Тәрбие сағаты Салауатты өмір салтын сақтау (2 класс)

Раздел Классному руководителю
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Салауатты өмір салтын сақтау. Өз болашағыңды қорғау.

Мақсаты: 1. Дұрыс тамақтану туралы білімдерін жүйелеу, кеңейту. Тазалық гигиенасы туралы ережелерді қайталау. 2. Дүниетанымын, ой - өрісін пәнге деген қызығушылығын арттыру. 3. Дұрыс тамақта білуге тәрбиелеу.

"Мынау не?" дидактикалық ойын

"Мағынаны тану" кезеңі

Денсаулықтың негізі - дұрыс тамақтану

1. Қолыңды сабындап жу 2. Қисаймай, түзу отыр 3. Қасықты оң қолыңмен ұста 4. Тамақ ішіп отырып сөйлеме, күлме, кітап, газет оқыма 5. Шамадан тыс тойып ішпе 6. Нанды үзіп же 7. Тамақтан соң аузыңды шай, қолыңды жу.

Ой шақыру: Азық - түліктің қандай түрлері болады? "Азық - түлікті жина" ойыны Тамақ алдымызға қалай келеді? Сендер неше мезгіл тамақ ішесіңдер? Сабақтан кейін бірден тамақ ішуге отырасыңдар ма?

Дәптермен жұмыс

Дұрыс тамақтану............

Дұрыс тамақтанбау..........

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық

Алақанды ұрайық,

Бір отырып, бір тұрып,

Біз демалып алайық.

Сауалнама:

1. Нансыз тамақ ішесің бе?

2. Қандай көкөністерді күнделікті жейсің?

3. Қандай жемістің шырынын ішесің?

4. Күніне неше рет сүт ішесің?

5. Сен балықты жақсы көресің бе?

6. Шайға қантты көп саласың ба?

Ауырып ем іздегенше,

Ауырмайтын жол ізде.

Жұқпалы аурудан сақтана білу

Табиғи шынығу.

Күн тәртібін дұрыс сақтау.

Жеке бас тазалығын сақтау

Дұрыс тамақтану.

Спортпен айналысу.

Темекі, арақ, нашақорлықтан аулақ болу.

Қайрымды болу.

Мұғалім: -Балалар,адам бойында жақсы-жаман қасиеттер болады екен. Ал біз жақсы қасиеттерді ананың ақ сүтімен,бал тілінен бойымызға сіңіреміз.Жақсы бала осы қасиеттерді үйреніп,ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысады. Ал енді ақылды, әдепті балалар қандай болуы керек? Жақсы адам деген кімдер? (Оқушылар жауап береді.)

-Адамгершілік қасиеттер өз бойыңдағы жақсы мінез-құлық,жақсы әдет,жақсы әдептен құралады.Ол ананың ақ сүтімен,әкенің үлгі-өнегесімен,ата-әжеңнің берер үлкендік, ақсақалдық тәрбиелерімен бойыңа сіңеді.Мектепте ұстаздар өмірдегі жақсылық пен жамандық,адалдық пен арамдықтың айырмасын танып білуге көмектеседі.Өмірде дұрыс бағыт таңдай білуге үйретеді.

- Оны саралап,таңдап,бағалап,байыптап ,өзіңе керегін ала білу, жақсылыққа үйреніп,жамандықтан жирену өздеріңе байланысты.Жақсы адам боламын,өмірде мақсатыма жетемін десең бойыңдағы қасиеттерді ізгілендіріп, адамгершілікке ұмтылған жөн.

Қорытынды:

Ас - адамның арқауы

Аспен күш артады

Тағам іш жағымды

Тазартар жаңынды

«Өзіңді, тамағыңды таза ұста, ішкен - жеген сайын және де ертеңгі - кеш ауызыңды тазалап шайқа. Таза ауада көбірек жүр, қимылда - деген тілекпен

Тренинг: Мен саған... тілеймін. «Жүректен - жүрекке»



© 2010-2022