Тақырыбы «Ұлы Жеңіске-70 жыл»

Тақырыбы: «Ұлы Жеңіске-70 жыл» Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен , Қазақстандықтардың ерліктерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. Оқушыларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.Көрнекілігі: Ұлы Отан Соғысы туралы, үнтаспа, гүлдер, шарлар, слайд. І жүргізуші. Тарих көші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғала...
Раздел Классному руководителю
Класс 9 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Ұлы Жеңіске-70 жыл»

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен , Қазақстандықтардың ерліктерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. Оқушыларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ұлы Отан Соғысы туралы, үнтаспа, гүлдер, шарлар, слайд.

І жүргізуші. Тарих көші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан да ұмытпақ емес. Әлемді дүрсілкіндірген оқиға 1941 жылы маусымның 22-де болған еді.

ІІ жүргізуші. Ел басына күн туып, сыналар шақ келгенде әкелеріміз бен ағаларымыз, апаларымыз «Отан үшін!» деп небір қанды шайқастарға кірді. Сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды. Аты аңызға айналған ағаларымыз бен әкелеріміздің рухына бас иіп, 1 минут еске алайық. (рахмет, отырыңыздар!) Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында1945 жылы 9 мамырда бұл оқиға Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 70 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 70жылдығы.

Үнтаспадан: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! 1941 жылы 22 маусымда таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын-қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.

Соғыс туралы музыка ойнап тұрады. «Вставай страна огромная».

І жүргізуші. Көрініс: «Ананың баламен қоштасуы».

О, құлыным, балам, ұлым! Мені тастап жауыздардың жауыздардың жазасын беруге кетіп бара жатырсың! Енді сені қашан көрем, әлде көре алмаймын ба? Не жаздым саған, қу өмір!

Баласы:

Анам! Сен мен үшін қамықпа! Әрбір секунд сайын мен сені қалай жақсы көретінімді есіңе ал! Жаман еш нәрсе ойлама! Соғыс біткен соң, жақын арада оралам! Анам! Жан анам!

Қыз: О, сұм соғыс! Сенің бұл не істегенің? Мынау дала тыныш болып қалды. Солдат артынан солдатты алдың. Сау болыңдар жігіттер! Қайтып оралуға тырысыңдар! Сау бол!!! (Қыздар орамалдарын бұлғап, шығарып салады).

2-жүргізуші: Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ Кеңес халқы жан тәнімен Отанын қорғады. Әрбір село, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты.

Нұрым: Жүргенімде қуанышпен қамданып,
Керек - жарақ заттарымды қолға алып.
Жиырма екінші сағатында қырық бірдің
Батыстан дауыл соқты долданып.
Таң алдында сағат бесті соққанда,
Жынды неміс сылтау тапты жоқтан да.
Тұтқиылдан тыныш жатқан самарқау,
Шекараға келіп салды ойранды.

Ақмарал. Бұлт түнеріп аспаннан

Талмай көзден жас тамған

Тұтқиылдан жау тиіп

Қырғын соғыс басталған

Соғыс жалмап аға-іні бауырды,

Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.

Жалғызынан айырыпты ананы,

Әкесінен айырыпты баланы.

1-жүргізуші: Осы соғыста Кеңес Одағының басқа республикаларымен бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамына1 млн. 870 мың қазақстандықтар болған.

2-жүргізуші. Қыздар биі«Катюша»

Динара: Жиырма миллион тірлік демін доғарды

Қанша қала күлге айналып тоналды.

Тап қазіргі Қазақстан халқындай

Бір мемлекет жер бетінен жоғалды.

Оқ борады күні түн.

Жатты жерді от қарып

Алға қарай ұмтылды.

Батыр қазақ оқты алып.

Нұрым: «Жас қазақ».

1-жүргізуші: Ат ауыздығымен су ішкен, ер етігімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз шығыс жұлдыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспанова ерлік көрсетті.

2-жүргізуші. Ән: «Жойылсын соғыс»

1-жүргізуші. Соғыс жылдары-ақ қазақстандық бес әскери құрамға гвардиялық деген құрметті атақ беріліп, олардың туларына әлденеше ордендер қадалды.Олардың жауынгерлерінің ерлігі аңызға айналды. Соның ішінде атақты 28 гвардиялық Панфилов дивизиясы бар. Оның құрамынан шыққан 28 батырдың батальон, кейіннен дивизия әскери қолбасшысы болған Бауыржан Момышұлының, Мәлік Ғабдулиннің есімдері соғыс тарихынан мәңгілік орын алады.

Абылай. Тастар көкке атылды,
Орман шулап, тау құлап,
28 батырды жеңе алмады жау бірақ.
Жамылды жер тұманды,
Өрт ішінде қалды бақ.
28 қыранды жеңе алмады жау бірақ.
2 - жүргізуші: Оқ астында зулаған,
Туған жермен бір болып,
Жау алдында тұр олар 28 мың болып,
28 батырын ұмытпайды ел мәңгілік.

2-жүргізуші. Ұлы Отан соғысына қатысып ерекше көзге түскендер: Қасым Қайсенов, Талғат Бигельдинов, Нүркен Әбдіров, Мәлік Ғабдуллин, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, Төлеген Тоқтаров, Рақымжан Қошқарбаев сияқты аты аңызға айналған ағаларымыз бен апаларымызды тарих бетінде «Батыр» деп жазды.

Қазақстандық батырларымыздың бейнебаянын көруге шақырамыз.

Жаналтай: Елінен де, өзінен де күй кетіп,
Төрт жыл бойы киді шинель, керзі етік.
Майдангерлер жүрді сосын біраз жыл,
Сол әскери киімдерін сүйретіп.
І жүргізуші:
Соғыс - адам баласы үшін ең үрейлі, ең қорқынышты сөз. Өйткені, соғыс атаулы адамзатты қырып - жоюға бағышталған. Адам, адам болғалы осылай. Талай рет үстемдік, байлық үшін адам қаны суша аққан. Арыға бармай - ақ, 50 миллионнан астам өмірді жалмаған соңғы соғысты алайық.

ІІ жүргізуші:
Осы бір аяқ астынан басталған әділетсіз арпалысқа Қазақстаннан 2 миллионға жуық түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды. Майдан даласынан 394 мың қазақ боздақтары қайтпай қалды. Бұл соғыс қайғы - қасірет әкелмеген бірде - бір отбасы болмады... Бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Қаншама жас боздақтардың қыршын жасы қиылды...
Ғалым:
Бірінің жары өлгенде,
Бірінің жары хабарсыз
Сұрапыл басқа төнгенде
Кетіпті қара қағазсыз.

І жүргізуші: Мұқағали Мақатаевтың "Соғыс деген немене?" өлеңінен үзінді тыңдайық.

Әлібек:

Сен құрметте оны!

Түсіндің бе қарағым?!

Ол ақшаға сатқан жоқ.

Тізеден кесіп аяғын.

Еріккеннен де ұстап жүрген жоқ,

Қолтықтағы ұзын таяғын.

Сен құрметте оны!

Түсіндіңбе қарағым?!

Сенің келешегің үшін берді ол

Азаттық жолда аяғын!

Әсел: Болмасын соғыс!

Болмасын соғыс!

Тілегі солай ата-ананың.

Жарақат алып қорғаған елін, Ұлы Отанын,

Көшеде егер балдақты кісі кездессе

Жүрегім соғып ойланып бара жатамын.

Бақтарды басып, танктін тажал табаны,

Қандарға бөгіп, бала-бақшалар алаңы.

Жауынгер болып от атып жап-жас жігіттер,

Атпаса екен шашынан сүйреп Ананы.

Болмасын соғыс! Болмасын соғыс!

Жансая: Жасасын Жеңіс-мамыр-ай!

Қозы-лақ шапсын енесін еміп жамырай,

Тау азаматтар жарақат алып жатпасын.

Ажалын тауып қорғасын оқтан тарыдай.

О, мейлі, қарын ашығып қалса сәл ғана.

Жаралы елді артпай-ақ қойдық арбаға,

Күн күліп, гүл өсіп тұрсын далада

Қан қызыл оқтан жараланбасын ақ дала.

Жасасын Жеңіс!

Еңбегі барлық солдаттың,

Болашақ ұрпақ ерлігін айтар жалғап мың.

Қаншама адам ерліктер жасап майданда,

Қазақтың атын, халықтың атын самғаттың!

Жасасын Жеңіс

Бақытты елім күле бер!

Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!

Болмасын соғыс! Болмасын соғыс! Болмасын!

І жүргізуші. Жеңіс тарихында асқан ерлікті бейнелейтін бұл ұрысқа Мұқажан Жұмажанұлы ауылының яғни жерлестеріміздің де ерлігін ұмытпауымыз керек. Олар қолына қару алып, Отан үшін жандарын қиып өз борыштарын өтеген болатын. Атап айтсақ: Атамбеков Айтмағанбет Әбдірахманұлы, Байбосынов Абзал, Дүйсенбеков Дауылбай, Ильсов Боранқұл, Қаракозин Нұрғали, Өскембаев Қажыкен, Оспанов Төлтай, Шырынбеков Ақпейіс, Қожахметов Қабылда.

ІІ жүргізуші. 1945 жылы 2 мамырда Берлин қаласы алынды, Рейхстаг қабырғасына алғашқы болып ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев.

Радио: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Біздің халқымыздың Ұлы Отан соғысындағы қаһармандық ерлігі жеңіспен аяқталды. Бұл жеңіс 20 миллион жерлестеріміздің қанымен, тірілердің табан ет, маңдай терімен келді. Соғыста ерлікпен қаза тапқан қыршын жастарымыздың қаһармандық рухы ұрпақтар есінде мәңгі сақталады!
(Қуаныштан жылап та, күліп те тұрған халықтардың көңіл - күйлері бейнеленеді)

Динара. Сүйінші, халқым, сүйінші.

Беліңді бекем буыншы,

Жеңдік жауды күйрете,

Жасалған той мереке!

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігерленген құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

І жүргізуші. Оқушылардың орындауында «День победы» әні орындалады.

Ақдидар. Елге қауіп төнбесін,

Егестен адам өлмесін!

Есен-аман болайық.

Енді соғыс болмасын!

Өртенбесін туған ел,

Шайқалмасын асқар бел!

Шайқалмасын шалқар көл!

ІІ жүргізуші. Ән: «Соғыстан қайтқан солдаттар».

І-жүргізуші: 1941-1945 жылдар аралығында Ұлы Отан соғысына 35 млн.адам, соның ішінде 1,5 млн. Қазақстандық қатысты. Бұл республика халқының 18 бен 50 жас аралығындағы ересектердің 70 пайызы. Ұрыстардың алғы шебінде Қазақстаннан жіберілген 23 бірлестік, 50 шақты полктар мен батальондар шайқасты. Қазақстандықтар Мәскеу мен Ленинградты жанын қия қорғап, Украина мен Беларусьті, Прибалтика мен Молдованы азат етуге ат салысты, берлин шабуылына қатысты. Ондаған мың қазақстандық ерен еңбегі мен ерліктері үшін марапатталса, бес жүзден астам адам Кеңес Одағының Батыры атанды, төрт адам бұл атаққа екі мәрте ие болды, 142 адам «Даңқ» орденінің толық жинағының иегері атанды.

2-жүргізуші: 8 мамыр Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап қол қойды. 1945 жылдың 9 мамыр күні бұрын соңды болмаған мың зеңбіректен 30 дүркін салют атылды. Міне жеңіс күні осылай келген еді.

Мың алғыс, дала ұлы ісің үшін

Игілікті майдан, жеңіс үшін

Мың алғыс, мың сан алғыс ардагерлер.

Бүгінгі сән-салтанат өмір үшін.

Ажар.Ұлы Жеңіс келмеді оңай халқыма,

Тер төкті оған кәрі мен жасы да.

Жеңіс үшін жан қиғандар есімі.

Сақталады ел есіне қашанда.

Қаһарман қыздар Мәншүк пенен Әлия,

Аттарыңды әлемге етемін жария.

Отан үшін жан бердіңдер соғыста.

Аттарыңды ұмытпайды жаспен қария.

Міне бүгін 70-жыл Жеңіске!

Соғыс енді болмасыншы ешқашан,

Барша жұрттың тілері осы жеңісте.

І жүргізуші. Ақмарал «Атамекен»

ІІ жүргізуші. Нұрым «Қазақ жігіттері»

Хор: «Егемен Қазақстан».

Қорытынды: Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды.Отан үшін ерлікпен қаза тапқандарды ел әруақытта есінде сақтайды.Өйткені олар біздің бақытымызды қорғады. Отан үшін,ел үшін құрбан болды. Отанымыздың даңқы- ерлік пен қаһармандықтың даңқы. Біз оның жүріп өткен ерлікке толы жолдарын, азаттық үшін күрескен ерлері мен батырларын ешқашан ұмытпаймыз, әрі есімі ел есінде мәңгі сақталады.








Жаңаарқа негізгі мектебі



«Ер есімі-ел есінде».


Қанатбаева Б.Т.


2014-2015 оқу жылы.

© 2010-2022