Тәрбие сағаты Елбасы-ел тірегі

Раздел Классному руководителю
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты Елбасы-ел тірегі



«1-желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні»

Тәрбие сағаты Елбасы-ел тірегі




6 «А» сынып

Сынып жетекшісі Хусаинова К.А.

2015-2016 оқу жылы

6 сынып

Тақырыбы: Елбасы - ел тірегі
Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру, елбасының қоғамға мемлекетке сіңірген еңбегі, экономика мен саясаттағы реформаларына талдау жасау арқылы білімдерін толықтыру.

Дамытушылық: Жеке тұлғаның зияткерлік дамуын өз бетінше іздену,оқу арқылы қалыптастыру, жеке тұлғаның зерттеушілік және шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Елбасының халқына сіңірген еңбегін,ерлігін, жүргізген саясатын үлгі ету,оқушылар бойына демократиялық құндылықтарды сіңіріп тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: ой- толғау, ауызша баяндау, сұрақ-жауап, кесте, тірек-сызбалармен жұмыс.

Көрнекілігі: Елбасының суреті, тірек-сызба, еңбектері, «Егеменді елім-мақтанышым менің» буклет, «Қазақстан-менің Отаным» буклет,. слад ,көркем фильм

Барысы. 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Қазақстан - егеменді ел, тәуелсіз ел,

Болашаққа нық басып буынған ел.

Көкке өрлеген, байрақты желбіретіп

Қуаныш пен шатыққа қадам басты ел.

Шартарапта шаттығыңдай азат күн,

Ғасыр сүйіп тұрғандайын ғажап күн!

Көк байрағы, Елтаңбасы, бірлігі,

Шалқи берсін Әнұраны қазақтың!


Қазақстан Республикасының Гимні орындалады.

Миға шабуыл

«ҚР президенті»
Президент тұлғасына суреттеме

Слайд» 1 желтоқсан ҚР президент күні»

Мұғалім: оқушылар елбасы еңбектерінің қандай тақырыптарын оқысаңдар да, ел экономикасын, ел тарихын, ұлт рухын, халықтың салт - санасын дүр сілкіндіріп оятқан ойлар, мол өмірлік тәжірибе, ғибратты тағылым жатқанын көре аламыз. Сондықтан да еліміздің болашаққа үміт күтетін ұрпағы сендер, Елбасының «... садағаң кетейін, айналайын халқым! Сенің жолыңда бойда қуат, ойда нәр - бәрін аянбай сарп етуге пейілмін» немесе «Менде қазақтың елдігін, Қазақстан Республикасының мемлекеттігін нығайтудан басқа мақсат та, арман да жоқ», - деген сияқты сертпен тең тегеурінді ойларын, елім деп еңіреген ерінің жасампаздыққа толы жан сырын, қанатты қағидаларын және өмір жолдарын біліп жүрулерің қажет деп ойлаймын.
1 - оқушы:
Сөйлесіп бір жүрген қай сөзінде де халықты биік қоясың,
Халықпен бір ашығасың да, халықпен бірге тоясың.
Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндері,
Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың.
2 - оқушы:
Халықтың мұңы мұңдайтынын да, халықтың жыры жырлар жыр,
Көкірегіңде көнермей әлі өткен де кеткен жылдар жыр,
Соңына ердік сол ғана бізді жеткізеді деп бақытқа,
Бақытқа баста байтақ еліңді, бақытсыздықтан құр қалдыр.
3 - оқушы:
Нұрсұлтан бар деп нұрыңа сенің шомылғандай боп жүрем мен,
Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген.
Сүйеміз сені, санамыз, сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз,
Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен жіберген.
4 - оқушы:
Жесірге пана, қашанда қамқор боп жүрсің жетімге,
Ананың тілі, баланың тілі сөйлей білесің не тілде.
Қалам тербесек жүрек берді есеп басынан өткен жылдарға,

5 - оқушы: «Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы -
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады - ау кісілік!
6 - оқушы:
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен - кіші, ағайындар - бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
7 - оқушы:
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!


Топтық жұмыс

Блум таксономиясы

ҚР президенті туралы не білесің?

(кестені толтыр)

Блум таксономиясы.
ҚР президенті туралы не білесің?

Кестені толтыр

Кім?

Қашан?

Қайда?

Қалай?

Қандай?

Президент күніне арналған фильм көреді

Сұрақ- жауап . Оқушылар бір- біріне сұрақ қояды

8- оқушы: Төле би сөзімен сынып сағатымызды аяқтаймыз.
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар,
Атадан қалған сара жолым бар.
Президент күніне арналған көркем фильм көрсету

Слайд
«Қазақстан-2050» стратегиясы - Жасампаздықтың жаңа межесі

2013 жылдың 24 сәуір күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Қазақстан-2050» Стратегиясы: «бір халық - бір ел - бір тағдыр» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясы өтті. маңызды мақсат-міндеттерді айқындады:

  • Мемлекеттілікті одан әрі дамыту және нығайту.

  • Экономикалық саясаттың жаңа қағидаттарына көшу.

  • Ұлттық экономиканың жетекші күші - кәсіпкерлікке жан-жақты қолдау көрсету.

  • Жаңа әлеуметтік үлгіні қалыптастыру.

  • Білім беру мен денсаулық сақтаудың қазіргі заманғы және тиімді жүйесін құру.

  • Мемлекеттік аппараттың жауапкершілігін, тиімділігі мен функционалдығын арттыру.

  • Халықаралық және қорғаныс саясатының жаңа сын-қатерлеріне парапар саясат құру.


ЭКСПО 2017

ЭКСПО 2017 - 2017 жылдың 10 шілдесінен бастап 10 қыркүйегіне дейін Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ұйымдастырылатын Халықаралық көрме.

Қ орытынды.
Мұғалім: Біздің президентіміз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі - машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел - ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н. Ә. Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен Отанымызды әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатынымызға күманданған жандар болған екен. Бірақ ар - намысты ту еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.
Ән: «Жаса Қазақстан».


Сынып жетекшісі Хусаинова К .А.

Тәрбие сағаты Елбасы-ел тірегі

Тәрбие сағаты Елбасы-ел тірегі

Тәрбие сағаты Елбасы-ел тірегі

Тәрбие сағаты Елбасы-ел тірегі

Тәрбие сағаты Елбасы-ел тірегі

Тәрбие сағаты Елбасы-ел тірегі

Тәрбие сағаты Елбасы-ел тірегі

© 2010-2022