Ұстаз - ұлылық, шәкірт - мәңгілік шығрмашылық есеп

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұстаз ұлағаты - ұлылық бастауы


Әр адамның өмір жолында алғашқы ұстаздың алар орны ерекше. Алғаш мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап, сені білім әлеміне жетелеп, әрбір әріпті әуезді үнімен үйрете отырып, санаңа орнықтырып берген аяулы ұстазды ұмыту мүмкін емес.
Әр бала өзінше бір әлем, жаны жақсылыққа құмар, арманшыл келеді. Арманға қанат бітіріп, сәбилік пәк жүректерге жақсылықтың дәнін себе отырып, білімнің үлкен ордасына жол ашқан алғашқы ұстаздың шәкірт алдындағы еңбегі ұшан теңіз.
Ұстаз болу - жүректің батырлығы
Ұстаз болу - сезімнің ақылдығы,
Ұстаз болу - мінездің күн шуағы.
Ұстаз болу - адамның асылдығы, - деп жырлаған ақын өлеңінің жолдарында өрілген, тамаша асыл қасиеттерді мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап-ақ, ұстазымның бойынан көріп, өзіме үлгі тұттым.
Жүректің отын, ақыл-ойдың шамын жаққан ұстаздың мейірімді келбеті талай жылдар өтсе де қаз қалпында, сол байсалды қалпымен көз алдыма келеді.
Бала мектепке барған сәттен-ақ, уақыттың біршама бөлігі мұғаліммен өтеді, сонда сені қуана қарсы алып, қиын сәттерде ең жақын жанашырыңдай қорған болып, жаныңа шуақ ұялатқан сәттерді әрдайым есіңе алып, бар мейірімділіктің бастауы алғашқы ұстазың болғанын сезесің.
«Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға», - демекші осынау қиындығы мен қызығы мол ұстаздық жолда өз бейнесімен әр шәкірттің жүрегінде қалған алғашқы ұстазға айтар алғыс шексіз!

© 2010-2022