Классный час на тему АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Классный час на тему АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМАта- аналарға арналған коучинг - сессия

Тақырыбы: « Кеш қалмаңыз...»

Мақсаты: Қазіргі күнделікті тіршіліктің қамымен жүріп, мән бермей қалатын мәселелер немесе кеш қалып, опық жеп жататын жағдайлар туралы қозғай отырып, ата- ана мен баланың пікірлерінің ортақ болуына ықпал ету.

Күтілетін нәтиже:

  • Ата- аналар мен балалар күнделікті ұсақ мәселе болғанмен, адамның қалыптасуына зор ықпалы болатын мәселелер төңірегінде ой түюі;

  • Ата- ана мен бала арасындағы қарым- қатынастың сыйластық пен сенімділікке, жауапкершілік пен шынайы сезімге құрылуы;

  • Ата-аналардың балаларының пікірлеріне құлақ салып, қабылдауы;

  • Балалардың ата -анасына деген шексіз махаббаты мен жанашырлығы.

І Қызығушылықты ояту

  1. Сергіту сәті. Көңіл- күйді көтеретін «Гүлдер» бейне- ролигі.

  2. «Балаңыздың бір күні» фото- сессиясы

  3. Топқа бөлу ережесі. Оқушылар парталас көршісімен бірігіп, өздерінің алдында отыратын екі көршісін топқа шақырады. Төрт оқушыдан құралған топ өздеріне төрт ата- анадан қосып алуы керек. Ата- аналарды оқушылармен араластырып, төрт топқа бөлу.

  4. Топтық жұмыс. «Қазақ халқының амандасу дәстүрін» сахналау. (2 минуттан әр топқа). Жеребье арқылы анықталады: жастардың үлкен қариялармен амандасуы; жастардың өзара бір- бірімен амандасуы; құдалардың амандасуы; көптен көріспеген туыстардың амандасуы.

ІІ Мағынаны тану

  1. «Кеш қалмаңыз» бейне- ролигін тамашалау.

  2. Топтық жұмыс. Оқушылар мен ата- аналар бөлек отырады. Роликтегі көріністі топта талдай отырып, қандай мәселелерде тағы да кеш қалмағанымыз дұрыстығын анықтап, бір түйін шығару. Берілген ватманға өздерінің түйінді ойларын жазып немесе сурет түрінде бейнелеп, ортаға шығып қорғау.

  3. «Автопортрет». Нұсқау: әр қатысушыға қос беттен беріледі, өз сипаттамасын тек бір жағына ғана жазу керектігі және 2 минуттан кейін есімдері көрсетілген беттерді мұғалім жинап алынатындығын ескертеді.
    Жаттығу шарты: Сізді таныс емес адаммен кездесу күтіп тұр делік, ол бірден сізді тану үшін өзіңізді сипаттап жазыңыз. Көпшіліктен өзіңізді ерекшелендіріп тұратын белгілеріңізді табыңыз. Бет-әлпетіңізді, жүрісіңізді, сөйлеу мәнеріңізді, киім киісіңізді, зейінді аударарлықтай ым-ишараларыңыз болса т.б...

«Мен басқаның көзімен»
Нұсқау: Тренер алдыңғы жаттығуда алынған автопортреттерді кезекпен оқиды. Қатысушылар кімнің портреті екендігін табу керек. Табылған портрет иесі ортадағы орындыққа отырады.
Жаттығу шарты: Портрет иесіне өзінің беті қайтарылып беріледі. Қалған қатысушылар ол жайында қандай пікірде екенін айтады. Өзін басқаның көзімен қандай екенін анықтауға мүмкіндік алады, өз бағалауымен сәйкес келген қасиеттері тұсына «+» белгісін қою керек, ал мүлдем өзі білмеген жақтарын беттің 2-ші жағына жазып, автопортретін толықтыруна болады.
Рефлексия: кімде қанша сәйкестік бар және жаңадан басқаның көзімен қанша қасиет қосқандығын шеңбер бойынша айтқызу.
Рефлексия келесі жаттығу жүргізілгеннен кейін жасалады.


ІІІ Ой- толғаныс. «Алақандағы мейірім шуағы» тренингі кезінде ата-ана өз алақанындағы мейірім шуағын баласына береді. Баласы анасының мейірімін қабылдап, ата- анадан алған мейірімін өзінің ұрпағына беруі керек. Ата- ана алақанына қандай мейірім шуағын төкті екен? Баласы анасының мейірім шуағын алғанда қандай сезімде болды екен?

Екі жұлдыз, бір пікір. Ата- аналар мен оқушылар бүгінгі өткен коучинг- сессия туралы өздерінің пікірін жазып немесе ауызша қалдырады.













№ 36 қазақ орта мектебі



№ 36 қазақ орта мектебі























Ата - аналарға арналған коучинг







Тақырыбы: Кеш қалмаңыз

Өткізген : Сердалина К. С.

Таумова А.Ж.









Ақтөбе - 2015

Сыйластық

Сенім









Сыйластық

Сыйластық

Сенім





Сенім





Шексіз

махаббат

Шексіз

махаббат

Жауапкершілік

Жауапкершілік

Жауапкершілік

Шексіз

махаббат

© 2010-2022