Сабақ: Наурыз шапағаты 9-класс

Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.ъ Көрнекілігі: «Наурыз - 2015» газеті,  нақыл, қанатты сөздер, киіз үй, дастархан, суреттер көрмесі. Барысы. Кіріспе. Мұғалім: Армысыздар ұстаздар, ата-аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құттты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл ба...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

А.С.Пушкин атындағы орта мектебі













Сыныптас тыс шара:



Тақырыбы:

«Наурыз шапағаты»

\

Өткізген: Елшинбекова Т.













2014-2015 оқу жылы

Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.ъ

Көрнекілігі: «Наурыз - 2015» газеті, нақыл, қанатты сөздер, киіз үй, дастархан, суреттер көрмесі.

Барысы.

Кіріспе.

Мұғалім: Армысыздар ұстаздар, ата-аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құттты болсын!

Наурыз - «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн - біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!

1-жүргізуші: Наурыз - көктем мерекесі.

Наурыз - жыл басы.

Наурыз - жаңа серпін, жаңа леп.

2-жүргізуші: Наурыз - қуаныш мерекесі,

Бақыт пен шаттық мерекесі.

1-жүргізуші: Наурыз - шаруаның мерекесі.

Наурыз - еңбек мерекесі.

2-жүргізуші: Армысыңдар, халайық,

Бармысыңдар, халайық.

Наурыз тойын жұп жазбай

Жылда қарсы алайық.

1-жүргізуші: Қош келдің, Қой жылым, төрлет, Жаңа жыл есігімізден жақсылық боп енсін!

2-жүргізуші: Қадамыңа нұр жаусын қой жылы!

1-жүргізуші: Ал, халайық, тұрмайық,

Әндетейік жырлайық!

Ортамызды ашайық,

Ырыс тілеп бұл жылға,

Жырдан шашу шашайық!

2-жүргізуші: Салт-дәстүрмен жарасса,

Жыр оқиық тамаша.

Жарыса өнер көрсетіп,

Той тойлайық жаңаша.

1-жүргізуші: Қыс өтіп қар кетті,

Жырлайық жаз кетті.

Мейрамы ежелден

Құтты болсын Наурыз!

2-жүргізуші: Наурыз тойы - салтымыз,

Аман болсын халқымыз.

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын!

1-жүргізуші: Әнім де саған, биім де,

Құт қонақ өзің үйімде.

Қуаныш сыйлар еліме,

Күлімде, Наурыз, күлімде.

2-жүргізуші: Күн менен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді,

Қуаныште ел енді.

Наурыз келді салтымыз:

Көгерсін деп халқымыз.

Көшеге тал егеді.

Наурыз тойы - береке, Наурыз тойы - жыр-аңыз.

1-жүргізуші: Наурыз айы - Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен наурыз жыл басы болып саналады.

2-жүргізуші: Ақпан кетті араз боп наурызбен,

Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп.

Көктем жетті көрісіп, жанын үзген,

Қыс аттанды қоштасып тағы бізбен.

Көктем жетті көл-көсіәр шуақ қуып,

Қыс барады қиылып, жылап тұрып.

Шатырында үйлердің наурыз жүр

Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.

Тозған тоңып бойына кие алмай бір,

Қайта барса қарт Аяз сыя алмай жүр.

Асқар таулар атасын шақырады,

Ой мен қырын атасы қия алмай жүр.

Қарар емес наурыз атағына,

Алар емес ақпанды қатарына.

Күні бойы жылаған қарт пенденің

Түні бойы мұз тоңды сақалына.

Ән: «Наурыз - думан».

1-жүргізуші: Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,

Мейірім танысын деп тасып өткен.

Наурыз сән-салтанат, ұлттық рух,

Бақытты наурызы бар халқым неткен!

2-жүргізуші: Халықтың пейілінен жаралғандай,

Сұлу күн шуағынан таралғандай,

Ел мен жер елжірескен, қуанысқан,

Наурызда ажар қандай, арай қандай!

1-жүргізуші: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.

Жарығымен, шуағымен Күн - ана

Алып келді жер бетіне гүл көктем.

2-жүргізуші: Көктем келді. Күн күліп арайланды,

Шын досыңның көктемдей арай жаны.

Күліп аспан, ал дала шаттанғанда

Жылуындай көктемнің тарайды әні.

КӨКТЕМ! Күн нұрын көктен төккен.

КӨКТЕМ! Бақыт дәнін сепкен.

Әлемнің көктем - шалқар мерекесі,

Танытар ырыс-құтын, берекесі.

Наурызда думанын ұластырып,

Мәпелеп, аялаған ел еркесі.

Е.Байтоқов.

1-жүргізуші: Армысың, мейірім мен шуақтың бастауы!

2-жүргізуші: Қош келдің, көрікті көктем айы Наурыз!

Біз өзіңді, думаныңды, шаттығыңды,

Жұмақтай жұпар иісіңді, нөсерлі

Ақ жауыныңды сағындық.

1-жүргізуші: Наурызнама - шат-шадыманды ойын-сауық, той.

Қай жерлерде «наурыз тойы» деп аталады.

Ат жарыс, палуан күрес, басқа да спорт бәсекесі, айтыс, түрлі ойындар, жұмбақтар, ән, өлеңдер, нарузы жырлары айтылады.

2-жүргізуші: Наурыз көже - Наурыз тойына тән, көпшілікке арналған мерекелік тағам. Жеті түрлі дәмнен: сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс тағы сол сияқты тағам түрлерінен жасап, оған қазы, шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурыз көженің тәрбиелік мәні зор. Ол адамдарды жомарттыққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа, атулыққа, бірлікке шақырады.

1-жүргізуші: Арпа, бидай, тары бар,

Қатық, малта, ағы бар.

Ішілетін, жетіннің

Бұл көжеде бәрі бар.

2-жүргізуші: Наурыз жыры - Наурыз мерекесінде айтылатын халық ауыз әдебиетінің түрлерінің бір саласы. Оның түрлері халық арасында өте көп тараған.

1-жүргізуші: Ұлыс күні кәрі-жас

Құшақтасып көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай

Жамырасып өріскен.

2-жүргізуші: Наурыз бата «Наурыз көжеге» шақырғандарға, жалпы жұртшылыққа, ауылға, көпшілікке беріледі.

Өркенің өссін!

Әр күнің Наурыз күніндей берекелі болсын!

Ұлың оңға, қызың қырға қонсын!

Айың тусын солыңнан,

Жұлдызың тусын оңыңнан

Бақ берсін, қыдыр дарысын!

1-жүргізуші: Наурыз жұмбақ. Табиғатқа, аспан әлеміне, ауа райына, күн мен түнге байланысты жұмбақтар.

  1. Жабық астында жарты күлше (ай).

  2. Тал басында түндіксіз отау (құстың ұясы).

2-жүргізуші: Наурыз тілек. Әр адам отбасын немесе жақындарын, дос-жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жақсы тілек тілейді, бір-бірінің үйіне барады.

Төрт түлік ақты болсын!

Өрісің малға, үйің жанға толсын!

1-жүргізуші: Самарқанның көк тасы жібиді. Бұл күні әр адам қателігі болса кешірім сұрауға және ол кешірім беруге тиіс. Кешірмесе, «Бұл күні Самарқанның көк тасы да жібиді, сен тастан қаттысың ба» деп тоқтатады екен. Сол сияқты бұл сөзбен күннің әлемге жылулық әкелетін сәтін де бейнелеп айтқан.

2-жүргізуші: Қашанда құт-береке орнасын деп,

Тойларда шашу шашу - салты елімнің.

Уа, халайық! Теріліп ал несібеңді,

Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!









© 2010-2022