Сайыс жоспары Туған тілім - тірегім

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Туған тілім - тірегім

Мақсаты: Тілді ұлттық мұра ретінде сезінуге үйрету, өз отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, намысын ояту, қазақ халқының тарихын, әдебиетін, тілін қадірлеуге тәрбиелеу.

Әдісі: сайыс

Көрнекілігі: ақын-жазушылар пікірі, мақал-мәтелдер

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаз және аяулы шәкірттер! Бүгінгі «Туған тілім- тірегім» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші: 1989 жылы қыркүйектің 22-сі күні «Қазақстан Республикасының тілдер туралы» Заң қабылданып, қазақ тілі ҚР мемлекеттік тіл статусына ие болды. «Қазақстан Республикасының тілдер туралы» заңының 4 - бабында былай жазылған:

«...Мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбір азаматтың парызы».

Ал Елбасы былай деген екен:

«Ана тілі мен мемлекеттік тілді білу - уақыт талабы»

Сайысқа қатысушы үш топты белгілеу және олармен таныстыру. Шараның мақсатын хабарлау.

Психологиялық дайындық:

Мынау - менің жүрегім.

Бәрі осыдан басталған.

Мынау - басым ақылды

Бәрін осы басқарған.

Мынау - оң қолым, мынау - сол қолым

Барлық істі осы екеуі атқарған.

Байқаудың кезеңдерімен таныстыру.

Кезеңдер

  1. Таныстыру

  2. «Кім көп біледі?» мақал-мәтел жарысы

  3. «Дода» сұрақ-жауап

  4. «Жалғасын тап» ойыны

  5. «Қатесін тап» ойыны

  6. «Мәнерлеп оқу» жарысы

Әділқазылармен таныстыру.

Жүргізуші: Сайысты бастамас бұрын ғалымдардың сөзіне тоқталсақ:

В. В. Радлов, орыс ғалымы: «Қазақтардың тілі жатық та, шешен әрі өткір, көбіне іліп-қағып сұрақ пен жауап беруге келгенде таңғаларлықтай оралымды сөйлейді. Кез-келген, тіптен, сауатсыздарының өзі ана тілінде біздің Еуропада байқап жүргенімізден тек француздар мен орыстардың дәрежесінде сөйлей біледі».

А. Саади, татар ғалымы: «Қазіргі ең таза, ең табиғи және бұзылмай, бұрынғы қалпында сақталып қалған бір тіл болса, ол - қазақ әдебиеті, шын ғылым үшін біз мұны ашық айтуымыз керек».

А. Жарри де Манси, француз ғалымы: «Қазақ тілі - түркі тілдер ішіндегі ең таза тілдірдің бірі» екен.

  1. Таныстыру

«Таныстыру» Сайысқа қатысушы топтардың капитандары шығып өздерін таныстыру.

  1. «Кім көп біледі?» мақал-мәтел жарысы

Әр түрлі тақырыпта мақал-мәтел айтып, жарысу. Әр мақалға бір ұпайдан беріледі.

  1. «Дода» сұрақ-жауап

1. ҚР Әнұранының авторлары кім?

2. Қазақстан қандай мемлекет?

3. Қазақстан Елтаңбасында не бейнеленген?

4. Қазақстанның рәміздерін ата.

5. Қазақстан туында не бейнеленген?

6. 22 қыркүйек қандай мереке?

7. Қазақ тілі мемлекеттік тіл деп қайда жазылған?

8. ҚР тәуелсіздігін қашан алды?

9. Абай қай жерде туған?

10. Мақалды жалғастыр: «Туған жердей жер болмас,...»


  1. «Жалғасын тап» ойыны

Мақал-мәтелдерді жалғап, құрастыру.

Өнер алды - қызыл тіл.

Тіл тас жарады,

Тас жармаса, бас жарады.

Тіл қылыштан өткір.

Адамға келген он пәленің

тоғызы - тілден.

Әдеп басы - тіл.

Сергіту сәті: «Мен қазақпын» биін билеу.

  1. «Қатесін тап» ойыны

Презентацияда ұсынылған қате жарнамалардың қатесін табу.

  1. «Мәнерлеп оқу» жарысы

Берілген өлеңді топ басшылары мәнерлеп оқиды.

Ана тілі-біздің туған анамыз,

Анамыздай сыйлап бағып-қағамыз,

Ана тілін бағаласақ қалай біз,

Өзіміздің сондай болмақ бағамыз

Ана тілін кім аялай білмесе,

Анасынан безген ұл деп қараңыз!

Әділқазылар өз шешімдерін шығарғанша, жанкүйерлер өлең жолдарын оқып береді.

Қорытынды:

Әділқазылар алқасы жеңімпаздарды атап, әрбір қатысқан топтарға мадақтау грамоталарымен марапатталады.

© 2010-2022