Ана тілі Жақсы сөз көңіл кілті

Раздел Классному руководителю
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ана тілі Жақсы сөз көңіл кілтіСабақтың тақырыбы: Жақсы сөз - көңіл кілті
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға жаңа білім бере отырып, сөздік қорларын дамыту.

2.Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт - дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға, адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата білуге үйрету.


Формасы: тәрбие сағаты


Көрнекілігі: тақырыпқа байланысты слайдтар тізбегі


Сабақтың өткізілу барысы:


Жоспар.


І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
1. Әдепті бала - арлы бала
2. «Жақсы сөз - жанға қуат» көрініс
3. Поэзия минуты «Жақсы сөз жан семіртер»
4. «Жақсы мен жаман» туралы мақал - мәтелдер
5. Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын


Мұғалімнің алғы сөзі


Бағдат: Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Бұлбұл: Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
Бағдат: - Қадірлі ұстаздар, қымбатты оқушылар!
Бұлбұл: - Бүгінгі болатын 3 «Ә» сынып оқушыларының «Жақсы сөз - көңіл кілті» атты ашық тәрбие сағатына қош келіпсіздер!
Бағдат: тәрбие сағатымыздың мақсаты: адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата білуге баулу.
Бұлбұл: Тәрбие сағатымыздың бөлімдерімен таныс болыңыздар.
1. Әдепті бала - арлы бала
2.«Жақсы сөз - жанға қуат» көрініс
3. Поэзия минуты «Жақсы сөз жан семіртер»
4.«Жақсы мен жаман» туралы мақал - мәтелдер
5. Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын
Бағдат : Сөз - адам үшін тәрбие құралы, білім - білік, мәдениет, өнер бастауы. Сондықтан да сөзді шашпа - төк тегін дүние көріп, оңды - солды талғаусыз айта берсе, жұғымы, қадірі болмайды.
Бұлбұл: «Сөз қадірі - адамның өз қадірі, сөзі құнсыздың өзі құнсыз» деп айтқандай қалай да сөздің адамға жағымды немесе жағымсыз әсері орасан зор екені даусыз. Халқымыздың: «Жылы - жылы сөйлесең, жылан іннен шығады» деген тамаша мақалы жылы да жағымды сөйлеудің қаншалық керемет күшке ие екендігін аңғартады.
1. Бағдат: Олай болса, « Әдепті бала - арлы бала» бөлімінен басталық.
- Тақтадағы суретке қараймыз, суретте не бейнеленген?
- Кімде қандай пікір бар? Өз ойларыңда айтуға болады.
Оқушылар пікірінен кейін:
- Арманның істеген ісі дұрыс па?
- Әдептілікке жата ма?
Бұлбұл: Демек, адам бойында жақсы - жаман қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайымдылық пен кішіпейілділікті инабаттылықты, шыншылдықты ата - аналарымыз, ұстаздарымыз үйретеді екен.
Бағдат:- Ал біз, осындай жақсы қасиеттерді ананың ақ сүтімен, бал тілінен бойымызға сіңіреміз. Жақсы бала осы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуымыз керек.
Бұлбұл:- Ал, балалар, тақтаға назар аударамыз. Әдепті бала қандай болады, әдепсіз бала қандай болатынын бақылаймыз.
Медина: Әдепті ,шыншыл,тәртіпті, білімді,мейірімді,таза жүреді ұқыпты болады.
Берік: әдепсіз бала тіл алмайды ,нашар оқиды, өтірікші, еріншек.
Бағдат:- Әдепті және әдепсіз бала туралы тақпақ айтатын оқушыларға сөз кезегін берейік.
Дулат: Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса,
Сыйлы болмақ өзі де,
Үлкен болған кезінде.


Ақерке:Мені үлкендер әдепті деп мақтайды,
Мінезімнен теріс қылық таппайды.
Ал егер сен жалқау болсаң тілазар,
Ондай әдет жақсылыққа жатпайды.

Аманжол:- Қарсы алдынан кесіп өтпей көлденең,
Қашан да мен үлкендерге жол берем.
Абайсызда қалса біреу сүрініп,
Сол заматта сүйеніш боп қол берем.

Көгершін:Тілін алып кішінің де кәрінің,
Көңілінен шығып жүрмін бәрінің,
Ата - ананың айтқан сөзін тыңдауды,
Әдептілік белгісі деп таныдым.

Ақниет:Сыйластықты іздеген,
Әдеп сақтар ізгі өрен.
Сыпайылық белгісі,
Үлкендерге «сіз» деген.

Нұрай:Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан.

Талғат:Біз Отанның балдырған ұлдарымыз,
Әдептілік, батылдық ұранымыз.

Сабина: - Әдептілік, тәрбиелілік - асыл қасиеттер. Адамдарды бір - бірінен осындай жақсы қасиеттері арқылы бағалайды.
Олай болса, ойымызды, бойымызды бір сергітіп алайық. Сыныбымыздағы өнерлі балалардың орындауында би «Жаяу»
Ару: Адамға жақсы сөз айтып, жанына қуат беретін сөздің бір түрі бұл - сәлемдесу, сәлем беру. Сәлемдесу - кездескен адамдардың бір - бірінің амандығын біліп, қуанышқа бөленуі.
Сабина: Бір - біріне аман - саулық тілеп, тілектестігін, ниеттестігін білдіру, әдептілік пен ізеттілік нышанын көрсету. Әрбір адам «қайырлы таң», «қайырлы күн», «қайырлы кеш» деген сөздерді амандасуға қосып, тәуліктің үш мезгілінде бір - бірімен ақжарқын амандасуы тиіс.
Ару: Амандасқан адам қазақ салтында оң алақанын жүрегінің үстіне қойып, басын изейді. Не болмаса қол беріп амандасады. Ол «сізді шын жүректен құрметтеп, амандығыңызды тілеп, өзіңізге бас иемін» деген мағынаны білдіреді.
Сабина:Олай болса, «Жақсы сөз - жанға қуат»тақырыбындағы шағын екі көріністі тамашалайық.
Көрініс №1. Телефонмен сөйлесу.
Телефон шырылдайды. (Телефонды Даянаның анасы алады)
Медина:
- Даяна үйде ме? Телефонға шақырып жіберіңізші. Телефонды анасы Даянаға береді.
- Әй,Даяна, математика пәнінен қандай тапсырма берді?
Даяна: - Сәлем, Медина! Халың қалай? Кешір мен де кеше сабаққа бара алмадым.
Медина: - Неге?
Даяна: - Кеше кішкене қызуым көтеріліп тұрған соң анам бір күнге үйде бол, қызуың түссін, сабақта ауырып қаларсың деді.
Медина: - Жарайды онда, басқа қыздарға телефон соғып білермін.


Көрініс №2. Үлкенді құрметтеу.

Жүргізуші-Бағдат: Дүкенге бір қарт адам келе жатады. Жер тайғақ еді, ол кісі тайып жығылып қалады. Асхат пен Әлібек мектепке келе жатқан еді. Асхат Әлібекке сөмкесін беріп, қарт кісіні көтеріп тұрғызып жібереді. Ол рақмет айтып, кетіп қалады. Әлібек одан:
Әлібек:- Ана кісі сенің атаң ба?
Асхат:- Жоқ, атам емес.
Әлібек:- Ағаң ба?
Асхат:- Жоқ, ағам емес.
Әлібек:- Әлде әкең бе?
Асхат:- Жоқ, әкем емес.
Әлібек:- Танисың ба?
Асхат:- Жоқ танымаймын. Жәй бір адам ғой. Әлібек таңырқап қалады.

Мұғалім: 1 - көрініс бойынша не түсіндік? - Медина қандай кемшілік жіберді? Осы екі баланың орнында өздерің болсаңдар не істер едіңдер?
2 - көріністен не түсіндіңдер? (балалар өз ойларын айтады). Ата балаға не деді ?
Сабина: сыныптасымыз Өркенбектің орындауында «Жастар биі» күйін назарларыңызға ұсынамыз.
Ой қозғау.
- Қандай кезде жақсы сөздерді қолданасыңдар?
- Жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?
- Жаман, дөрекі сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?
- Жақын адамдарыңа қандай жақсы сөздер айтқыларың келеді?
Бұлбұл: Жақсы сөз, жылы тілек әр адамның көңілін көтеріп, олардың жүрегіне жылу береді, көңіліне қуаныш сыйлайды. Жылы сөз адамдарды татуластырады, достастырады.
Жақсы сөздерді бір - біріне жиі айту нәтижесінде өзара сыйластық артады.
Бағдат: «Жақсы сөз - жарым ырыс» дейді халқымыз. Жақсы сөз естісең, жаның жадырайды. Жақсы сөз ашу шақырмайды, жүрегіңді жылытады. Тек қана жақсылыққа жеткізеді, бақытқа кенелтеді, қуанышқа бөлейді. Жақсы сөз қуат береді, көңіл көтереді
Сабина-Ал енді «Жақсы сөз жан семіртер» атты поэзия минутына кезек беерміз.
Ельдана: Жақсы сөз жан семіртер, сергітер де,
Көңілді шүйгітер де өр күтерге.
Тұс - тұстан құлындатып, шұрқыратып,
Жібек жал сайгүлік ой өрбітер де.

Даяна: Жақсы сөз - жан сусыны шөл қанатын,
Ой мен тән қуат алып толғанатын.
Шабытқа қайратпенен қомдататын
Қымқаптай саудыр - саудыр зор қанатын.

Әлия: Жақсы сөз - жарым ырыс сағынатын,
Қиыннан қиюласып табылатын.
Қымбат ол, аяулы ол әулиедей,
Тек жүрек әміріне бағынатын.

Аружан: Жақсы сөз айта алады Жақсы ғана,
Әр Жақсы - Алты Алашқа бақ сыбаға.
Жақсы сөз тыңдау үшін әр Жақсыға
Болудан арланбаймын атшы бала.

Диана: Жақсы сөз - көпшік қойып мақтау емес,
Әдептен, ұяттан да аттау емес.
Жылуын жүрегіңнің ақ жарылған
Шым бүркеп, ішке бүгіп сақтау емес.

Мөлдір: Жақсы сөз - аққу сезім балапаны,
Ып - ыстық ізгі ұғымның алақаны.
Көңілден көлеңкені қуып шығар -
Нұр шашар шұғылалы дала таңы.

Өркенбек: Жақсы сөз - сара көңіл аңғарғаны,
Сүйсініп, мейірленіп таңғалғаны.
Емдейді ол жұлынды да жүйкені де,
Жота, жон жадыратып бал бармағы.

НұрсұлтанЖақсы сөз із түсірсе зердеде ояу,
Қай - қашан көңілге бәз салмас қаяу.
Құлағын көп бұраймын зейілімнің,
Қалма деп парасаттан қара жаяу.
Ару: Бір топ қыздардың орындауында «Қуыршақ Барби» биін қабыл алыңыздар!
Мадина:
Ой - жүйрік, тіл - шебер,
Танытса шындықты.
Мәнді ойды тілмен бер,
Сөзді тауып ұқыпты.
Бекарыс:
«Сіз», «біз»деген жылы сөз,
Жақсылықтың мейірі.
Бір - біріне болып көз,
Кең болсын адам пейілі.

Сабина:«Жақсы мен жаман туралы» мақал білетін оқушыларға сөз кезегін берсек.
Қымбат: 1. Жақсыдан тиер шапағат.
Жаманнан тиер кесапат.
Берік: 2. Жақсы байқап сөйлер,
Жаман шайқап сөйлер.
Дулат: 3. Жақсы - текшіл,
Жаман - кекшіл.
Аманжол: 4. Жақсыға ерсең жетерсің мұратқа,
Жаманға ерсең қаларсың ұятқа.
Ельдана 5. Жақсының алтын басы еңкейсе,
Білімсіздің басы шалқаяды.
Ақниет: 6. Жақсы сөз жан сүйіндірер,
Жаман сөз жан күйіндірер.
Даяна: 7. Жақсы адам елдің ырысы,
Жақсы сөз жанның тынысы.
Диана:8. Жақсы сөйлесе аузынан нұр төгіледі, жаман сөйлесе аузынан жын төгіледі.
Ақерке: 9. Жақсының сөзі назалы, жаманның сөзі ызалы.

Бағдат: Адамдардың бір - біріне жиі жақсы сөз айтуы, оларды жақындастырады, достастырады. Олардың бір - біріне деген сыйластығы артады. Ендеше сыйластығы мол, достыққа берік, ұйымшыл сынып екенімізді Ақерке қалай жеткізер екен. Ақерке тыңдалық.

Ақерке: Жұп жазбастан жүреміз.
Біздің сынып - мақтаулы
Өйткені біз сүйеміз
Дәйім тәртіп сақтауды
Біздің сынып - мақтаулы

Мағжан: Оқуда да алдамыз,
Біздің сынып өнерлі
Жақсы үйреніп алғанбыз
Талай би мен өлеңді
Біздің сынып - өнерлі
Еңбекке де қолы епті
Әмина: Ынтымақты дос ыңғай
Біздің сынып әдепті
Біздің сынып осындай
Біздің сынып осындай.
Бұлбұл: «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» - деген екен халық. Шамамыз жеткенінше, қолымыздан келгенше адамдарға, айналаға жақсылық жасап, жақсы сөз айтып жүрейік. Өйткені жасаған жақсылық зая кетпейтінін, оның шарапаты өзіңе, жақын - туыстарыңа, тіпті еліңе тиетінін сендер жақсы білесіңдер. Алғысқа бөленіп, ризашылыққа кенелесіңдер.
Ән «Әке» орынд. Тұрсұмбек Дулат.

Наурызбай батыр Құтпанбетұлы атындағы орта мектеп

мектепке дейінгі шағын орталығымен кмм











Бастауыш сыныптар апталығының ашылуына орай әзірленген ашық тәрбие сағаты.














Әзірлеген: Жолдыбаева А.Н.

3 «Ә» сынып


2015-2016 оқу жылы










Сабақтың мақсаты: «Өнер» ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу. Өнердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Оқушылардың өнерге қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері: Балалар барлығы шеңберге тұрып, қолдарына жүрекшелер алады. Шеңбер бойын айналып бір - біріне тілек айтады, жүрек сыйлайды. Мұғалімнің қолындағы қорапшадан гүл алып, сол қағаздың түсіне сай оқушылар 3 топқа бөлінеді.

Үй тапсырмасын тексеру: «Ақын деген кім?» мәтінін оқыдыңдар ма?

А) Өнерлі адамның бойында қандай қасиеттер болады екен?

Б) Ақын дегеніміз кім екен балалар?

Жаңа сабақ. Әңгімелесу

1) Балалар қандай адамдарды өнерлі деп санайды екенбіз?

2) «Өнерлі өрге жүзер » деген мақалды қалай түсінесіңдер?

А) Мультфильм «ақсақ құлан» мультфильмін интерактивті тақтадан көрсету.

В) Тапсырма. Балалар топ болып жарысамыз. Әр топқа тапсырма бір өнер көрсету.

С) Жаңа ақпарат. (Қолыма кукла түлкі мен жылан алып өзара сөйлестіру)Оқушыларға өнер, өнерпаздық сөздерінің мағынасын түсіндіріп, дәптермен жұмыс жүргізу. «Қоршаған әлемді көркемдеп бейнелеу көрінісі өнер деп аталады. Адамның өнерпаздығы оның қабілеті, шеберлігі, іскерлігінен көрінеді.»

Д) Дәптермен жұмыс. Дәптердегі тапсырманы орындау барысында балаларда өнерлі бала туралы ойлар жинақталады.

Тапсырма: Дәптерде берілген ребусты дұрыс шешсеңдер, өнер туралы халық даналығын оқи аласыңдар. Шешуі: «Өнерлі бала сүйкімді».

Е) Сергіту сәті. Мұғалім мен оқушылар шеңберге тұрып, мұғалім кубик лақтырады. Кубиктің 6 жағында, 6 мамандық иесі болады.1. Биші; 2. Әнші; 3. Домбырашы; 4. Құрылысшы; 5.Суретші; 6. Актер. Кубуктің қай жағы түссе, сол адамның қимылын бірге жасайды. (күй «Адай»)

Жаңа сабақты бекіту. Балаларға жүрекше таратып «бүгін мен не үйрендім» деген сұраққа жауап жазуы сұралады. Балалар өнер адамы деп кімдерді атаймыз?

- Жарайсыңдар, балалар! Өнерлі деп тек қана бір өнер түрін игерген адамды айтпаймыз. Сол өнерін, білімін, ақылына сай етіп өмірде қолдана алатын адамды да өнерлі деп айтамыз.

Жүректен - жүрекке. а) бірінші топ - бұлтқа адам жанын жабырқататын сөздер в) екінші топ - күнге анасы қалай еркелететінін жазу, үшінші топ - кемпірқосаққа алғыс айтқандағы сөздер жазу. Балалар, кез - келген өнер түрі адамға жақсы сезімдер сыйлайды екен. Дәл қазір барлығымыз шеңберге тұрып, қол ұстасып Асылбек Еңсеповтың «Балалық» күйін тыңдайық.

Үйге тапсырма беру. Өнер туралы мақалдар жазу

Бағалау. Дұрыс жауапқа гүлдер беріліп отырады. Оқушылар өз - өздерін бағалайды. «Жарайсың!», «Өте жақсы», «Жақсы» .


© 2010-2022