Внеклассное мероприятие (4 класс)

Раздел Классному руководителю
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Алтын қақпа» ойыны.

Мақсаты:

Оқуға ынталандырып,ойын еркін жеткізетіндей тілін байытып,

сана-сезімін кеңейте отырып,білімге деген ізденістері мен

сүйіспеншіліктерін қалыптастыру.

Типі: Қайталау,пысықтау.

Түрі: Ойын.

Әдісі: Сұрақ-жауап,ойлау.

Ойынның барысы:

Ойынға қатысатын оқушыларды ортаға шақыру.

Әрбір оқушы өзін таныстырып өтеді.

1-кезең

Мәңгі бақи есте қалар,

Қызықты бір жиын болсын.

Білімдіден шәкірт озар,

Сұрақтары қиын болсын.

Сұрақтарға жауап беру.Әр дұрыс жауапқа жұлдызшалар беру.

Сұрақтар:

1.Кім? не? сұрағына жауап беретін сөз табы.

2.Қанша? неше? сұрағына жауап беретін сөз табы.

3.Қазақстанда тілдер мерекесі қашан болады?

4.Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады?

5.Мемлекеттік тудың авторы кім?

6.Мемлекеттік елтаңбада не бейнеленген?

7.Әнұранның авторлары кімдер?

/Ең аз жауап берген оқушы ойыннан шығып отырады/

2-кезең

Кубик тастау арқылы әріптерге фонетикалық талдау жасау.

Сол әріпке сөз,сөз тіркесін,сөйлем құрастыру.

3-кезең

Берілген сөздерді орыс тіліне аудар:

1.Әнұран

2.Елтаңба

3.Жалау

4.Тұңғыш

5.Мемлекет

6.астана

7.Бас қала

8.Рәміздер

9.Елбасы

10.Қыран.

4-кезең

«Қазақстан» сөзі жазылған жолақшаны ортаға қойып,

Екі жағына екі оқушыны отырғызып бір буынды сөздер жазғызу.

\берілген уақытта бірдей тоқтатып,жазған сөздерін оқыту\

Осы ойын бойынша жеңімпазды анықтап,құттықтау.

Мақтау қағазы тапсырылады.

Қорытынды:

Ойынға келіп атсалысып отырғандарыңыз үшін

алғысымызды білдіремін.

© 2010-2022