Сыныптан тыс іс-шара Наурыз-салт дәстүрлері

Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрам екенін ашып көрсету ; оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезім ұялату, өнерін, мәдениетін қастерлей дамыта оқытып үйрету; мерекеге байланысты ұлағатты сөздердің мағынасына қарай оқушыларды адамгершілікке, елін, Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу.
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты


Тақырыбы: «Наурыз-салт дәстүрлері»

Мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрам екенін ашып көрсету ; оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезім ұялату, өнерін, мәдениетін қастерлей дамыта оқытып үйрету; мерекеге байланысты ұлағатты сөздердің мағынасына қарай оқушыларды адамгершілікке, елін, Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суретті плакат, нақыл сөздер, ұлттық киімдер,жартылай тігілген киіз үйде ұлттық ыдыс аяқтар, қамшы және т.б.

Барысы.

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні -Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып жаңа жыл келді. Той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!

1-жүргізуші: Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Наурыз 22-де күн мен түн теңеледі, қыс өтіп көктем келеді.Тіршілік басталады. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам - Жаңа жыл Наурыз мерекесі.

Кел, балалар ойнайық,

Наурыз тойын тойлайық..

Баянды боп мереке,

Қыр гүліндей жайнайық..

2-жүргізуші:Күттіріп келген жыл басы,

Бізбен бірге жырлашы.

Елімнің дастарханына

Береке, ырыс сыйлашы.

Ата-бабам тойлаған

Наурызым армысың!

1-жүргізуші: Міне Наурызда келді. Осы наурызға байланысты не білер екенбіз? Соны ортаға салайық.

1-оқушы: Шығыс күнтізбелігі бойынша жыл басы болып саналатын Наурыз күн мен түн теңелетін наурыздың 22-сіне, жер бетінде тіршілік біліне бастайтын мезгілімен тұстас келетін мереке.

2-оқушы: Наурыз көже- наурыз тойына ғана тән, көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр үй жеті түрлі дәмнен: сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс тағы сол сияқты тағам түрлерінен жасап, оған қазы, шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурыз көженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық тағылымы өте зор. Ол барлық адамдарды жомарттылыққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа, татулыққа, бірлікке шақырады.

3 -оқушы: Наурыз тілек. Әр адам өзіне, от басына немесе жақын туыстары мен дос жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жақсы тілек тілейді, бір бірінің үйіне кіріп дәм татады.

4-оқушы: Наурыз бата. Халықта батаның түрлері көп. Соның бірі- осы Наурыз бата. Мұнда наурызнама өткізгендерге, осы күнге арнап «Наурыз көжеге» шақырғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші палуандарға бата беріледі.

5-оқушы: Наурызнама- шат шадыман ойын -сауық той. Бұл күні үлкен болсын, кіші болсын осы мейрамға келіп, көңілді ойын сауықтар жасалады. Мұнда шарап ішу, ренжісу сияқты жағымсыз әдеттерге қатты тыйым салынған. Тойға ат жарыс, палуан күрес, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады.

6-оқушы: Наурызша. Наурыз айында жұп-жұқа, қиықша қар түседі. Оны халық наурызша деп атайды.

7-оқушы: Наурызшешек. Наурыз айында өсетін жапырақты, түрлі-түрлі гүлді, қаушақты әсем өсімдік. Оны үйде де өсіреді. Майының дәрілік қасиеті бар. Қазақстанның таулы аймақтарында оның бірнеше түрі өседі.

Ән орындалады.

2-жүргізуші: Бізге ақ батасын, ақ тілегін беремін деп Қыдыр ата ортамызға келіп тұр. (Қыдыр ата кейпінде оқушы келеді)

Қыдыр ата: Армысыңдар, жәмиғат! (қолың жайып)

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барсақ, жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін,

Бәле жала жерге енсін!

Ұлы халқым тоқ болсын,

Көйлектерің көк болсын,

Қайғы уайым жоқ болсын,

Қуаныштарың көп болсын!

Әумин!

(бетін сипап бата береді.)

Балаларым ата-салтын ұмытпай, ұлыс тойын өткізіп жатқандарын өте жақсы екен. Үлкен рахмет. Ал кәне, енді қандай қызықтарын бар?

Оқушылар өз өнерлерін көрсетеді.

(тақпақ)

2-жүргізуші: Өлең өрлеп, жыр самғай,

Үйлесті әсем сәніміз.

Болады екен жыл сондай-

Қандай болса Наурыз!

Жан қалмасың жай тұрған,

Мәз болсын жас кәріміз.

Күй шертілсің, ән айтып,

Би билейік бәріміз.

«Қара көз» тобының биін тамашалайық

Қыдыр ата: Ой, рахмет, айналайындар! Өркендерін өссіп, талаптарыңа нұр жаусын!

Мұғалім: Наурыз тойы - береке,

Наурыз тойы - жыр аңыз.

Қызып дулы мереке,

Қызық думан құрамыз.

Наурыз шаттық әніміз,

Салтанатты сәніміз.

Ән салып жастарымыз.

Би биледік бәріміз.

Егін өңін толқытқан,

Елдің көңілін шалқытқан,

Бас иеміз саған, Наурыз! -дей отыра тәрбие сағатымыздың екінші бөлімі көшейік.

Мұнда оқушылар екі топқа бөлініп мынадай кезеңдерден тұратын сайысқа түседі.

1 кезең. Сәлем сөздің анасы.

2 кезең. «Ұмыт болған ұлттық ұғымдар»

3кезең Салт дәстүр (көрініс)

4кезең Наурыз айтыс

5кезең Ұлттық ойын

6кезең Дастархан

Ендеше осы сайыскерлерімізді бағалайтын әділқазылармен таныс болыңыздар.


Ал енді сайысымызды бастаймыз.

Армысың, айналайын дана халқым,

Сақтаған ұлтымыздың берік салтын.

Тіл ұшына оралар кездескенде,

«Сәлем- сөздің анасы» деген нақыл.

Сәлемдесу-парызы әрбір жастың- дей отырып, ортаға сайысқа қатысушы топтарды шақырамыз. (2 топ өздерін таныстырады

Мұғалім: Құрметті әділқазылар алқасы, сайыскерлерге баға берулеріңізді сұраймыз. Ал енді екінші кезеңіміз «Ұмыт болған ұлттық ұғымдар». Бұнда әр топқа қалаған санынын айтады,мен оқимын.Әр тапхан сұраққа10 ұпай беріледі.

20

20

30

30

40

40

50

50


1Оң жақ 20-«Тулақ шашу» дәстүрі туралы не білеміз? (Қазақ әйелдері жүн сабар алдында «ісіміз сәтті болсын» деп тулақ шашу жасайды, яғни тамақ дайындалып, шай ішетін дәстүр).

2- Тілашар тойы қашан жасалады? (Бала алғашқы оқуға барғанда).

3-Оң жақ 30 Сыбаға дегеніміз не? (Құрметті қоңаққа немесе өздерінің жақындарына сақтаған ет мүшелері).

4- Оң жақ 40 Ерулік дегеніміз не ? (Жаңадан көшіп келген көршіні үйіне қоңаққа шақыру).

5- Қазақ ұзынсары деп қай жыл мезгілін айтқан? (Көктем).

6- Қарашаңырақ сөзінің мағынасы? (Үлкен үй).

7-Оң жақ 50 Сыңсу қай тойда айтылған? (Қыз ұзату).

8- Асар дегеніміз не? (Көлемді ауыр жұмысқа ауылдасты шақыру).

Мұғалім: Құрметті әділқазылар алқасы, сайыскерлерге баға берулеріңізді сұраймыз.Ендігі кезеңіміз Салт дәстүр (үйге берілген тапсырма) екі топ дайындаған салт дәстүрлерін көрсетеді.

Мұғалім: Жез таңдай, күміс көмей ақындарсыз қазақтың қай тойы өтіп еді! Ақындарымыздың өнерін тамашалаңыз.

1-айтыскер: Мінгені сылқымдары берен екен,

Өнері талаптының өлең екен.

Сұрайын қайыруын айтып берші,

Бірінші жылға кірген немене екен?

2-айтыскер: Дүние ойлап тұрсам дұшпан екен,

Өмірде күнәліні қысқан екен.

Айтайын сұрағыңа анық жауап,

Бірінші жылға кірген тышқан екен.

1-айтыскер: Бәйгеден келсе жүйрік жарар еді.

Сүзілтіп жал құйрығын тарар еді.

Жыл атын өткен жылғы айтып берсең,

Көкейге қонып өшпей қалар еді.

2-айтыскер: Қонғаны ауылымның ой болады,

Мереке жылда осындай той болады.

Түйіп ал көкейіңе ұмытпастай,

Жыл аты өткен жылғы сиыр болар.

1-айтыскер: Ауылым қыстап отыр ойқораны,

Мереке күнде осындай той болады.

Биылғы жылдың атын айтып берші,

Білгеннен соң тағыда ой толады.

2-айтыскер: адамға құдай берер несібені,

Мына дос қалай-қалай көсіледі.

Біліп ал, мен айтайын мұның жайын,

Биылғы кірген жылың барыс болар.

Екеуі бірге: Өлең жыр көп шырқалды қосыменен ,

Айтысты ақталық осыменен.

Сау болып тұрыңыздар, апайларым,

Сәби де жетіледі досыменен.

-Жарайсыңдар балалар.Әділқазылар бағалай отырамыз.Енді кезеңіміз ұлттық ойындар.Мен шартын атап өтемін.Бірінші ойынымыз «асық ату» Екі топтан 1-баладан шығады ,көздеп атады 5реттен 1тигізген асығы 5 ұпайға саналады.

Екінші ойынымыз «Арқан тарту» қай топ жеңімпаз болады соны бақылаймыз.

Жарайсыңдар балалар ең соңғы кезеңіміз үйден дайындалған ұлттық тағамдарымызды екі тарту етеді.

Сонымен, бұл сайыста «» тобы жеңімпаздар атанды.

Сайысымыздың соңында «мен бір тілек білдірейін, сөз сөйлейін» деген әжелеріміз болса, ортаға шақырамыз.

Келіп, қатысқандарыңыз үшін көп рақмет!

Сонымен, сайысымызды аяқтаймыз. Қош, сау болыңыздар!





© 2010-2022