Внеклассное мероприятие для 7 класса на тему «Қазақстан – 2050» стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр

Тәрбие сағатының тақырыбы:  «Қазақстан – 2050»            стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр                                                        Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың  байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. Ата-баба дәстүрлерін ұстана отырып, бірліктің, толеранттылық пен патриотизмнің, мемлекет пен қоғамға қалтқысыз қызмет етудің үлгісін көрсету. Отанға, туған ...
Раздел Классному руководителю
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Қазақстан - 2050» стратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр


Күні: 01.09.13

Класы: 7 «А»

Мақсаты: Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.


Тәрбиелік мақсаты: Ата-баба дәстүрлерін ұстана отырып, бірліктің, толеранттылық пен патриотизмнің, мемлекет пен қоғамға қалтқысыз қызмет етудің үлгісін көрсету. Отанға, туған жерге, өзіміздің ата-бабаларымызға, өзіміздің біртұтас және бөлінбейтін тарихымызға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер.

Әдісі: түсіндіру, сөзжұмбақ

Барысы:


I.Кіріспе

Мұғалім: Білім күні - жаңа оқу жылының басталу мерекесі.

Білім күнінің дәстүрлі міндеттері - қуаныш атмосферасын және білім алудың маңыздылығын түсіну жағдайын жасау.

Сондықтан жыл сайын 1 қыркүйекте мектептерде салтанатты жиын және алғашқы сабақ өткізіледі. Бұл Білім мерекесі! Мерекеге қатысушылардың барлығы үшін, әсіресе бірінші класқа келген бүлдіршіндер үшін бұл әсерлі күн. Мектеп оқушылары есейіп қалған кластастарымен кездеседі, жаңа мұғалімдер және пәндермен танысады.

Мектеп бітірушілер мектеп қабырғасындағы соңғы оқу жылын өткізеді және мектепте өткен қызықты оқиғаларды өмір бойы есте қалдыруға тырысады.

Балалық жылдар - зерденің, білім алуға уәждеменің дамуы, адамдарға, өзінің кіші отанына, еліне тек мектеп қабырғасында ғана емес, бүкіл өмір бойы пайдалы болуға тырысуды қалыптастыру үшін қолайлы кезең.

Мемлекет саясаты мектеп оқушыларына зияткерлік және рухани қалыптасып, шынайы құндылықтарды бойына сіңіріп, әр тұлғаның ұят, ар, намыс негіздерін сақтауға көмектесу секілді басты міндеттерді орындауға бағытталған.

II.Негізгі бөлім

Қасиетті қазақ жерін татулықтың талбесігі етіп, бейбітшілікке бөлеген Қазақстан халқы Ассамблеясы биыл кәмелетке толды.

Ел тәуелсіздігінің ең жауапты кезеңінде бірлігіміздің бастауы болсын деп қолымызбен құрған Ассамблеяның дүниеге келгеніне 18 жыл. Осы аралықта ол өзінің өміршеңдігін көрсетіп, біздің бейбіт қоғамның ажырамас бөлігіне айналды.

Елдіктің өлшемі, тұрақтылықтың тұтқасы болды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық XX сессиясын «Бір халық - бір ел - бір тағдыр» деп атауымыздың астарында үлкен мән бар. Кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ даласына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепкен еді. Бүгінде олар тегі басқа болғанмен теңдігі бір, қаны бөлек болғанмен жаны бір, арманы ортақ біртұтас халыққа айналды.Туған елдің туының астында бірігіп, туған жердің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір тағдыр күтеді.

Осылай, елдігіміздің ертеңі ошақтың үш тағаны сияқты «бір халық - бір ел - бір тағдыр» деген үш сөзге сыйып тұр. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырыс-несібесі мол болмақ.

Осыны халқымыз бек түсініп, бірлігіне бекем болды. Ел иесі - қазақ халқы да ешкімге шетқақпайлық көрсеткен жоқ.Ұлтына, тілі мен дініне қарамай барша этнос өкілдерінің теңдігін ата заңымызда айқындап алдық. Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында еліміздің Президенті Н.А. Назарбаев белгілеген «бір халық - бір ел - бір тағдыр» идеясы 2013-2014 оқу жылындағы Білім Күнінің ұраны. Президентіміз анықтағандай, «бір халық» - бұл барлығына ортақ ұлт мүдделері, «бір ел» - бұл барлығымызға ортақ Отанымыз, «бір тағдыр» - бұл барлығымыздың басымыздан өткен қиындықтар мен жеңістер, бұл біздің ортақ келешегіміз - көркейген және гүлденген Қазақстан.

Елбасы атап өткендей, Отанға, туған жерге, ата - бабаларымызға, бірыңғай және жігі ажырамаған тарихымызға деген махаббат барлық қазақстандықтар үшін ерекше маңызды.

Екі онжылдық ішінде Қазақстанның жолы ұлт жеңісінің үлгісі болды, осындай жетістікке тек күшті халық жете алады. Біз сондай халық бола алдық және осы биікте болуымыз керек, - деген Президент.

«Өз еліне пайдалы болу, өз Отанының тағдырына жауапты болу - бұл әрбір қазақстандықтың борышы және ар-намысы». Президенттің бұл сөздері әр педагогтің және мектеп оқушысының өмірлік қағидасы болуы тиіс.

Мектеп балаларды өз Отанын - тәуелсіз Қазақстан Республикасын сүюге, оның лайықты азаматы болуға, қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты сақтауға тырысуға үйретуі қажет.

"Қазақстан-2050" Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 2012 жылдың маңызды оқиғаларының бірі.

Біздің басты мақсатымыз - 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына ену. Біздің жетістіктеріміз және біздің қазақстандық даму моделіміз жаңа саяси бағыттың негізі болуы тиіс.

"Қазақстан-2050" Стратегиясы - бұл біз кімбіз, қайда барамыз, 2050 жылы қайда болғымыз келеді деген сұрақтарға жауап. Жас ұрпақты осы мәселе қызықтыратынына сенімдімін...»

2013 жыл - республикамыздың елордасы - Астананың 15 жылдығы. Астана - жаңа қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанның бейнесі, жаңарудың символы, республикамыздың тәуелсіздігінің символы. Астана -қазіргі заманғы маңызды мемлекеттік, экономикалық, инвестициялық және саяси жоба.

2017 жыл - Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрме өткізу жылы. Көрме «Болашақ энергиясы» ұранымен өтеді. Энергияның балама көздері - бұл әлем қоғамдастығын толғандыратын ең өзекті тақырып.

2017 жылғы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында «ЭКСПО-2017» 100 қатысушы мемлекет пен 10 халықаралық ұйымды қабылдайды. Олар жаңартылған энергия көздерін қолдану саласындағы жетістіктерін, олардың экологиялық тазалығы, қолданыстағы төмен бағасы және қоршаған ортаға зиянсыздығы сияқты артықшылықтарын көрсетеді.

Бұрын мұндай масштабтағы халықаралық көрме Орталық Азия және ТМД елдерінде ешқашан болып көрмеген. «ЭКСПО-2017» өткізілуі халықаралық көрме және ақпараттық тұсау кесер алаң ретіндеҚазақстанның дамуындағы үлкен қадам.

Елбасымыз биылғы дәстүрлі «Қазақстан - 2050» Стратегиясы Жолдауында жарқын болашаққа айқара жол ашты. Ондағы ең өзекті мәселенің бірі, бірегей қазақ тілімен 2025 жылы латын әліпбиіне көшу жайы көпшілікті ерекше қуанышқа бөледі. Тәуелсіз ұлт болудың ежелгі шарттары: өзіне тән тілі, сенетін діні, салт-дәстүрі, жазуы, басқа ерекшеліктері болу .
Енді Жолдауда айтылған өркениетті дамыған 50 елдің қатарына жету бағыт - бағдарына ілесу, үлес қосу ісі тұр алдымызда. Латын әрпіне көшу сол өркениет шыңында тұрған 50 елге жақындастыра түсіп, олармен қоян -қолтық бәсекелесуге жаңа негіз қалайды. Өскелең ұрпақ үшін тіптен тиімді.


Сөзжұмбақ ( «Жолдау» сөзі шығу керек. )
1. Әлемдік сөзінің синонимі (жаһандық)
2. Отағасының антонимі (отанасы)
3. Ата-ана тәрбиелейді? (бала)
4. «…-біздің табысты болашағымыздың негізі» (Ұлт денсаулығы)
5. Тіл дамуы, сақталуы үшін қандай қаріпке көшпекпіз? (латын)
6. Ел ертеңі жарқын болу үшін не істеу керек? (Білім алу)


III. Қорытынды

Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.
Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.
Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! -деген елбасымыздың қорытынды сөзімен сабағымызды аяқтаймыз.









© 2010-2022