Абайдың ақындық әлемі (7 класс)

Раздел Классному руководителю
Класс 7 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Абайдың ақындық әлемі

Абай «Біреулердің кісісі өлсе, қаралы - ол» өлеңі 1888 жылы жазылған. Поэзия - әлемдік өмірдің қан тамырының соғуы, сол өмірдің қаны мен оты, жарығы мен күні. Адам басына түскен ауыр қайғы - қасыірет те, адамның қуанышты сәттері де өлеңмен байланыса өмірге келген. Жаңа дүние есігін шырылдай ашқан жас сәбиге, ел мен елді таныстыра, мың жылға құдаластыра, татуластырған қыз бен күйеу жігітке, дүниемен қош айтысқан жандарға да өзіне лайықты сый - құрметті шама шарқынша көрсетеді. Әрбір айтылған оңды тілек, ғибратты сөз, жоқтау өлеңдерінің мағыналы болуы, үлкен құрмет, кішіге ізет көрсетілуі, салт - дәстүр қағидаларының тиянақты орындалуы, қанымызға сінген қасиетті қазақтың ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан заң жоралғымыздың сақталуында.

Адамның қуанышқа толы кей сәттері көңілді жадыратып, әнге деген махаббат сезіміне жақындаса, о дүниеге аттанғандарды арулап, қадір - қасиетін, елге еткен игі істерін, оның өмірдегі орны жайында жоқтау өлең формасына ойластырып,гөй - гөйімен шығырып салады, өлең өзегіне арқау еткен пайыммен толғайды. Мұхтар Омарханұлы Әуезов: «Абай өз халқының тілі мен өнерін, анық халықтық қазыналық қасиетті жақтарын аса зор бағалаған» деген. Жазба әдебиетіміздің негізін салған ұлы классик ақыны оны емін - еркін кешіп, еңсере игергені аян. Осы ретте Абайдың «Біреудің кісісі өлсе, қаралы - ол» деген атақты өлеңін оның поэзия мұрасына деген көзқарасының айнасы дей аламыз. Қазақтың тұрмыс - салт жырларын, таппақ, мақал - мәтел, шешендік сөздерін тізіп келіп, осыны да Абай өзі айтып кеткен:

«Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең.

Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен

Ойлаңсаңшы, бос қақпай елең - селең».....

Ұлы өлең атты өнерді өлең патшасына, ердің данасына, теп - тегіс жұмырлыққа піл сүйегінен, адам атаулының туғаннан өлгенге дейінгі өмірі тек өлеңмен шырмалған жіптей байланған бар адамды бар қуаныш - қайғысымен байланыстырған. Өлең өнерінің құнын көтере жырлайды. Бірақ, Абай ондағы бардың бәрін бірдей тьалғамай қабылдай берген жоқ немесе қабылдағанның деңгейінде қалып та қойған жоқ. Қайта соның бәрін жіті сын көзінен өткеріп, пайда - зиянын айыра білді, шірігі, шикісі болса, міні мен кемшілігін көре білді. Ақын өз өлеңінің тақырыбын «Біреудің кісісі өлсе, қаралы - ол» деп алып, негізгі айтар ойы - өлең өрнегінің құдыретін шарықтау болса, мақсаты - ұлы ақындық шеберлікті, асқан суреткерлікті танытатын басты белгі - тіл ұстартып, өнер шашатындығында. Осылайша, нағыз ақын Абай өлең мәртебесін әрқашанда биікке көтереді..

Жан жарасы жазылмаған ойшылдың айтар ойы, өлең жазудағы мақсаты, басты идеясы - надан халқына білім тұқымын сеуіп, көңілін ашу, ойлы да жас, тепсе темір үзіп, жаңалық ашарлық күш - қуаты бар жігіттерге үлгі беру, өмірдің бар қызығы думан - сауықта емес екендігін жырға арқау етеді. Өлең өнерінің қадірін білген ақынның келесі туындысы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» деп аталады. Осы бір тұшымды туындысы 1889 жылы жазылып, 1909 жылғы кітапта басылған. Өлеңді жазуға түрткі болған Шәкәрім, Көкбай, Әріп атты үш ақынға ой салу, ақыл - кеңес беру мақсатын:

«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ - барды, ертегіні термек үшін.

Көкірегі сезімді, тілі орамды

Жаздым үлгі жастарға ермек үшін.

Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,

Көңілінің көзі ашық, сергек үшін,

Түзу кел, қисық - қыңыр, қырын келмей,

Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей, - деп пайымдайды.

Әл жас ақын өлеі жазу үшін көкірікке сезімнің, тілге орамдылықтың, әр шумақ пен сөзге орайлылық аса қажеттігін айтады. Ақындарға сынауымен қатар, ақын мен ақындық өнердің міндеті жайында сөз ете келіп, қазақ деген қаны бар талапты талапты жас ақын жандыларды үлкен мақсатқа бағыттай, болашаққа жол көрсетеді.

Абай: «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» деген өлеіңде «сөз түзелді, тыңдаушы сен де түзел,» - деп жұртшылықтың ақындық сөзге зор маңыздылықпен қарауын поэзияның жоғары қоғамдық міндетін түсіне білуін талап етеді. Жаңа идеялардың баурап аларлық күшін, жаңа ақындық сөздің құнын әрбір адамның оңай әрі толық ұға алатынына қазақ өмірінің сол кездегі жағдайына сенім арту қиын мәселе. Ақыноны жақсы түсінді, мұны оның төмендегі шумақтары дәлелдегендей.

Шу дегенде құлағың тосаңсиды,

Өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмей.

Таңғаламын алдыңғы айтқанды ұқпай,

Және айта бер деген жұрт тыным бермей.

Бұдан біз өлең - жырдағы жаңа, соны ой - пікірлерді жұртшылықтың қалай қабылдайтынына Абайдың ерекше мән бергенін айқын аңғарамыз.

Сөз айттым «әзірет Әлі, айдаһарсыз»,

Мұнда жоқ «алтын иек, сары ала қыз».

Кәрілікті жамандап, өлім тілеп,

Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз.

Әсіресе қызыл емес деп, жиренбеңіз,

Түбі терең сөз артық бір байқарсыз.

Батырдан барымташы туар даңғой,

Қызшыл да, қызықшыл да әре жан гой.

Арсыз, малсыз, ақылсыз, шаруасыз,

Елірмелі маскүнем байқалған ғой.

Бес - алты мисыз бәңгі күлсе мәз боп,

Қиналмай, қызыл тілім,кел тілді ал, қой!

Өлеңі бар «өнерлі інім» сізге

Жалынамын сұндай сөз айтпа,бізге .

Өзге түгіл өзіңе пайдасы жоқ,

Есіл өнері қор болып кетер түзге...!

Поэзияның өзң түсінген табиғатын, сипатын түбі терең сөз;

Әзірет Әли , айдаҺарсыз сөз; әсіресе қызыл емес сөз; жастарға үлгі сөз; ермек үшін; жоқ-барды термек үшін жазылмайтын өлең деген бейнелермен береді. Бұлардың ішіндегісі «Әзірет Әли , айдаһарсыз ,алтын иек сары ала қызсыз» өлең дегеннің мән-мәнісін ашып түсіндіруге болады. Абай мұрасын қалың көпшілікке тамаша танытып өткен. Мұхтар Әуезовтің айтуынша ,бұл жолдар арқылы Абай 19 ғасырдың соңғы ширегінде қазақ мәдениетіндегі пайда болып, өрісі кеңейе бастаған шығысшыл қиссалардан үлгі алғандығының да мәнісі бар. Себебі, тамыры бір түркілер мәдениеті мен әдебиеті қащанда өз жақындығын қай қырынан болса да,бүйірін бұрары анық.

Поэзия- Абай түсінуінде біліммен шындалған өнер. Оны ақын «есіл өнер» деп бецнеленсе,мұның себебі бар; түсінетін,түйсінетін оқушысы жоқ поэзия - есіл өнер! Өзгеге пайдасы жоқ поэзия-есіл өнер болмақ!

Келесі бейне - сол поэзия оқушысының бейнесі деп алалық. Оны беру үшін ақын көкірегі сезімді, тілі орамды жастар,тасыр емес, талапты жан,көңілінің көзі ашық адам,өлеңі бар інім деген фразаларды жасайды. Мұның ішіндегі көңілінің көзі ашық,тілі орамды,тасыр емес,талапты дегендер-сол кездегі қазақ қоғамына тың бейнелер. Поэзия оқушысының жағымды,жаңа бейнелеріне қарсы жағымсыз типін де қатар қарастырады. Олар: тасыр,мисыз бәңгі ,сәнқой,даңғой,керім-кербез. Бұлар поэзия оқушылары емес,оларға өлең жазып қажеті жоқ, бұлар үшін есіл өнер- өлеңді қор қылмай ,қызыл тілді қинамау керек деген қатаң қағиданы ұсынады. Туындыдағы әрбір бейнелі сөздер айтылған идеяны төңіректеп дәлдейді,соған бағынатындығын да атап өтеді.

Қорыта айтқанда ,кез-келген оқырман қауым Абайша өлеңді жанымен түсініп,жүрегімен сезе білсе,поэзия әлемінің асар белестері ілі де биіктей бермек.

© 2010-2022