Баяндама Мемлекеттік тілді оқыту негізінде оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Баяндаманың тақырыбы:

Мемлекеттік тілді оқыту негізінде оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу








«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы,ол келешекте оның бар оміріне апат әкеледі,» - деп, әлемнің екінші ұстазы атанған ғұлама ғалым Әль-Фарабидің көрегенділікпен айтқан пікірі өз манызын қазіргі кезде де өскелең ұрпақ тәрбиесінде маңызын жойған емес.

Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан озық әдет-ғұрып,дәстүрлері мен ізгі қассиеттерін бойынан сіңіре отырып, дені сау,рухани өресі биік, парасатты,қазіргі қоғам дамуының үрдісіне сай білімді,рухы кемел жеке тұлғаны қалыптастыру- тәрбиенің өзекті мақсаты болып табылады.

Енді,міне,ғасырлар бойы армандаған егемендігіне қол жеткізіп отырған қазіргі сәттерімізде сол өткен ғасырдағы қол жеткізген жетістіктерімізді байыта отырып, өз ұлттық үрдісімізде де еселеп дамыта беруіміз қажет. Барлық санамызды, білімізді ХХ1 ғасырдың өскелең технологиялық жетістіктерімен қабыстыруымыз қажет. Ұлттық рухты көтерүіміз қажет.

Мектепте баланың сауатын ашып қана қоймай, оның азаматтық болмасын қалыптастыруды іске асырудың бірден бір жолы- халықтық педагогика

көзқарасын қалыптастыруды әрбір сабағымызда негізгі мақсат етіп қоямыз. Осы орайда Сп-14 тобының арасында қазақ тілі пәнінен (оқытушысы Жолдығұлова А.М факультатив сабақтарында тақырыптарын халықтық педагогикаға негіздеп өткізді.Халқымыздың елегінен өткен халық педагогикасы бүгіңгі таңда жас ұрпақтарды тәрбиелеуде. Бұл орайда Президентіміз Н.Назарбаев айтқандай «....Ең басты міндет-өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін, ділін қастерлейтін және оны жалпыадамзаттық деңгейдегі рухани құндылықтыра ұштастыра білетін, нағыз қазақстандық отансүйгіш, елшіл тұлға тәрбиелеуміз қажет».

Патриоттық тәрбие - оқу-тәрбие үрдісінің маңызды бөлігі

Студенттерді Қазақстан жағдайында ұлттың патриоттық сезімін қалыптастырудың, адамгершілікке негізделген ұлтаралық береке-бірлікке, ынтымақтастыққа, бейбітшілікке нығайту. Осыған байланысты оқу-тәрбие үрдісінде оқушыларды отансүйгіштікке, ерлікке, адалдыққа, елін, жерін қорғауға, шыншылдыққа тәрбиелеу. Өз мүддесін көздеп орындаған жұмыстарының сапалы болуын Отанға қосқан үлес ретінде қарастырудың да өзіндік мәні бар. Осыны әркімнің санасына сіңірген күнде ғана, біз нағыз патриоттарды тәрбиелейміз.

Қазақстандық патриотизм компоненттері

-Отанға деген сүйіспеншілік;

-Отанды қорғау;

-Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде үйрену; - Ана тілін білу;

- Ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеу;

«Оқу мен тәрбие егіз» ұғымын өз істерінде жүзеге асырып келе жатқан мектеп ұжымының қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдердің өзгелерге үлгі боларлық.

Студенттер бүгінгі күн талабына сай санасында туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып,ұлттық рухты сіңіру,сондай-ақ қазақ тілі мен әдебиетін,тарихы мен өнерін қастерлеп,халықтық салт-дәстүрлерді аялай,ардақтай білуге тәрбиелеу- қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдердің басты міндеттерінің бірі.

Сондықтан оқу-тәрбие жұмысының барысында халқымыздың ұлттық өнерін,салт-дәстүрін таныта отырып,студенттің іскерлігін, дағдысын,еңбекке деген қызығушылығын сабақ үстінде ойналатын ұлттық ойындар студенттерді пайдалы еңбекке,мергендікке,тапқырлыққа,бірлесіп қызмет атқаруға тәрбиелейді.Оқытушылар әрбір сабақтарында халқымыздың жақсы дәстүрін,мақал-мәтелдерін,әдептілік, сыпайылық туралы білгендерін сұрақ -жауап арқылы айтқызады.

Мектептің қазақ тілі мен эдебиет пәнінің мұғалімдері халықтың жиі қолданатын тәрбие құралдары- мақал-мәтелдер, тиым сөздерді пайдалана отырып,студенттерді адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеуді,жұмбақтар шештіре отырып ойлау қабілетін дамытуды басшылыққа алды. Сонымен бірге студенттерді сауатты,әдемі жазуға үйрету, тіл байлығын молайту,байланыстыра сөйлеуге дағдаландыру мақсатын көздеп оқушыларға бірнеше сұрақтар беріп, жауап алғыздырыды.

Студенттердің сабаққа ықыласын арттырып,қызығушылығын тудырып,сабақты түрлендіріп өткізу өз нәтижесін беретін ескере отырып,қазақ тілінде көптеген тыс жұмыстар өткізіледі

Біздің колледжде қазақ тілі апталығында барлық топтар бірдей толық атсалысты. Апталық кезінде топтар арасында «Менің Отаным Қазақстан « деген газет сайысы өтті. Ең көзге түсіп,атап өтетін болсақ,барлық топтардың шығарған газеттері мазмұны жағынан,көркемдігі жағынан бірінен-бірі. Жалпы топтардың барлығы шығырмашылығы жағынан өте тартымды.

Қорыта келгенде,біздің колледж ұжымы,студенттері патриоттық сезімде сезініп, отансүйгіш, ұлтжандылық, елжандылықты сезініп, Қазақстанның адал азаматтары болады.









© 2010-2022