Ата-ананың мамандық таңдауға ықпалы

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ата-ананың мамандық таңдауға дұрыс ықпал ету маңыздылығы

Көк жүзіне алаулы,
Міндет емес ай болу.
Ең бастысы қалаулы,
Кәсібіңе сай болу!

«Есейгенде кім болғың келеді?» - бұл үлкендер өз балаларына қоятын ең танымал сұрақ. Бірақ, бұл сұраққа бала дұрыс жауап бере алады ма? Ол әр түрлі жауап болуы мүмкін. Себебі, баланың болашақ кәсібін дұрыс таңдауы өте күрделі мәселелердің бірі. Кәсіби болашағыңды дұрыс таңдау қоғамдағы өз орныңды танудың негізі. Адамның жақсы, өмірлік табысқа жетуіне әсер ететін ең бір маңызды шешімдердің бірі болып табылады.

Адам асқақ арманға, биік мақсатқа ұмтылады. Осындай кезде ұлы Абай атамыздың «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» деген сөзі еске түседі. Сондықтан да балаларымыздың қоғамның бір кетігіне кірпіш болып қаланып, өмірде өз орындарын табуларына дұрыс бағыт беру әрбір ата-ананың көп парыздарының бірі екендігін естен шығармауымыз керек сияқты. Себебі, мамандық таңдауда көбінесе ата-аналарының да ықпалы зор. Мамандық таңдау да-адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі. Себебі, адам тағдырының бір бөлігі таңдаған мамандығымен ұштасып жатады.

Әр мамандық өзінше тартымды, өзінше ерекше, қажетті болып саналады. Бірақ сол мамандықтардың ішінен жастардың өзіне сай мамандықты дұрыс таңдауына ықпал ететін отбасы мен мектеп мамандары да өздерінің ақыл-кеңесін ортаға салып, балаларды дұрыс бағыттап, тура жолға салып жіберсе, нұр үстіне нұр болар еді. Ал, мамандық таңдау дегеніміз не? Осы сұраққа жан-жақты жауаптар беруге болады.

Мамандық таңдау-белгілі бір даярлықты қажет ететін іс-әрекет түрі , тіршілік көзі, дағды жүйесі және жасөспірімдік кезеңде қабыданатын жауапты шешімдердің біреуі.

Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Қазақ "Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі - жар таңдағанда, екіншісі - мамандық таңдағанда" деп бекер айтпаса керек.

Мамандық таңдау-әркімнің өз жүрек қалауы. Жүрек қалауымен таңдалған мамандық биік шыңдарға жетелері анық.

Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана бақытты болады. Ал жүрегі қаламаған мамандық иелері көп қиындықтарға кездеседі.

Жұмыс пен оның аясындағы тіршіліктің барлығы адам ғұмырының тең жартысын алады екен! Адамның өз мамандығына қаншалықты қанағаттану мен өз өміріне қаншалықты риза екендігінің арасында тікелей байланыс бар. Бір жағынан, кәсіп таңдау- болашаққа үңілу болса, екінші жағынан, ол - өзіңнің ішкі жан-дүниеңе үңілу. Дұрыс таңдалмаған мамандықтың жағымсыз тұстары тек адамның өзіне ғана емес, бүкіл қоғамға кері әсерін тигізеді.

Мамандық таңдауға әсер ететін факторлар:
1) Ата-ананың қалауы бойынша;
2) Досымен бірге мамандық таңдау;
3) «Қайда алса сонда барам» қағидасы;
4) Табысы жоғары жұмыс;
5) Оқудың немесе жұмыстың беделді болуы.

Дұрыс таңдау жасау үшін келесі факторларды ескеру керек:
1 фактор - «Мен қалаймын» - бала қандай мамандықты қалайтынын анықтау, өмір бойы осы іспен айналысуға дайындығын сұрау, өзінің бойындағы қабілеттерін бағалауға көмектесу.

2 фактор - «Қолымнан келеді» - баланы таңдаған мамандықтың талаптарымен таныстыру. Мектепте алған білімін, білігін және өзінің қабілетін, бейімділігін айқындауға көмектесіп, таңдаған мамандықта оларды қалай қолдануға болатыны жайлы әңгімелеу.

3 фактор - «Қажет» - бүгінгі күнде ол мамандықтың сұранысы қаншалықты қажет екенін анықтау керек.

Мамандық таңдаудың мынадай ережелерін есте сақтаған жөн:

  • Барынша көптеген мамандықтарды зерттеу керек және тіршлік еткен аймақта қандай мамандықтар керектігін анықтау қажет;

  • Өзін-өзі зерттеу маңызды (қызығулар, мінез ерекшеліктері, бейімділіктер, өзін-өзі бағалау, талаптану деңгейі);

  • Өзіне ұнамды және ыңғайлы мамандықты таңдауы тиіс;

  • Таңдаған мамандықты зерттеу;

  • Таңдаған мамандық бойынша өз күшін байқап көру

Мамандық тандай отырып алдымен баланың қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына қарау керек, содан кейін барып жанүялық салтпен санасуға болады.

Мамандықты саналы таңдауда адамның қабілеттілігінің қалыптасуының да үлкен маңызы бар. Қабілеттілік деп - жеке адамның барлық ерекшелігі емес, тек қана қандайда болмасын бір немесе бірнеше қызметті табысты орындай алатын ерекшелігін айтады. Ол адамның психологиялық санасының қалыптасуына байланысты. Олар: қабілеттілік, қызығушылық, бағыттың құндылығы, кәсіптік жоспар, идеялы, сенімі, т.б.

Қабілеттілік дегеніміз белгілі қызметтің әдіс-тәсілдерін игерудегі тездік, тереңдік және икемділік болып есептеледі.

Сондықтан мамандық таңдауда қабілеттілік есепке алынады. Мысалы, адамның абстракты ойлау жүйесі күшті дамыған болғанмен практикалық істе қабілетсіз болуы мүмкін немесе өте жақсы білгенмен ұйымдастыруды нашар атқаруы мүмкін. Сондықтан баланың оқудағы, еңбектегі, ойындағы қабілеттілігін біртұтас қарастыру қажет те, солай дамыту нәтижелі болмақ.

Қабілеттен кейін баланың қызығушылығын білу керек, себебі белгілі бір іске қызығушылығы болмаса, өз қабілетін шыңдай алмайды дейді мамандар (видеожурнал «Говорить эксперт»)

Балаңыздың мамандық таңдауына көмектескіңіз келсе психолог мамандар мынадай кеңестер береді:

  • Балаңыздың болашақ мамандығын өзі таңдауына мүмкіндік беріңіз.

  • Оның тандаған мамандығына деген қарсылық пен қолдауды бірге отырып талқылаңыз.

  • Мамандық тандар кезде тек материалдық пайданы ғана ойламай, балаңыздың рухани қанағаттануын да естен шығармаңыз.

  • Болашақ мамандық таңдар кезде балаңыздың сол кәсіпке деген жарамдылығын да байқаңыз.

  • Егер мамандық тандау барысында қарамақайшылық туыңдап жатса, кеңесші мамандармен ақылдасыңыз.

  • Мамандық тандауда балаңызды қыспалай бермеңіз, әйтпесе бұл жанжалға әкеп соқтыруы мүмкін.

  • Балаңыздың арманы орындалу үшін оған барынша қолдау көрсетуге тырысыңыз.

  • Егер балаңыз мамандық тандауда қателескен болса, ол үшін кінәламаңыз, оны жөндеуге болады..

  • Егер балаңыз қандай да бір мамандыққа ертеден әуестене бастаса, оған үйірмелер, әдебиеттер, әр түрлі сабақтардың көмегімен осы қызығушылығын сақтауға мүмкіншілік беріңіз.

  • Балалар өз ата-аналарының мамандығына қатысты маман таңдауы да мүмкін екенін есіңізге алыңыз.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: "Қазіргі қарқынды дамып жатқан қоғамда орта білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу" - деп атап кеткендей оқыту және тәрбие жұмысының барысында оқушылардың ынтасын ғылыми-техникалық білімді игеруге дамыту және тәрбиелеу қажет. Әлемде өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүрген қаншама адам бар, өз жұмысын жанымен сүйіп істейтін адамдардың да саны аз емес. Сондықтан да балаларымыздың мамандық таңдаудан жаңылмай, болашақта өз жұмысынан бақыт тауып, қоғамымыздың бір кірпіші болып, дұрыс қалануларына тілектеспін.

© 2010-2022