Сабақтан тыс жұмыс: Сөз мерген

Сөз мерген      Мақсаты:   Халық ауыз әдебиетін кеңінен насихаттау. Тіл көркемдігінде көне сөздерді қолдануын арттыру. Ұлттық тіліміздің шеберлігін және байлығын көрсету. Адамзат дамуына тағылым терең тәрбие қалыптастыру.   1-Жүргізуші:               Армысыз жиылған жұрт, барша халқым, Армысыз көрерменім, жүрегі алтын. Сәлем сөздің анасы деген сөз бар, Сәлем бердім ардақтап ата салтын.   2-Жүргізуші:               Бүгінгі «Сөз мерген» атты жекелеме сайысына қошкелдіңіздер. Бүгінгі               ...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сөз мерген

Мақсаты: Халық ауыз әдебиетін кеңінен насихаттау. Тіл көркемдігінде көне сөздерді қолдануын арттыру. Ұлттық тіліміздің шеберлігін және байлығын көрсету. Адамзат дамуына тағылым терең тәрбие қалыптастыру.

1-Жүргізуші: Армысыз жиылған жұрт, барша халқым,

Армысыз көрерменім, жүрегі алтын.

Сәлем сөздің анасы деген сөз бар,

Сәлем бердім ардақтап ата салтын.

2-Жүргізуші: Бүгінгі «Сөз мерген» атты жекелеме сайысына қошкелдіңіздер. Бүгінгі

сайысымызға қатысатын қатысушыларды ортаға шақырамыз.

1) Бастауыш сыныптың мұғалімі: Қасаболатова Айнұр Берікқұлқызы

2) Сызу және бөйнелеу өнерінің мұғалімі: Шымырбаева Линара Серғазықызы

3) Химия пәнінің мұғалімі: Жұмагельдина Толқын Тілеуханқызы.

1-Жүргізуші: Сайысымыз 3 кезеңнен тұрады:

1) Жүйрік болсаң, шауып көр.

2) Тапқыр болсаң, тауып көр.

3) Ойлы болсаң, озып көр.

2-Жүргізуші: Шын жүйріктер сыналады жарыста,

Жарыстың ба орта жолда қалыспа.

Әділқазы бағалайды сіздерді,

Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па.

Қазылар алқасымен таныстыру:

1) _____________________________________________

2) _____________________________________________

3) _____________________________________________

1-Жүргізуші: Тіліміз дүние жүзіндегі ең сөздік қоры бай, бейнелі де бедерлі, көркемде

кестелі тілдердің бірі екені бәріне аян. Өйткені қазақ халқының ұлттық ойнау ерекшелігі -

дүниені көркем образбен қабылдауында.

«Өткірдің жүзі, кестенің бізі, Өрнегін сендей сала алмас», - деп ұлы Абай атамыз

таңырқап, тағзым еткен де осы қасиетті тіліміз. Келесі «Жүйрік болсаң, шауып көр» кезеңін

бастайық. \кезеңде қалай сайысатыны жайлы түсіндіріп кету\

  1. Асығы алшысынан түсті - жолы болды

Асық - түсті

Жатыр

Лақтыр

ұста

  1. Төбесі көкке жетті - қатты қуанды

Төбе - көкке

Аспанға

Жерге

суға

  1. Екі көзі төрт болды - ұзақ күтті

Көз - төрт

Алты

Бес

екі

  1. Тонның ішкі бауындай - жақын, тату

Тон - бау

Жіп

Ине

бұл

  1. Жерден жеті қоян тапқандай болу - қатты қуану

Жер - қоян

Барыс

Тышқан

Сиыр

  1. Қой ауызынан шөп алмау - момын

Қой - су

Шөп

Жем

Жымық

  1. Бет - аузына бес ит тойғандай - нас, лас, кір

Бет - құлақ

Көз

Ауыз

Қол

  1. Қабағынан қар жауғандай - ашулы

Қабақ - жаңбыр

Қар

Жел

Су

  1. Тайға таңба басқандай - анық

Тай - ең

Таңба

Із

Белгі

2-Жүргізуші: Қазылар алқасына сөз кезегі. Қай сайыскердің ұпайы төмен болса, сол

сайыскермен қоштасамыз.

Дана халқымыздың көне де, көркем мәдени мұрасы - мақалдар мен мәтел

сөздер. Бұл қайнар көзі өмір бақи суалмайтын, қайта уақыт өткен сайын толысып, жаңара,

жаңғыра беретін байлық. Ғасырлар бойы сұлуланып, салмақтанған асыл сөз, сөз мәйегі -

мақал келесі турдың мазмұны дей келе келесі «Тапқыр болсаң, тауып көр» кезеңін бастауға

рұқсат етіңіздер. \кезеңде қалай сайысатыны жайлы түсіндіріп кету\

  1. Тіл - буынсыз, 2. Ауруда - шаншу жаман,

Ой - түпсіз. Сөзде қаңқу жаман.

Тіл - ой Ауру - сөз

Ақыл әріп

Мінез дыбыс

Әдеп дерт

3. Жеті жұрттың тілін біл, 4. Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа

Жеті түрлі білім біл

Жеті - ел Алты - ата

Жұрт апа

Халық әке

Адам ана

5. Тал - жүйрігі азаптаң құтқарады, 6. Сөйлемесе - кесек,

Тіл жүйрігі мазақтан құтқарады. Сөйлесе - есек

Тал - азап Сөйлемесе - тышқан

Күлкі есек

Алуан маймыл

Арам жылан

7. Тілі бардың тіріде ақысы кетпейді.

Тіл - тиын

Ақы

Ақша

Карточка

1-Жүргізуші: Қазылар алқасына сөз кезегі.

Қазақта «Алты жыл ашболсаң да, атаңның салтын ұмытпа» деген мақал бар. Соңғы

сайыстың мазмұны - ата-баба дәстүрі мен салты, жөн-жоралғысы.

Сендерге артар міндет көп,

Көтер биік ата салтын құрметтеп.

Ақтай білсең ата-баба үмітін,

Әрбір сөзі тәлімі бар бір мектеп, -

дей отырып келесі «Ойлы болсаң, озып көр» кезеңін бастаймыз.


  1. Енші - салық

  • Мал-мүлік

Ыдыс-аяқ

Киім-кешек.

Енші: Балалары ер жетіп, жеке үй болғанда, ата-анасы оған отау тігіп, дүние - мүлік, мал береді.


  1. Қасаба - киім - кешек

Тағам

Аспап

Ыдыс-аяқ

Қасаба: қымбат матадан тігілген қыздардың бас киімі.


  1. Зымырауық - ойыншық

Саз аспап

Алқа

Белбеу

Зымырауық: ортан жіліктің жұмыр басын ортасынан тесіп, ағаш өткізген балалар ойыншығы.

2-Жүргізуші: Қазылар алқасы өз шешімін шығарғанша көрермендерге кезек берсек.

Екі адам ортаға шықсың. Қаншалықты ырым-тыйымдарды білетініне көз жеткізейік. Кезекпен ырым-тыйымды айтып жарысады.

1-Жүргізуші: Мектеп директоры Ж. М. Мадымовқа сөз беріледі.

Қазылар алқасына сөзберіледі.

2-Жүргізуші: Ғасырлар бабаң жиғанын

Шашылтып алма, жан балам!

Ана тілі - арың, иманың,

Айрылсаң берер кім саған?!

1-Жүргізуші: Кіршіксіз ардай сақтаңдар,

Қазақтың тілін ғаламат!

Ұрпақтар! Атар ақ таңдар

Аманат, саған аманат!

Бүгінгі сайысымыз осымен аяқталды, келгендеріңізге көп-көп рахмет. Амандықта жүздесейік.



© 2010-2022