Ата - аналар жиналысы: Бала көңілін табыңыз!

Раздел Классному руководителю
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тренинг тақырыбы: «Бала көңілін табыңыз!» Қатысатындар: Ата-аналар Мақсаты:Бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы-отбасы, сондықтан ата-ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау,тәрбиелеуге бағыт беру, тәрбие жайлы пікір бөлісу. Қолданылатын әдіс-тәсілдер:түсіндіру,сұрақ-жауап,практикалық тестілеу. Көрнекілігі:Тақырыпқа байланысты нақыл сөздер жазылған плакаттар, маркер, үлестірме қағаздар, тесттер.

Өтілу барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: Тренингтің мақсаты мен тапсырмаларын жариялау. Топ жетекшісімен таныстыру. ІІ.Тренингке қатысушыларды таныстыру . 1. Ойын. «Мен сенімен сұхбаттасқаныма қуаныштымын» атты жаттығу».

Барлығы бір-бірінің қолын ұстап шеңбер құрады.Әркім өзін таныстырып, өзі жайлы бір-екі ауыз сөз айтып,онан соң оң жақтағы көршісі де солай жалғастырады.Қатысушылар түгел танысып болған соң,топтағы адамдар өз көңіл күйлерін айтып шығуды өтінеміз.

2. Топтастыру.

Ата-аналарды алма,өрік деп екі топқа бөлу.Әркім өзі қалаған жеміске барып отырады. Ата-аналарды жиналыс ержесімен таныстыру.

3. Ата-аналарға сауалнама тест тарату.

Сіз қандай ата-анасыз?

Сұрақтарға «иә», «жоқ», «кейде» деп жауап беру арқылы өздеріңізді тексеруге болады.

«Жақсы тәрбиеші,үлгілі ата-ана бола аламыз ба?» деген сауал төңірегінде ойланып көрдік пе?

1.Балалар туралы газет-журнал беттерінде жарияланған материалдарды немесе радио, телехабарларды жүйелі оқып,тыңдап отырасыз ба?

2.Балаңыз бір оғаш әрекет істеп қойса,онда сіздің тәрбиеңіздің нәтижесі бар-ау деп ойлайсыз ба?

3.Егер балаңыз сізге жәрдем берсе,осы кезде оның өз жұмысы бұдан кедергіге ұшырап немесе мүлде тоқтап қалуы мүмкін екендігіне қарамастан қабылдар ма едіңіз?

4.Бұйыру немесе тыйым салу сияқты шараларды сіз тек қажет кезінде ғана қолданасыз ба?

5.Балаға оның айналасындағылардың үлкен әсер ететіндігін сезінесіз бе?

6.Спорттың баланың жан-жақты дамуында маңызы зор екендігін ескересіз бе?

7.Сіз балаңыздың бір нәрсені орындау жөнінде талап тұрғысынан емес,өтініп сұрап көрдіңіз бе?

8.Балаңыздың әр түрлі сылтаулармен «құтылуға тырысуы» сізге ыңғайсыздық туғызбай ма?(Жауап парағы алынады)

Сауалнаманың қорытындысы:Әрбір мақұлдау жауапқа-2 ұпай, ал «кейде» деген жауапқа-1 ұпай, ал «қарсы» жауабыңызға-0 ұпайдан қойыңыз.

6 ұпайдан төмен- бала тәрбиесі туралы түсінігіңіз көмескі екенін көрсетеді.

7-10 ұпай- сіз бала тәрбиесінде қателік жіберіп аласыз, олқы тұстарыңыз баршылық.

15 ұпайдан жоғары-ата-аналық парызыңызды жақсы атқарып жүрсіз.

4. «Ең,ең ... » пікірталасы

Қатысушылармен мынадай сұрақтар төңірегінде пікірталас жүргіземін:

1Өмірде сіздер үшін не маңызды?

2.Балаңыз сабақтан келгенде қалай қарсы аласыз және қандай сұрақтар қоясыз?

3.Балаға өз жеке басыңыз арқылы қалай үлгі-өнеге көрсетесіз?

4.Отбасының негізгі міндеті не деп ойлайсыз?

5.Балаңыз кездейсоқ сәтсіздіктерге ұшыраса, оған қалай қарайсыз?

6.Отбасындағы психологиялық оңды ахуал,татулық пен тыныштық, жайдары қабақ, кең пейіл берекенің бала үшін тәрбиеде маңыздылығы қаншалықты ? 5. «Түйінді сөзді мен айтамын» стратегиясы : «Бала көңілін қалай табуға болады?» деген сұрақты әр ата-ана топтарында талқылап,бір байламға келіп, ой түйінін ортаға жеткізіп ,айтып береді.

6.Ата-аналарға кеңес. 1.Отбасындағы психологиялық ахуал, татулық пен тыныштық,жайдары қабақ, бейіл береке-оның барлық мүшелерінің ырысы ойға алған істерінің өрге басып, мақсаттарының жүзеге асуының кепілі.

2.Бала- ата-анасының физиологиялық,психо-әлеуметтік көшірмесі.Ол бойындағы барлық нышандарды ата-анасынан тұқым қуалау арқылы алады.Ал дүниеге келіп,отбасындағы өмірлік ортаға түскенде ең алдымен, бала тұлғасының дамуына оның ата-анамен қарым-қатынасы әсер етеді.

3.Жанұяда балаға орынсыз ұзақ әңгіме айтып, шұбалаңқы ақыл айта беру де пайдасыз.

4.Бала ісіндегі кездейсоқ болған бір сәтсіздікті қазбалай бермей,ескерту жасаса жеткілікті.

5.Балаға аса байыппен қарау керек ,мейлі ол әлжуаз немесе дәрменсіз болсын,болашағынан үміт үзбеген жөн. 7.Жүректен жүрекке (Ата-аналар шеңберге тұрып, жүрекшені кезек-кезек бір-біріне беру арқылы жүрекжарды жылы-жылы тілектерін айтады).

ІІІ.Қорытынды. бүгінгі тренингке қатысқан ата-аналарға алғысымды білдіремін.


© 2010-2022