Шығармашылық жұмыс Қазақ үй. Еңбек пәні. (4сынып)

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шығармашылық жұмыс. Еңбек пәні 4 сынып.

Тақырыбы: Моншақпен қазақ үй тоқу

Мақсаты: Оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, іскерлігін дамыту.

1.Білімділік: сапалы- өнім дайындауда шеберлікке, ұқыптылыққа үйрету, қолөнерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Жұмысты ұйымдастырып, керекті материалдарды тиімді, ұқыпты пайдалана білу.

2.Дамытушылық: бұйым жасап үйрену, ой саналарын жетілдіру, икемділікке, іскерлікке, өнерге баулу.

3.Тәрбиелік:қолөнерді игеру арқылы халқының тарихи құндылықтарын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, кәсіби ісіне қажетті эстетикалық, этникалық, ұлттық қасиеттерді қалыптастыру.





Қазақ үй - «Атамыз - Алаш, керегеміз ағаш», «Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз» деп, аталы сөз айтып қалдырған ата - бабаларымыздың негізгі баспанасы. Қазақ үй - қазақ халқының ұлттық мұрасы. Қазақ үй тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі, тіпті оған көршілес елдердің де тұрақ - мекені. Біздің заманымызға дейінгі ғасырларда пайда болған қазақ үйді біздің халық қасиетті, киелі шаңырағымыз деп дәріптейді. Өйткені қазақ үй қазақтың тұрағы, құтты мекен - жайы, баспанасы, мүлкі, мақтанышы деп бағаланды. Тағы бір ерекше айта кететін жай: біздің қазақ үйіміз тек баспана ғана емес, ол сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды десек те болады.

Шығармашылық жұмыс Қазақ үй. Еңбек пәні. (4сынып)

Қажетті құрал-жабдықтар:

  1. Түрлі-түсті моншақтар

  2. Жилка жіп

  3. Қайшы

  4. Киіз

  5. Желім

  6. двп

Орындау жолы

Графикалық бейнелеу

1.

Эскизін салу

Шығармашылық жұмыс Қазақ үй. Еңбек пәні. (4сынып)

2.

Моншақ түстерін таңдау:

Ақ, қызыл, жасыл, сары түстер.

Шығармашылық жұмыс Қазақ үй. Еңбек пәні. (4сынып)

3.

Қазақ үйдің керегесін тоқу жолдары:


1.

Шығармашылық жұмыс Қазақ үй. Еңбек пәні. (4сынып)

2.

Шығармашылық жұмыс Қазақ үй. Еңбек пәні. (4сынып)

3.

Шығармашылық жұмыс Қазақ үй. Еңбек пәні. (4сынып)

4.

Шығармашылық жұмыс Қазақ үй. Еңбек пәні. (4сынып)


Осы әдіспен керегені аяғына дейін тоқимыз, қызыл сары түсті моншақпен ою жасаймыз.



5.

Шығармашылық жұмыс Қазақ үй. Еңбек пәні. (4сынып)



4.

Уықтың тоқылу жолдары:

А)1-қатар - 4 моншақтан тұрады:

Шығармашылық жұмыс Қазақ үй. Еңбек пәні. (4сынып)

Ә) 2-қатар - 6 моншақтан тұрады

Б) 3- қатар - 5,6 моншақ кезектеседі

В) 4- қатар - 4 моншақ

Г) 5- қатар - 6 моншақ

Д) 6-қатар - 6моншақ

Е) 7-қатар- 5моншақ

Ж) 8- қатар- 4 моншақ

Шығармашылық жұмыс Қазақ үй. Еңбек пәні. (4сынып)

5.

Шаңырақ

Шығармашылық жұмыс Қазақ үй. Еңбек пәні. (4сынып)



6.


Кереге мен уықты біріктіріп қосу


1.

Шығармашылық жұмыс Қазақ үй. Еңбек пәні. (4сынып)

2.

Шығармашылық жұмыс Қазақ үй. Еңбек пәні. (4сынып)

7.

Қазақ үйдің есігі

1.

Шығармашылық жұмыс Қазақ үй. Еңбек пәні. (4сынып)


2.

Шығармашылық жұмыс Қазақ үй. Еңбек пәні. (4сынып)


8.

Қазақ үйді жабдықтау сәндеу

Шығармашылық жұмыс Қазақ үй. Еңбек пәні. (4сынып)

Қазақ үйді көзімен көріп, оған түнеп шыққан сырт жолаушының таңданыспен жазбағаны жоқ десе болғандай. Мысал ретінде қытайдың айтулы ақыны Бо Цзюийдің (772-846 жж.) «Киіз үйі» деп аталатын өлеңін белгілі ақын Несіпбек Айтовтың аударуында келтіріп көрелік:

Киізіне жүні кеткен мың қойдың,

Шаңырағы қайыңнан күнгейдің.

Әрі берік, әрі ыңғайлы, әрі әсем,

Дей алмаймын ағашына мін қойдым.

Сайын дала оның мекен тұрағы,

Бірде көрсең терістікте тұрады.

Сарбаздармен бірге көшіп сағымдай,

Бір қарасаң түстік жақтан шығады.

Шым жібектен мықты белбеу байлаған,

Қозғалта алсын қандай дауыл, қай боран?!

Кірсең жылы, іші қыз-қыз қайнаған,

Көк жиектей дөп-дөңгелек айналаң.

Тауқыметтің тартып едім талайын,

Бұл киіз үй болды менің сарайым.

Айлы күнге көлеңкесі-ай көлбеген,

Қыста онымен бірге өтеді санайым.

Туырлықтың сыртын қырау шалса да,

Ызғар өтпес боран соқсын қаншама,

Сән-салтанат іші кірсең шыққысыз,

Көрген пенде таңдай қағар тамсана.

Жыршы төрде, бұлбұл құстай сайрайды,

Бақсы билеп от басында ойнайды.

Балдай қымыз балбыратып денеңді,

Алпыс екі тамырыңды бойлайды.

Қою түннің құшағында аунаған,

Қандай ғажап жалынды ошақ лаулаған!

От сәулесі аймалайды іргені,

Дірілдеген қызыл гүлден аумаған.

Кең ашылып түнгі ауаның құшағы,

Қасиетті түтін көлбеп ұшады.

Сіл сейілсе,кенет көктем суындай,

Тасқындаған өлең көпті құшады.

Мұнда отырған жанда қандай бар қайғы,

Ұжымаққа шақырсаң да бармайды.

Шөп күркеде күн кешкендер күйбеңмен,

Май тоңғысыз қыста-дағы жаурайды.

Сопылар да киіз үйді армандап,

Пысық айда қарызданар қалбаңдап.

Мен осында ұрпағымды өрбітіп,

Дәм-тұзымды жаям келген жанға арнап.

Салтанатты сарайына патша мас,

Сарай барлық үмітіңді ақтамас.

Сарайыңа бермеймін мен баспа-бас!-деп жырлаған


© 2010-2022