Қазақстан халқы Ассамблеясы тәрбие сағатына арналған материалдар

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Қазақстан халқы Ассамблеясы тәрбие сағатына арналған материалдар



Қазақстан халқы Ассамблеясы тәрбие сағатына арналған материалдар



Қазақстан халқы Ассамблеясы - 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган.[1] Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Он жеті жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды.

Ассамблеяның қызметі

Қазақстан түрлі халық өкілдерінің әнұран шырқау сәтіБұл бірегей институт еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келеді.Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.Бүгінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған. Этномәдени бірлестіктердің өзінің саны тұрақты өсуде, қазір олар 800-ден асады, оның ішінде 28-і республикалық. 15 тілде газет-журнал, 8 тілде радиобағдарламалар 7 тілде телебағдарламалар шығады. Білім беру толықтай өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп жұмыс істейді. 108 мектепте 22 этностың тілі жеке пән ретінде жүргізіледі. Осымен қатар, балалардан басқа үлкендер де 30 этнос тілдерін оқуға мүмкіндік алған 195 этно-білім беру кешендері, жексенбілік және лингвистикалық мектептер ашылды. Қазақ және орыс театрларын қоспағанда елімізде тағы төрт ұлттық - өзбек, ұйғыр, корей және неміс театрлары жұмыс істейді. Әр жыл сайын Қазақстан этностарының тілдерінде бірнеше ондаған жаңа кітаптар жарық көреді. Жыл сайынға халықтық мерекелер Наурыз, 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, масленица, сабантой дәстүрге айналды. Егер мемлекеттің қалыптасу кезеңінде басты міндет этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісім негізінде қоғамды ұйыстыру болса, ел дамуының жаңа кезеңінде, стратегиялық басымдық ретінде, қоғамның барлық азаматтары мойындаған ортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесіне негізделген Ұлт Бірлігіне жету болып табылады. Сондықтан 2010 жылы сәуірде азаматтық қоғам мен мемлекеттік институттардың, азаматтардың сындарлы ұсыныстарын жинақтаған Қазақстанның Ел Бірлігі Доктринасы қабылданды. Қазақстанның Ел Бірлігі Доктринасы - халықтың, уақыт талабына сәйкес, бірігу қажеттігін түсінуіне негіз. Бұл - бізді қандай күш біріктіреді және біртұтас етеді - соны түсінудің тәсілі. Бұл - болашаққа бірігіп ұмтылудың серпіні.

Қазақстан халқы Ассамблеясы тәрбие сағатына арналған материалдар

Қазақстан халқы Ассамблеясы тәрбие сағатына арналған материалдар


Қазақстан халқы Ассамблеясы тәрбие сағатына арналған материалдар


Қазақстан халқы Ассамблеясы тәрбие сағатына арналған материалдар



Қазақстан халқы Ассамблеясы тәрбие сағатына арналған материалдар

Қазақстан халқы Ассамблеясы тәрбие сағатына арналған материалдар


Қазақстан халқы Ассамблеясы тәрбие сағатына арналған материалдар

Қазақстан халқы Ассамблеясы тәрбие сағатына арналған материалдар



Қазақстан халқы Ассамблеясы тәрбие сағатына арналған материалдар

Қазақстан халқы Ассамблеясы тәрбие сағатына арналған материалдар


Қазақстан халқы Ассамблеясы тәрбие сағатына арналған материалдар

Қазақстан халқы Ассамблеясы тәрбие сағатына арналған материалдар


Татар

Әр халықтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы сол халықтың тұтастай бір келбетін жасауға қатысатын, оның тарих алаңындағы орнын айқындайтын, ұлттық бейнесін қалыптастыратын бірден-бір факторлар деуге болады. Сондықтан, қандай да бір халықтың салт-дәстүрлері мен жол-жоралғыларын оқып-білу, зерттеу сол халықты жақыннан тануға мүмкіндік беретіні анық. Бүгін біз сіздерді татар халқының болмыс-бітімімен таныстырып, олардың ұлттық ерекшеліктеріне тоқталмақпыз.

Жалпы, Қазақстанда тіршілік етуші татар халқының ұлттық мәдени өміріндегі салт-дәстүрлер олардың ғасырлар бойы ұлт ретінде қалыптастырған әдет-ғұрыптарына сәйкес келеді. Солардың бірі және бірегейі Қазан төңкерісіне дейін халық арасында кең тараған ұлттық салт-дәстүрлерінің бірі ескіше жаңа жылдық Наурыз (Нәуруз) мейрамын қарсы алу. 1991 жылдан бастап ұлттық тәуелсіздігімізге қол жеткізген қазақ халқы және қазақ елін Отанына балайтын басқа да ұлттар мен ұлыстар дәл осы Наурыз мейрамын тойлай бастады. Татарлар да Наурыз олардың мұсылман ретіндегі төл мейрамдары болып сонау ғасырлардан тері қалыптасып қалғандықтан бұл үрдістен қалыс қалмай, ұмытылып бара жатқан ұлттық мейрамын тойлауды қайта қолға ала бастады. Қазақстан татарлары Наурыз мейрамы күндері оқушы балаларын үй-үйді аралатып, күлдіргі өлең айтып көршілерін жаңа жыл мерекесімен құттықтайтын бұрынғы үрдісін қайта жаңғыртты. Сәйкесінше, үй иесі балаларды тәтті тағамдармен, кейде боялып піскен жұмыртқамен марапаттайды. Үй иесінің үлкендері балалардың үлкен адамдармен қарым-қатынасына сын көзбен қарап, олардың өткірлігін, тапқырлығын, сөзге шеберлігін мадақтай білген. Балалар бір-бірімен жұмыртқа жарысын, жұмбақ, тақпақ айтысып өнер жарыстырады. Сол арқылы үлкендер көршілерінің балаларын да сынап, тәрбиелейді.

Жалпы татарлардың бұрынғы салт-дәстүрлердің бірсыпырасы сақталып қалған, көбінесе қазақ ауылдарында тұратын татарлар олардың көптеген элементтерін ұлттық болмыс бойына сақтап қалып, ұмытпай, ұрпақтан-ұрпаққа тарата білген. Мәселен, татарлардың ежелгі дәстүрлерінің бірі көктемде өзендерде сең жүре бастағанда жастар «Сеңді шығарып салу» рәсімдерін тойлау. Жастар өзен жағасына жиналып гармон тартып, би билеп, частушка айтып, қамыстан жасалған «адамды» жағып тамашалайды.

Қазақстан татар жастарының көктемдегі тойларының бірі «Қарға ботқасын» өткізу болып саналады. Ол құстардың аймаққа келу құрметін тойлау, құстарға жем шашу, жастардың топталып құстарға арнап өлең айтуы, түрлі ойын ойнауымен өткізіледі. Бұл ауылды жерлерде көктемгі егістің басталу қарсаңында өткізіледі. Ондағы көзделетін мақсат егіннің бітік шығуын, ризықтың мол болуын тілеу болып саналады.

Сондай-ақ көктемдегі құрғақшылық кезінде ауылдың үлкен-кішісі жиналып мал сойып, құдайға жалбарынып аспаннан жаңбыр тілеу (ыңгыр телеу) рәсімін жасаған. Ел жиналып тамақ ішіп, жастар бір-біріне су шашып ойнайтын болған.

Татар халқының ежелгі дәстүрлерінің бірі - көршілердің бір-біріне қора салысуға немесе егін жинасуға, отын жинауға көмектесуі. Оны омә немесе асар деп атайды. Кейде күзді күні семірген қазын бауыздап жүнін жұлысуға көршілерді шақырысады. Қаздың жүнін жұлу да көп адамдардың қатынасуымен орындалатын күрделі жұмыс саналады. Ал қыс кезінде көршілер бір үйге жиналып жүннен шекпен тоқуға көмектеседі. Қыстың басында (желтоқсанның 25 мен 5 қаңтар аралығында) Мордва, Чуваш, Марий, Удмурт халықтарына ортақ атап өтілетін мейрам Нардуган (Нардуман) деп аталады. Онда ауыл үлкендері бір үйге жиналады. Бір адам сайқымазақтың киімін киініп, өңі-түсін өзгертіп келіп көпшілікке өнерін көрсетеді. Көбінесе еркек әйел болып киініп немесе әйел еркектің рөлінде көпшілік алдында өнерін көрсетеді.


© 2010-2022