Аталар ерлігі-бізге үлгі

Сабақтың тақырыбы: « Аталар ерлігі- бізге үлгі ».Сабақтың мақсаты: Білімділік: ҰлыОтансоғысы,оғанқатысқанқазақстандықтардыңерлігі;антқаберіктігіжайындатүсінікбереотырып,Москва,ЛенинграджәнеСталинградмайданындағыерліктеріжайындаоқушылардың білімдерінтолықтыру. Дамытушылық: Сабақбарысындаоқушылардыңтарихиоқиғалардыескесақтау,салыстыру,тарихишындықтыбілуарқылылогикалықойлауқабілетіндамытудағыжәнеқазіргізаманғакөзқарасынқалыптастыру.Тәрбиелік: Елжандылыққа,елін,жерінсүюге,батырлардыңерлігінмәңгіесте...
Раздел Классному руководителю
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі.











Ашық тәрбие сағаты.


Тақырыбы: «Аталар ерлігі- бізге үлгі».












Сынып: 6

Сынып жетекшісі:Кусаинова М.Е.

СҚО, Мамлют ауданы, Бексейіт ауылы.






Бексейіт орта мектебі,

2014- 2015 оқу жылы.

Сабақтың тақырыбы: « Аталар ерлігі- бізге үлгі ».

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ұлы Отан соғысы, оған қатысқан қазақстандықтардың ерлігі; антқа беріктігі жайында түсінік бере отырып, Москва, Ленинград және Сталинград майданындағы ерліктері жайында оқушылардың білімдерін толықтыру.

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи оқиғаларды еске сақтау, салыстыру, тарихи шындықты білу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамытудағы және қазіргі заманға көзқарасын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Елжандылыққа, елін, жерін сүюге, батырлардың ерлігін мәңгі есте сақтауға, үлгі етуге тәрбиелеу. Патриоттық сезімді қалыптастыру және өз Отанын қорғауға дайын болуға тәрбиелеу. Тарихты білуге, ерлікке, батылдыққа баулу.

Сабақтың типі: талдау - жинақтау сабағы

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: қосымша материалдармен өзіндік жұмыс, пікір қорғау, проблемалық сұрақтар қоя отырып іздендіру, болжам жасау, оны дәлелдеу, жинақтау, салыстыру, талдау.

Сабақ жабдығы: интерактивті тақта, қосымша материалдар, буклет, слайд, батырлар суреттері, карталар.

Алдын ала берілген тапсырмалар:

Сабақтың барысы:

Ι. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Сабақтың барысы.
1. Кіріспе бөлім:
Мұғалім: Тарих көші үнемі жаңаланып отырады. Десе де, ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүние жүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес. Ерлік мәңгі өшпейді.

Балалар, бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз қандай тарихи оқиғаға сай алынып отыр?

Аз емес зар жылаған, егілген жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
Кеудеге зілді қасірет салды соғыс.
Қирады талай арман көңілге алған.

2.Дұрыс 1941жылы Фашистік Германия КСРО қарсы соғыс бастады.

Фашизм- дүние жүзіне үстемдік орнатуға тырысқан кертартпа топ, бірлестік.

Агрессия- мемлекеттің тәуелсіздігі мен аумақтық біртұтастығы, егемендігін әскери күшпен бұзу.

Сол кездегі Фашистік Германияның саясаты Пангермандық саясат болды. Пангермандық саясат дегеніміз- дүние жүзін күшпен басып алып, өзіне тәулді етіп, Фашистік Германияның билігін орнату.

Жеңіс күіне арналған «Аталар ерлігі- бізге үлгі» атты бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз ардагер аталарымыз бен олардың жеңіс жолындағы ерлігіне арналмақ.

Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты. Иә, кім де болса өз Отанын қорғауға қашан да дайын. Ұлы Отан соғысы туралы толығырақ мәлімет алу үшін 6- сынып оқушыларына сөз берейік. Олай болса сұрапыл соғыс және елін, жерін қорғаған майдангерлер туралы өлең жолдарын тыңдайық!

3.Слайд: Мәскеу, Ленинград, Сталинград үшін болған шайқастар туралы қысқаша мәлімет. Аружан, Сағындық, Рауан- Дарын.

4.Ұлы Отан соғысына қатысқан қандай батырларды білесіңдер?
Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов және де өз жерлестеріміз Жүнісов Ноғай, Құжымов Шаяхмет, Көнтаев Сейіт, Бәжімов Көпей т.б. да батыр аталарымыз бар.
Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық. Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алайық. (1 мин үнсіздік)

5. Келесі кезек оқушылардың дайындаған шағын көрінісі мен өлең шумақтарында.

Көрініс. Аружан (күлкі вальс)
Ғажайып дүние сан ғасырлар кешірген
Төскейде малы кең шалғы жайлы көсілген.
Береке бірлік жарастығы бар жерімде
Бейбіт өмір, баянды бастан кешірген.
Жігіті жайсаң, қызғалдақ қызы құлпырған
Албырттық жастық жүректерде жыр тұнған.
Біз 17, біз 18 жаста едік
Би билеуден кезіміз жоқ бір тынған.
Диас:
- Жігіттер, жігіттер соғыс басталды.
Аружан
Дала бүгін зұлымдыққа кенелді
Соғыс өрті жаулап алды әлемді
Отан, ана қорғау үшін өзіңді
Азаматтар қан майданға жөнелді.
Қарт кісі: Елнұр:

- О, Азаматтар ел басына күн туды. Жауды жеңіп, елге жеңіспен оралыңдар. Әмин! Өлеңдер:

Рауан: Қырық бірінші жылында,
Қанқұмар жауыз Гитлер,
Соғысуды ойлады.
Бейбіт елге аттанды

Қаруын жиып бойдағы.

Диас: Соғыстың алғашқы күндерінен бастап - ақ, Кеңес халқы жан - тәнімен Отанын қорғады. Әрбір село, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Кеңес азаматтары аянбай шайқасты.
Дарын: Осы соғыста Кеңес Одағының басқа республикаларымен бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және армиясының құрамында 1 млн 870 мыңдай қазақстандық болған.

Елнұр: Бұлт түнеріп аспаннан,

Талай көзден жас тамған.
Тұтқиылдан жау кіріп,
Қырғын соғыс басталған.
Сағындық: Соғыс жалмап аға - іні бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.
Жалғызынан айырыпты ананы,
Әкесінен айырыпты Баланы.
Дарын: Сенсің Отан қанмайданда,
Сыйынарым ұраным.
Күні - түні әр қайда да
Сені көріп тұрамын.
Сағындық: Ажал боп төнген жауына,
Дауылды көктің қыраны.
Оралды Алатауына,
Ерліктің өжет бір әні.
Таңқалтқан батырлылығымен,
Тарланбоз Талғат ағамыз.
Диас: Болмасын соғыс қанды апат,
Түспесін басқа ауыр күй.
Қалмасын жесір махаббат,
Қалмасын жетім жас сәби.

6.Мұғалім: Балалар, соғыста ерлік көрсетіп, жауды ойсырата жеңіп, елге қайтқан адамдарды біз кімдер дейміз?

Аружан: Ардагерлер М. Әміреев
Қан майданның жүректе жарасы бар,
Қайғысы мен зілі бар, наласы бар.
Арамызда жүретін алшаң басып,
Ардагерлер, азайып барасыңдар.
Ерлік сүйген еліңе салтың ұнар,
Жүздеріңде жанған от жарқылы бар.
Соғыс деген салмағын жалғыз сөздің
Бүгінгі ұрпақ өздерің арқылы ұғар.
Жасқанбаған жауынан жарақта ер,
Ерлігіңді аңыз қып таратты ел.
Қаһармандық дегенді кейінге ұрпақ
Жүздеріңе сендердің қарап білер.

7.Соғыс қашан басталды?

Соғыста жеңіске жетуге не себеп болды?

Қай жылы аяқталды?

Биыл соғыстың аяқталып, бейбіт өмір орнағанына неше жыл?

Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941жылы маусымның 22 - де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 - мамырда бұл соғыс Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 70 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығы. Жеңіс күні бәріміз үшін айрықша қымбат, қасиетті мереке. Бұл тек, сол соғыста жеңіске жеткенімізді атап өтетін күн ғана емес. Ол - сол соғыста Жеңісті жақындату үшін жан аямай шайқасып, қан майданнан оралмай, еліміздің берік қорғанындай болып қалған арыстарымызды еске алатын күн.

Жеңіс мерекесі- бейбітшілік сүйгіш бүкіл адамзат қауымының мерекесі.

Жеңіс мерекесі - жеңімпаз әкелер мен аға буынның және сол ағалар ісін алға апаратын жас буынның мерекесі. Бұл біздің ең қасиетті де қастерлі мерекеміз,

Жеңіс күні 9 - мамыр - бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері ерекше мейрам.

8. Бұл соғыстың жеңіске жетуінде маңызды рөл атқарған тағы бір себепкер бар. Ол- сол кездегі бала- шаға мен елде қалған қарттар, денсаулығына байланысты соғысқа қатыса алмаған бірақ тылда еңбек етіп, жауынгерлерге киім- кешек пен астық жіберіп отырған тыл еңбеккерлері.

Тыл еңбегінің соғысқа жіберген көмегі жөнінде буклетпен жұмыс.

Біздің ауылымызда да Тыл ардагерлері бар. Олар кімдер?

Ауылымызда Минә апа мен Бикамал апаларымыз Тыл ардагерлері.

Жасырмаймын болғам жоқ мен соғыста,

Өткізгем жоқ уақытты бірақ босқа.

Қаршадайдан колхохда жұмыс істеп,

Жеңіске үлесімді қосқам жоқ па?

Қоштасып балалықпен он бір жаста,

Қанша жыл өмір өтті арпалыста.

Сиырмен егін ектік, шөп те шаптық,

Шыдадық жұмсаса да қай жұмысқа.

Дегенмен Ұлы жеңіс ортақ маған,

Кінәм жоқ қан майданға бара алмаған.

Тездеткен Жеңіс күнін деп ойлаймын,

Колхозшы жас пен кәрі елде қалған.

9. Викториналық сұрақтар:

10. Оқушылар екі топқа бөлініп жұмыс істейді.

11. Қорытынды: Міне, ата-бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз. Өз әнұранымыз, елтаңбамыз, әрқашан биіктен көрінер туымыз бар. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт. Қуанышымыз, жеңісіміз ұзағынан болсын деп бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Елімізде бейбітшілік болсын! Аналарымыздың зарлаған, сәбилеріміздің жылаған дауысы естілмесін! Айбынды азаматтарымыз аман болсын!

12. Ән: «Егемен ел».

«Аталар ерлігі- бізге үлгі» атты

ашық тәрбие сағатымыздың бағдарламасы.

  1. Кіріспе бөлім.

  2. Слайд. Фашистік Германияның Кеңестік социолстік республикалар одағына қарсы бастаған соғысы, саясаты, жоспары.

  3. Слайд. Оқушылар Мәскеу, Ленинград, Сталинград майдандары туралы мәлімет береді.

  4. Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлардың атын атау, бір сәт үнсіздікпен еске алу.

  5. Оқушылар дайындаған шағын көрініс пен өлең шумақтарын тыңдау.

  6. «Ардагерлер» өлеңі. Аружан оқиды.

  7. Соғыстың басталуы Жеңіске жету себебі.

  8. Тылдағы еңбек пен Тыл ардагерлері жайында мәлімет.

  9. Викториналық сұрақтар.

  10. Оқушыларды екі топқа бөліп, Соғыс, Жеңіс постер жасау.

  11. Қорытынды сөз.

  12. Ән. «Егемен ел»


© 2010-2022