Классный час на тему Менің Отаным-Қазақстан!

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным-Қазақстан!

Сабақтың мақсаты:

  1. Студенттерге Тәуелсіз Қазақстан тарихы, салт-дәстүрі туралы мағлұмат беру;

  2. Студенттерді Отанды сүюге, қазақ елінің рәміздерінқастерлеуге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу;

  3. Студенттердің тапқырлық, шапшаңдық қасиеттерін молайтып, сөйлеу мәдениетін дамыту.

Сабақ әдісі: Саяси сабақ

Көрнекілігі: Қазақстан картасы, ҚР-ның Әнұраны, Туы, Елтаңбасы, слайд.

Сабақтың барысы

Мұғалім: Елім менің! Бұл өз үйіңнің табалдырығынан басталады. Содан шетсіз, шексіз қияға өрлеп кете барады. Оның жұпар атқан жусаны, кеудеңе құылған мөлдір ауасы, жотаға өрлеген жалғыз аяқ жолдары, осының бәрі-туған елдің бір бөлшегі.

Желбіреп көкке байрағы,

Артта қап тартқан азабың.

Аман боп ауыл аймағым,

Айбарың ассын, қазағым, -дей отырып, осынау дарқан жүректі, кең жазира көңілді, ақын жанды халықтың ұрпағы болғаныма қуанамын да, мақтанамын.

1- студент:

Дүбірлетіп өңірді, дүбірлетсін дүлділі.

Қазақ деген елімнің, құтты болсын бұл күні!

2- студент:

Қазақ елі-қашаннан да жыр елі,

Тарихында тұлғалар көп киелі.

Қазақстан аясында бұрыннан,

Бірнеше ұлт бірге өмір сүреді.

3- студент:

Бір-бірімен тату тәтті тұрады,

Бәрінің де Қазақстан тұрағы.

Туған жерге тебіренген сәттерде

Ағылады өлең-жырдың бұлағы.

4- студент:

Тәуелсіздік-тірлігімнің айғағы,

Татулығым бірлігімнің айғағы.

Сөгілмесе еліміздің іргесі,

Әлде де бар ұрпағымның арманы.

5- студент:

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма,

Туған тілім шұбарланба, жарқыра!

Тарихымда таланттылар көбейсін,

Бас иемін ата-баба рухына!

6- студент: Отан! Қандай құдіретті сөз! Өмірімнің бар мақсаты осы сөздің ауқымына сыйып кетерліктей-ақ. Бұл «Елім», «Жерім», «Ұям», «Қазақстан Республикасы» деген сөз.

7- студент: Жүректің түріп құлағын,

Ойланып тағы қарашы.

Кімсің сен, қайда тұрағың,

Енді қайда барасың?

«Жақсы» тақырыбындағы ширату ойынын ойнауды ұсынамын.

Күннің шыққаны жақсы ма? (Күнді бейнелейді)

Жақсы! (Алақандарын соғады)

Желдің соққаны жақсы ма? (Желді бейнелейді)

Жақсы! (Алақандарын соғады)

Достарыңменжүрген жақсы ма? (Адымдайды)

Жақсы! (Алақандарын соғады)

Анаңды құшақтаған жақсы ма? (Өздерін құшақтайды)

Жақсы! (Алақандарын соғады)

Туған өлкеде жақсы ма? (Құшақтарын жаяды)

Жақсы! (Алақандарын соғады)

Үйііміз бар жерде жақсы ма? (Үйді бейнелейді)

Жақсы! (Алақандарын соғады)

Биде айналған жақсы ма? (Айналады)

Жақсы! (Алақандарын соғады)

Қазақстандық болған жақсы ма? (Бас бармақтарын көтереді)

Жақсы! (Алақандарын соғады)

Мұғалім: Балалар бірінші жолаққа шақырамын (Бұл старт). Балалар сұрақтарға жауап береді, жауаптары бойынша жабыстырылған жолақтар бойынша алға жылжиды.

Балалар «Жақсы» деген ширату ойынында сендер қазақстандық болған жақсы деп айттыңдар. Ал Қазақстандық деп кімді айтуға болады? (Балалардың жауаптары)

Қазақстандық-бұл бізбіз, себебі біз Қазақстанда тұрамыз. Біздің әрқайсысымыз- қазақстандықпыз, себебі біздің Отанымыз- Қазақстан, Қазақстанда әртүрлі ұлттар тұрады. Қазақстанның барлық ұлты достықта, бейбітшілікте өмір сүреді, өзінің Отанын сүйеді.

Ән: «Біздің ел»

Әр адамның өз отаны бар. «Отан» сөін қалай түсінесіңдер?

Неге Отанымызды «туған ел» деп атаймыз? Бейбітшілік, достық нышаны қандай құс?

(Қазақстан жайлы бенефильм)

Қорытынды.

Қазақстанның келешегі арманының ақ төріне жеткен бүгінгі салтанатты келбеті халқымен бірге шаттанған Елбасы жүрегінің тебіренісіне жыр болып туып, Б. Тілеуханов ағамыздың ұлттық нақышымен ән болып қалықтап, әр қиырға тарап жүр.

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егеменді ел бақыты, ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күліп шығыстан,

Асыл өлкем жан жүректі ұғысқан.

Ата бабам аңсап өткен бақытым,

Айналайын Қазақстан-Гүлістан!

Сабақ «Атамекен» әнімен аяқталады.

© 2010-2022