Қош келдің-Әз Наурыз!

Сабақтың тақырыбы: Қош келдің-Әз Наурыз!Мақсаты: Оқушыларға қазақхалқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздыңсалт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.Мазмұны: Бүкіл тіршілікаталуының түрленіп, жаңаруы паш етіледі. Мейрамның ең қадірлі дәмдері мен қасиетті сөздері кеңінен насихатталады.Көрнекілігі: Қазақтыңкиіз үйінің жабдықтары, ұлттық тағамдар, т.б.с
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қош келдің-Әз Наурыз!

Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт - дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Мазмұны: Бүкіл тіршілік аталуының түрленіп, жаңаруы паш етіледі.

Мейрамның ең қадірлі дәмдері мен қасиетті сөздері кеңінен насихатталады.

Көрнекілігі: Қазақтың киіз үйінің жабдықтары, ұлттық тағамдар, т.б.с

Түрі: Мерекелік сазды әдеби - музыкалық кеш.

І. Қонақтарды қабылдау.

ІІ. Жарапазан айтушы бала мен өнерпаз жігіт жиналған қауымды Наурыз тойын тамашалауға шақырады.

ІІІ. «Жыл басы - Наурыз» тойы мерекесінің жүру бағдарламасы.

  1. Қазақтың салт дәстүрлері мен ырым - тыйымдары туралы түсінік беру.

  2. Халық әндерімен билерін тамашалау.

  3. Қызыр атаны қарсы алу, бата сұрау.

  4. Ұлттық ойындардан көрініс ( күрестен, кіртас көтеру, аударыспақ ойнау ) Наурыз көже ішуден сайыстар.

  5. «Достығымыз жарасқан» Ұлттық билерден сайыс. ( әр ұлт өкілдерінің киімін киген бозбала мен бойжеткендер билейді )

Той бастар «Отырардағы той» әні орындалады. Қонақтарды қарсы алу.

1 жүргізуші:

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Той дабылын қағып тұрған
Мұнда біз бар!
Естімеген естіңдер!
Тыңдамағандар тыңдаңдар!
Наурыз тойы басталды,
Бір орында тұрмаңдар!

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар қауымы мен оқушылар және қонақтар!
Міне, араға жыл салып шуақты да шырайлы мерекеміз - наурыз мейрамы да келіп жетті. Наурыз -қазақ халқы үшін ежелден-ақ береке -бірліктің , ел-жұрт, ағайын -туыс арасындағы татулықтың , ерен еңбектің , жаңарған тіршіліктің ұлы символы.

2 жүргізуші: Қадірлі қауым ! Сіздерді наурыз мейрамымен құттықтай отырып, елімізге тыныштық, берекелі бірлік, әрбір отбасына ынтымағы жарасқан баянды бақыт, денсаулық, мағыналы ғұмыр тілейміз. Әрбір шаңыраққа Қыдыр дарып, бақ қонсын! Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын!

Би «Шашу» орындайтын: 5 «а» сынып оқушылары

1 жүргізуші: Қадірлі жиналған қауім, ата - бабадан жеткен халқымыздың тамаша жоралғылары мен дәстүрлеріне құлақ салалық, зердемізге түйіп, келер ұрпаққа мұра етіп қалдыра алсақ, қандай ғанебет болар еді.

«Наурыз» күн мен түн теңеліп, жергегі көкке жан бітіп, жан - жануарлар төлдеп, адамдардың ауызы аққа тиетін, тоң жібіп, Жер - Ана бусанатын, қыстан аман шыққан шаруа адамының арқасы кеңіп, қолынан айыр - күрегін тастамайтын, ерекше күн деп саналған.

Құттықтау сөзі мектеп директоры Кадыров Елжас Елдосұлына беріледі.

2 жүргізуші: Жаңа жылды, Наурыздың 22 - сін халық Ұлыстың Ұлы күні деп ұлағаттаған. Ұлыс күні Қазақ үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Бұл күнгі болған әрбір өзгеріске үлкен мән берген, қар немесе жаңбыр жауса, « нұр жауды », « туар жыл нұрлы болады », « Наурыздың ақша қарындай » деп әсем теңеулер айтып, « ағынан жарыла қуанса, мал төлдесе бір тал көк шөп артық шығады » - деп ырымдаған, нәресте дүниеге келсе, ұлағаттап есімін ерекше қойған.

Құттықтау сөзі мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ескалиева Зульфия Мутиголлақызына беріледі.

Ән «Шақырады көктем» орындайтын .....................................

1 жүргізуші: Ұлыстың Ұлы күні « көлденеңнен шөпке жан бітіп » қырда саршұнақ інінен қылт етіп, бір көрініп, қайтадан ініне кіріп кетіп, жер беті әбден жылығанда шығады дейді. Бұл сөзде дала мен табиғат арасындағы көзге көріне бермейтін терең мәнді тағылымды үйлесімділік жатыр.Тілімізде осы күнге қатысты - «жер бетіне жақсылық ұялаған күн», «Ұлыстың ұлы күні», «Ұзақ ұшып келген күн», «Жыл басы - жылқышы торғай ( науірзек ) келген күн», «Көк құт ( өсімдік ) көзін ашқан күн», «Көк тас еріген күн» деген сөз оралымдары сақталған.

Би «Қазақ биі» орындайтын 6 «а» сынып оқушылары

2 жүргізуші: Наурыз мерекесін тойлау дәстүрлі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс - салтында бағзы замандардан бері орын алған деседі.

1 жүргізуші: Иә, иә, менің естуімше Ежелгі түркілер ұлыс күндері жаңа киімдерін киіп, сақал - мұрттарын түзеп, шаштарын алдыратын болған, алты күн садақ тартып машықтанған соң, жетінші күні алтын теңгеден жамбы атып жарысқан. Егер кімде - кім бірінші болып жамбыны атып түсірсе, сол адам сол күні, яғни бір күн елге патша болып, билік жасауына ерік берілген деседі.Ал Қазақ даласында ұлыстың ұлы күні бүкіл адамды тең санаған, құл мен күң де шаруадан босап, еркін бой жазуға мүмкіндік алған. Бұл күнгі дастархандағы дәм, айтылар әңгіме көпке ортақ болған екен.

Олай болса кезекті әнге берелік. Ән «Дастарқан» орындайтын 5 «а» сынып оқушысы Кутумбаева Альмира



© 2010-2022