Тәрбие сағаты: Мәнгілік тағзымАуған соғыс ардагерлермен кездесу

Раздел Классному руководителю
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты: Мәнгілік тағзымАуған соғыс ардагерлермен кездесуТәрбие сағаты: Мәнгілік тағзымАуған соғыс ардагерлермен кездесу

« Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №18 жалпы білім

беретін орта мектебі « МКМ


Тәрбие сағаты: Мәнгілік тағзымАуған соғыс ардагерлермен кездесу

Такырыбы : «Мәңгілік тағзым»

(Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу-кеші)

6»а» cынып жетекшісі

Хусаинова К.А .

Алмалық ауылы


Такырыбы : «Мәңгілік тағзым» 6»а» cынып жетекшісі Хусаинова К.А .

Мақсаты:Ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу.Оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу; Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету; Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:, проектор, экран, компьютор,слайдтар,стенд «Мәнгілік тағзым»,көгершінің суреті,мәнгілік оттың суреты

Тақырыбы жазылған баннер, ерлік туралы мақалдар:

«Ер елі үшін туады, елі үшін өледі», «Жаңбыр жауса - жер ырысы, батыр туса - ел ырысы»

Мұғалімнің сөзі
Жүргізуші 1: Армысыздар құрметті қонақтар, қаһарман Ардагерлер, ұстаздар мен оқушылар.

Жүргізуші 2: Бүгін Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 27 жыл толуына арналған Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу - кешіне қош келдіңіздер
Жүргізуші: Ақ көңілді қонақтар, армысыздар,

Сағындырып жауатын қармысыздар!

Қыран құстың шоғыры секілденіп

Бәріңіз есен-сау бармысыздар

Қайырлы күн, қадірлі зиялы қауым!

Сан ғасырлар тарихынан кешегі,

Туған жердің шежіресі өседі.

Менің елім-Қазақстан Отаным

Болашағы бізбен бірге өседі.

Жұрттан озған ел боламыз,сеніңіз

Тәуелсіздік алған біздің еліміз.

Соғыс болмай жер бетінде барша адам

Бейбіт күнде тек бақытты көріңіз.

Жүргізуші 1: Қазақстан Республикасының гимні орындалады

Мемлекеттік Гимн орындалады.

Жүргізуші 2: Бүгінгі салтанатты кездесуімізге, біз ауылымыздағы «Ауған соғысының» ардагерлерін құрметтеп шақырғанбыз. Сол соғыста ел мүддесін қорғаған ардақты ағаларымызды таныстырып өтейік.

Шақырылған қонақтар: Ауған соғыс ардагерлері
-Қайрамбаев Ерболат
-Қырықбаев Садықан

-Айнагузов Мұратқан

Тәрбие сағаты: Мәнгілік тағзымАуған соғыс ардагерлермен кездесу

1-жүргізуші:Құрметті қонақтар,оқушылар, ұстаздар!

Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жан қиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын тарихқа айналды.Сондықтан бүгінгі жиын Ұлы Жеңістің 71 жылдық мерекесіне, Чернобыль оқиғасының 30 жылдығына, Ауған соғысының аяқталғанына 27 жыл толуына, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері күнінің 25 жыл толуына ,яғни осы атаулы күндерге арналады.

2-жүргізуші:Өкінішке орай, уақыт сол ұлы оқиғаларға қатысушыларды біздің қатарымыздан алып кетіп жатыр. Бірақ ешкім де, ештеңе де ұмытылмауы тиіс!Себебі, бұл-біздің тарихымыз, біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз!

Бүгінгі жиынымыз 6 бөлімге бөліп отырмыз

1. «Ер есімі-ел есінде»

2. «Ерлік кездейсоқ болмайды»

3. «Ауған ақиқаты»Ауған соғысы тарихынан қысқаша мәлімет

4. Ардагерлермен сұхбат

5. «Жауынгермен және жасұлан» сайысы

6. «Көк байрағын көтерген Қазақстан

1 бөлім 2-жүргізуші: Хор: « Соғыс болмасын». қабыл алыңыздар.

( Слайд көрсетіледі)

1-жүргізуші:Ұлы Отан соғысының дүние жүзі үшін маңызы зор болғандықтан қысқаша тоқталып өтсек. 1945 жылы 8 мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап,қол қойды.1945 жыл мамырдың 9-ында бұрын-соңды болмаған мың зеңбіректен 30 дүркін салют атылды. Міне,Жеңіс күні осылай келген еді.

2-жүргізуші:Мұндай жойқын апаттың көріп түрін,

Адамзат естімеген бұдан бұрын.

Талқандап фашистерді азат болған.

Атаймыз жыл сайынғы

Жеңіс күнін!

Халықтың атын самғаттық!

Жасасын Жеңіс!

Тәуелсіз болып болашағың жүре бер.

Болмасын соғыс. Болмасын!

Сүйінші,халқым,сүйінші!

Беліңді бекем буыншы,

Жеңдік жауды күйрете

Жасашы той, мереке

Тәрбие сағаты: Мәнгілік тағзымАуған соғыс ардагерлермен кездесу

.

БИ «Белые птицы»

Слайд « Ер есімі- ел есінде»

II бөлім «Ерлік кездейсоқ болмайды»

1-жүргізуші:1986 жылы 26 сәуірде Украинадағы Чернобыль атом электр станциясының 4 блогы жарылып, реактор істен шықты.Апат салдарынан радиоактивті заттар, соның ішінде уран изатопы, плутанин, цезий қоршаған ортаға таралды. Радиоактивті түтін аймақтан асып 10-нан аса мемлекеттің жерін ластады, кем дегенде 5 миллион халық зардап шекті. Оның зардабы қаншалықты ұзаққа баратыны әлі белгісіз.

2-жүргізуші:Адамзатқа орны толмас қасірет әкелген Чернобыль оқиғасына биыл 30 жыл толады. Осыдан 8 жыл бұрын Астанада Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысқан ардагерлерге ескерткіш ашылды. 1986 жылы сәуір айындағы Чернобыльдегі апат әлемді дүр сілкіндірді. Бұл оқиға қаншама адамның тәнін ғана емес, жүрегінде де жара қалдырды.

1-жүргізуші:Талайдың тағдырын шайқаған Чернобыль апатын залалсыздандыруға Кеңес Одағы бойынша 276 әскери бөлім қатысқан.Солардың ішінде әскерде жүргендері бар,азаматтық борышын бұрын өтегендерден қайта шақырылғандары бар, жалпы алғанда 30 мыңнан астам Қазақстандықтар бір кісідей жан аямай ат салысты

Ән.... «Туған жер»......Ерғали Теміржан

Монолог «Черный тюльпан» А.Розенбаум

( видео)

III бөлім. «Ауғанның от жалыны»

( Слайд)

2-жүргізуші: Отан үшін өз өмірлерін құрбан етіп, ерліктің үлгісін көрсеткен барлық кезеңдегі қаһарман жауынгерлер есімі ұмытылған емес.Солардың ішінде Ауған жауынгерлерінің ерліктерін ұмытпау -өскелең ұрпақтың қасиетті міндеті.

1-жүргізуші:1989 жылы ақпан айының 15 жұлдызында аналарды перзентінен айырған,мыңдаған жерлес-бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де қайғылы Ауған соғысы аяқталды.Жылдар өткенімен интернационалист-жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда.Біз еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын Отан алдындағы борыштарын адал ақтаған азаматтар деп құрмет тұтамыз.

2-жүргізуші:Бүгінгі біздің кездесуіміздің мақсаты-Ауған соғысы жайлы тереңірек біліп-тану, мәлімет алу.Ержүрек ағаларымыздың ерліктерін болашақ ұрпаққа үлгі ету.

1-жүргізуші:Ауған соғысының аяқталғанына 2016 жылғы ақпанның 15-ші жұлдызында 27 жыл толды.Ауған жеріндегі шайқас ешқашан ұмытылмақ емес.Осы соғысқа қатысқан барша ержүрек жауынгерлердің көзсіз батырлығы ұрпақ санасында.

1-жүргізуші:Ауған соғысы-Кеңес Одағы тұсындағы тарихтың ең қайғылы беттерінің бірі.1979 жылдың 25-ші желтоқсанынан 1989 жылдың 15 ақпаны, яғни 10 жылдан аса уақыт бойы Кеңес әскерлерінің шектеулі құрамы Ауған жерінде ұрыс жүргізді.Бұл күнді бұрынғы Кеңес Одағына кіретін барлық туысқан Республикалардан әскер қатарына шақырылған жауынгерлер мен офицерлер-Ауғаныстан соғысының ардагерлері жыл сайын атап өтеді.

2-жүргізуші:Ауған соғысына қатысқандардың өздері келтірген статистикалық мәліметке жүгінсек, бұл соғысқа Қазақстаннан 22269 жауынгер барды. Олардың 924-і сұрапыл шайқастарда ерлікпен қаза тапты, 21 адам хабар-ошарсыз кетті, мыңдаған жігіттер елге мүгедек болып оралды.

Тәрбие сағаты: Мәнгілік тағзымАуған соғыс ардагерлермен кездесу

1-оқушы Армысыздар, ағалар, от кешкендер!

Ақ тәндерін боршалап, оқ тескендер.

Армысыңдар, ағалар, ардагерлер!

Ар сыналған жылдарда от кескендер.

Сендер бізге қашанда үлгісіңдер,

Тым алысты көрсетер дүрбісіңдер.

Адамзатқа жақсылық әкелуде

Жапырақты,саялы, бүрлісіңдер.

2-оқушы:

Тұлғаларың әрқашан биік тұрар,

Батыр деген бір сөзге сиып тұрар.

Ізгіліктің,ерліктің, қайсарлықтың

Өсиетін шүмектеп құйып түрар.

3-оқушы:

Тұрғанын байқамаймыз күн жаңарып,

Ұлыста ұл өседі тұлғаланып.

24 жыл өткенін жазды кеше,

Елге де жетті тез-ақ бұл жаңалық.

Биіксің талай-талай кеуделерден,

Мен сіздерді көп сыналар жерде көргем.

Халықтың ұлы болып туғандарға,

Табиғат жүрек берген, өң де берген.

4-оқушы:

Асықпай жылдар енді тұра тұрсын,

Асқақтап ән айтылсын,жыр оқылсын.

Бейбітшілік орнасын бар әлемде,

«Соғыс»деген мәңгілікке жойылсын!

5-оқушы:

Ардагерлер-ағаларым, ақылшы, даналарым!

Азаматтық борышты адал ақтап өттіңіздер,

Мойынға артқан әр істі абыроймен шештіңіздер.

Енді биік еңсеңіз, қадірлейді Еліңіз,

Арамызда аман боп, қамсыз жасай беріңіз!

6-оқушы:

Қасіретін көзбен көрген жалғанның,

Көкірегінде мәңгілікке қалған мұң.

Алдарыңда бас иеміз тағзым қып,

Соғысында қан кешкендер Ауғанның.

7-оқушы:

Туған жердің әр тасы,

Маған ыстық қашаннан.

Бұйраланған аршасы,

Қорғайтын ер боламын.

8-оқушы:

Топталмайтын түнгі ізі,

Ұланы болам Отанның.

Жарқырап жанған жұлдызды,

Жалғаймын жолын ағаның!

9-оқушы Сақтады олар елін, жерін, қонысын
Ақтады олар азаматтық борышын
Сол үшін де қолтығынан сүйейік,
Ардагерге - майдангерге,
Иейік біз барлық жерде
Басымызды сол үшін.

1 - жүргізуші: «Ерлік - жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жауызымен елге аман - сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізу - біз үшін бір ғанибет.

2- Жүргізуші: Ардақты ағалар Біз кітаптың бетінен ғана оқып білген сұрапыл соғысты ,сіздер өз көзіңізбен көрдіңіздер ,күә болдыңыздар .Сондықтан оқушылардың сіздерге қоятын сұрақтары көп шығар ,әр қайсыңыз өздеріңіз өз жайлы айтсаңыздар.


ІҮ. «Ардагермен сұхбат»


Қазіргі бейбіт заман сарбаздарынан қандай батырлық, ерлік қасиеттерін көріп жүрсіз?
- Өз тәжірибеңізден қазіргі жастар өз елінің патриоты ретінде қандай болу керек деп ойлайсыз?
- «Ерлік, батырлық, жауынгерлік» ұғымдарын жастар арасында қалай насихаттаған дұрыс деп ойлайсыз?

Дәулет:Отанды сүю отбасынан басталады. Отбасын сүйген әрбір жас өркен мына үлкен Отанымызды қастерлейді,сақтай алады.Оған біз сенеміз.

Елім, жерім деп еміренген өршіл ақын Мағжан:

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты.

Қырандай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін!-деп болашаққа, жастарға сенімін артқан.

Теміржан: Соғыстың қайсыбірі болсын-ол үлкен қайғы, үлкен қасірет. Ананы жалғыз ұлынан, отбасын-тірегінен айыратын, әйелді жесір қалдырып, баланы жетім атандыратын-осы зұлым соғыс.

Нұрсұлтан:Ерлік елдің -туы. Ер қуаты қару болса, ел қуаты батырлары, сақадай сарбаздары мен сардарлары.

Халық қашанда қаһарман ұлдарын пана тұтқан.

Отан үшін күрес- ерге тиген үлес. Халықтың осы даналығын қайда жүрсек те,санамызда сақтап, Отанымызды қорғау-азаматтық парызымыз екенін ұмытпайық. Ауған қаһармандарын қадірлеп,құрметтеп, Сіздерді Отан алдында борышын адал атқарған абзал азамат, өз елінің патриот жауынгерлері ретінде жоғары бағалаймыз.

Нұртас: Қан кешкен 10 жыл

Ерлікпен өткен «тозақтан»

Баласы елдің құтқарар әр кез азаптан,

Еліміз тыныш, батырларымыз аман боп,

Бірлік жасасын, атпасын енді азап таң.

2- жүргізуші:

Ауғанстан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 27 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге сыр елінің көсегесін көгертуге атсалысып жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп - құрметтеу - біздің борышымыз.

1-жүргізуші: «Алға , қазақ жігіттері!» әнін қабыл алыңыздар.

БИ» Мы не хотим войны»

Тәрбие сағаты: Мәнгілік тағзымАуған соғыс ардагерлермен кездесу

2-жүргізуші: V бөлім «Көк байрағын көтерген Қазақстан» (Слайд)

7-мамыр-Қазақстан Қарулы Күштерінің туған күні.Тарихтағы әрбір даңқты күндер секілді бұл мерекеміздің өзіндік сыры бар.Оны жас ұрпаққа ұғындыру күні ертең олардың да Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге баратыны, ол үшін шынығу, шыңдалу қажеттігін жете білуге көмектесу қажет.

1-жүргізуші: Ел қорғайтын ер ағалар-Ардағымыз, арымыз,

Ерлер тойын, елдің тойын,Қарсы аламыз бәріміз!

1-жүргізуші:Біздің еліміздің тәуелсіз, егемен мемлекет болғанына 27жыл болады.Ержүрек бабаларымыздан аманатқа қалған бейбітшілік, тыныштық, татулық пен бірлік деген мұраттарды аман сақтап қалғанда, осындай елдің ұрпағы Қазақстанның Қарулы Күштерінің атағы асқақтай берсін.

Ән « Қазағым»

VI. «Жауынгер және жасұлан» сайысы
Темірлан:
Мен қазақпын, Ұланымын елімнің,
Мен қазақпын, тірегімін жерімнің.
Ұланымын туын көкке көтерген,
Болашаққа алға бастап жетелер.
Қиындығын қазағымның әрқашан
Қайыспайтын қара нардай көтерер.

10 сынып оқушысына Мұрат Ильясқа ҚР Мемлекеттік тіркелу куәлігі тапсырылады

2 - жүргізуші: Құрметті қонақтар келесі кезекте «Жауынгер және жасұлан» сайысын назарларыңызға ұсынамыз. Ортаға жауынгер - интернационалист пен жасұландарды шақырамыз.

Блиц сұрақтар
2 топқа 9 сұрақтан сұрақтар қойылады.
1. Қазақстан Республикасында неше облыс бар?
14
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы қашан қабылданды?
1995 жылы 30 тамыз
3. Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік, қоғамдық істегі қызметі, еңбектегі жетістіктері мен жауынгерлік ерліктері үшін ордендермен марапатталады. ҚР - да қандай ордендер беріледі.
«Отан» ордені, «Даңқ» ордені (2 дәрежелі), «Айбын» ордені (3 дәрежелі),«Парасат» ордені «Достық» ордені (2 дәрежелі),«Құрмет» ордені,«Барыс» ордені (3 дәрежелі)
4. Қазақстанның Қарулы күштері қай жылы құрылды?
1991 жылы
5. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні
4 маусым
6. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі кім?--
Иманғали Тасмағамбетов

Венн ДИАГРАММА


Тәрбие сағаты: Мәнгілік тағзымАуған соғыс ардагерлермен кездесу

Оқушылар мен ардагерлер Венн Диаграмманы толтырады
Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысына қатысты тарихи сөздер жазу

1-жүргізуші:Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың
Ауғандағы азап шеккен арыстар - деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері ұмтылмақ емес.

2 - Жүргізуші:
Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін - бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір - түкпірінде еңбек етуде. Аяулы ағалар уақыт тауып келгендеріңізге рахмет! Сіздерге ұзақ ғұмыр, денсаулық, жанұяларыңызға бақыт тілейміз! Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін.

1-жүргізуші: Ардақты ағалар,Сіздерге деген ыстық лебізімізді және құрметіміздің белгісі ретінде 6 сынып оқушыларының естелік сыйлықтарын табыс етуге рұқсат етіңіздер.

Ән» Туған жер» Серикқанов Нұртас

2-жүргізуші: Құрметті қонақтар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет! Жастарды Отансүйгіштікке баулу, патриоттық тәрбие берудің бір тармағы Ауған соғысы ардагерлерінің еншісіне өтіп жатыр.Сіздерге ашық аспан, өмірлеріңізге тыныштық,бақыт,жастарға патриоттық тәрбие берудегі игілікті істеріңізге табыс тілейміз!

Рефлексия. Стикерге өз ойларыңызды кері байланыс арқылы білдірейік

Сөз мектебіміздің директоры М З Мариповаға беріледі

2-жүргізуші:Құрметті ағалар, ұстаздар, оқушылар бүгінгі кездесу кешімізді аяқтаймыз, қош сау

болыңыздар!

Ән «Я, солай» Қасымбекова Аяулым

Тәрбие сағаты: Мәнгілік тағзымАуған соғыс ардагерлермен кездесу













Тәрбие сағаты: Мәнгілік тағзымАуған соғыс ардагерлермен кездесу

Такырыбы : «Мәңгілік тағзым»


6»а» cынып жетекшісі Хусаинова К.А .




© 2010-2022