Презентация по воспитательной работе на темуҮздік куратор-2015

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жаржанова Гүлжазира Кереевна

химия және биология пәні мұғалімі, 411 топ кураторы

Ақтөбе қаласы, Ақтөбе техникалық колледжі

«Үздік куратор -2015» байқауы. « Менің сүйікті тобым»

Құрметті әріптестер! «Үздік куратор -2015» байқауына қош келдіңіздер!

Студенттер аяулы сан ғаламдар

Студенттер болашақ жас мамандар

Студенттер аптыққан пәк көңілдер

Жанарында жанып тұрған

Шаттықтар, өкініштер, тәтті өмірлер!

«Студент»- латын тілінен аударғанда «ізденуші» деген мағына ереді екен.

Сіздердің назарларыңызға менің «Тамақтандыру кәсіпорындарының өнім өндіру технологиясы және оны ұйымдастыру» саласы «Техник - технолог» мамандығының 1 курс студенттері, болашақ мамандары туралы өзімнің сүйікті тобым туралы ой- пікірлерімді тарту етемін. Қабыл алыңыздар!

«Колледж ережесінің мәнін, сыр- сипатын терең ашып, түсіндіре білу - куратордың төл жұмысы» алға қойып, деген мақсатты алға қойып, бүгінгі байқауға өз үлесін қосқалы келіп тұрған Жаржанова Гүлжазира Кереевна 411топ куратоы мен боламын.

Тобымыздың Ұраны: « Саналы ұрпақ болу

Сапалы білім беру

Білімді тәрбиелі

Болашақ маман болу!»

Үш түрлі кезеңменен таныстырам

Сіздерге өз тобым туралы сыр ақтарам

Бастайық әуелгі кез талапкерден

Талапкер балама аты «Абитуриент»

Ендеше абитуриент шақтарына

үңіліп, сыр шертейін бүгін сізге

Талапкерміз Абитуриент

Келген алғаш ауылдан

Түріміз де, киген киім

Оқшау еді қауымнан

Ертең сынақ деген күні

Өтпей қойды түніміз

Тест болатын сол бір сәтке

Жетті әрең күніміз

Періштенің құлағына

Ілініпті үніміз

Бүгін біздің ең бақытты адам болған күніміз!

Колледжде алғаш рет біз үшін

Сыңғырлады, сыңғырлады қоңырау

Сол қоңырау, сол қоңырау үнімен

Атандық біз студенті АТК-ның!

Колледж іші қандай ғажап

Таңырқаймыз, қараймыз

Жылы сөйлеп,біреу келсе

Жақсыға оны балаймыз!

Бәріңізде сай-саладан

Келген қазақ баласы

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар

Дарасының дарасы

Жетелеген біздерді Жаржанова Гүлжазира

Куратор - ол біздің!!!

Қыркүйекте келе сала

Перваштар деп сынады

Әр қайсысын шақырып алып

Мекен - жайын сұрады.

Ойхой шіркін студент шақ

Неткен қызық тамаша

Өнер қуып жарысқа да

Қатысыппыз өте жақсы

Салыстырып қараса.

Ешқайсымыз ерінбейміз

Д/Ш-ҒА ДА, АӘД - ГЕ БАРАМЫЗ

Сабақтан соң оқу залда

Кеш батқанша боламыз,

Қадірлейміз біз колледждің

Әр партасын, тақтасын

Тәрбиелеп, білім берер

Қадірменді ұстазын!

Жыл басына қарағанда

Біраз бізде стаж бар

Перваш кездей емес бәрі

Тіл табысар ұстаздар

Сессияны алғашқы

Тапсырыппыз жап-жақсы!!!

Студенттер болашақ жас мамандар

Жаса жарқын жас білімгер, өрендер!

Сіздер үшін бүгінгі күн мереке

Бәрі- бәрі саған ғана жарасар

Ойын- сауық, әділ-қалжың келеке

Өтер қыста, өтер көктем, өтер күз

Бір кездері тарап, тарап кетерсіз

Қанша алыс қиыр шетте жүрсең де

Сағынысып еске алысар ма екенбіз! - өзімнің сүйікті дей келе

тобыма деген, қамқор болар куратор ретінде ұстаздық жылы жүрек үнін жолдаймын!


© 2010-2022