүрейік.

Оқушылар хормен орындайды

3 мин

Кеpі бaйлaныс. Pефлексия.


1.«Ізгілік ағашы»

2.«Шаңырақ» Біз тату - тәтті тәуелсіз елімізде бір шаңырақ астында өмір сүріп келеміз. Сіздер достарыңызға қандай тілек тілейсіздер?

Жас -жастың тілегі бір,

Ынтымақтың тілегі бір.

Бүгінгі сабақтан не алғанын стикерге жазып оқиды.

Оқушылар досымызға арнаған тілектерін айтады

3 минут




Сынып жетекші: Рахмет Айгүл





























© 2010-2022